Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын және парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының тізілімін салық саясаты саласындағы уәкілетті органға беру мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 133 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 55-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидалары және парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының тізілімін салық саясаты саласындағы уәкілетті органға беру мерзімдері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберуді және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жұманғарин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрінің
2025 жылғы 28 сәуірдегі
№ 133 бұйрығымен бекітілді

Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидалары және парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының тізілімін салық саясаты саласындағы уәкілетті органға беру мерзімдері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидалары және парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының тізілімін салық саясаты саласындағы уәкілетті органға беру мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 55-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін және парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының тізілімін салық саясаты саласындағы уәкілетті органға беру мерзімдерін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) мемлекеттік органдар функцияларының тізілімі – орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар функцияларының сыныпталған тізбесі;

      3) парафискалдық төлемдер – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функцияларын бәсекелес ортаға беру нәтижесінде қызметтер көрсететін және қоғамдық маңызы бар мақсаттарды көздейтін жекелеген заңды тұлғалардың пайдасына жеке және заңды тұлғалар төлейтін, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін міндетті нысаналы төлемдер;

      4) парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – уәкілетті орган орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар ұсынған мәліметтер негізінде қалыптастыратын функциялар тізбесі;

      5) салық саясаты саласындағы уәкілетті орган – салық саясаты саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі және парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының тізілімін салық саясаты саласындағы уәкілетті органға беру мерзімдері

      3. Уәкілетті орган тізілімді қалыптастыру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік органдар функцияларының тізілімі негізінде жасалған, есепті кезеңде парафискалдық төлемдерге алып келетін, бәсекелес ортаға берілген функциялардың тізбесін беру туралы сұрау салуды жыл сайын 20 (жиырмасыншы) қаңтарға дейін жібереді.

      4. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының тізілімі бойынша ақпаратты сұрау салуды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      5. Уәкілетті орган ұсынылған ақпаратты қарау нәтижелері бойынша оның толық емес екендігін анықтаған жағдайда ұсынылған ақпаратты пысықтау қажеттігі туралы ұсынымдарды орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органға 15 ақпанға дейін жібереді.

      6. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы орган ұсынымды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ақпаратты пысықтап, оны уәкілетті органға қайта жібереді.

      7. Уәкілетті орган алынған ақпарат негізінде жыл сайын 10 (оныншы) наурыздан кешіктірмей тізілімді қалыптастырады және оны парафискалдық төлемдердің тізілімін жүргізетін және олардың сақталуы, таратылуы немесе бюджетке берілуі тұрғысынан оларды талдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментіне жібереді.

      8. Парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функциялары болмаған кезде тізілім қалыптастырылмайды.

  Мемлекеттік органдардың өзара
|іс-қимыл жасау қағидаларына
және парафискалдық төлемдерге
алып келетін, орталық және
(немесе) жергілікті атқарушы
органдардың бәсекелес ортаға
берілген функцияларының
тізілімін салық саясаты
саласындағы уәкілетті
органға беру мерзімдеріне
қосымша

      Нысан

Парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының тізілімі

Мемлекеттік органның атауы

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның бәсекелес ортаға берілген функциясының атауы

Парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциясын бәсекелес ортаға беру нәтижесінде қызмет көрсететін заңды тұлғаның атауы

Парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функциясын бәсекелес ортаға беру нәтижесінде қызмет көрсететін заңды тұлғаларға төленген шығыстардың сомасы
(мың теңге)

Барлығы

Парафискал дық төлемдерге алып келетіні (иә/жоқ)







Об утверждении Правил взаимодействия государственных органов и сроков предоставления реестра функций центральных и (или) местных исполнительных органов, переданных в конкурентную среду, влекущих парафискальные платежи, в уполномоченный орган в области налоговой политики

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 апреля 2025 года № 133

      В соответствии с пунктом 2 статьи 55 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила взаимодействия государственных органов и сроки предоставления реестра функций центральных и (или) местных исполнительных органов, переданных в конкурентную среду, влекущих парафискальные платежи, в уполномоченный орган в области налоговой политики.

      2. Департаменту развития системы государственного управления Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего приказа его направление для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан после официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра –
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
С. Жумангарин

  Утверждены
приказом Заместителя
Премьер-Министра – Министра
национальной экономики
Республики Казахстан
от 28 апреля 2025 года № 133

Правила взаимодействия государственных органов и сроки предоставления реестра функций центральных и (или) местных исполнительных органов, переданных в конкурентную среду, влекущих парафискальные платежи, в уполномоченный орган в области налоговой политики

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила взаимодействия государственных органов и сроки предоставления реестра функций центральных и (или) местных исполнительных органов, влекущих парафискальные платежи, в уполномоченный орган в области налоговой политики (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 55 Бюджетного кодекса Республики Казахстан и определяют порядок взаимодействия государственных органов и сроки предоставления реестра функций центральных и (или) местных исполнительных органов, переданных в конкурентную среду, влекущих парафискальные платежи, в уполномоченный орган в области налоговой политики.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) уполномоченный орган в сфере развития системы государственного управления (далее – уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию по передаче функций центральных и (или) местных исполнительных органов в конкурентную среду;

      2) реестр функций государственных органов – классифицированный перечень функций центральных государственных и местных исполнительных органов;

      3) парафискальные платежи – обязательные целевые платежи, устанавливаемые законами Республики Казахстан, которые уплачиваются физическими и юридическими лицами в пользу отдельных юридических лиц, оказывающих услуги в результате передачи функции центрального и (или) местного исполнительного органа в конкурентную среду, и преследующих общественно значимые цели;

      4) реестр функций центральных и (или) местных исполнительных органов, переданных в конкурентную среду, влекущих парафискальные платежи (далее – реестр) – перечень функций, формируемый уполномоченным органом на основании сведений, представленных центральными и (или) местными исполнительными органами;

      5) уполномоченный орган в области налоговой политики – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в сфере налоговой политики.

Глава 2. Порядок взаимодействия государственных органов и сроки предоставления реестра функций центральных и (или) местных исполнительных органов, переданных в конкурентную среду, влекущих парафискальные платежи, в уполномоченный орган в области налоговой политики

      3. Для формирования реестра уполномоченный орган ежегодно до 20 (двадцатого) января направляет запрос в центральные и местные исполнительные органы о предоставлении перечня функций, переданных в конкурентную среду, влекущих парафискальные платежи, в отчетном периоде, составленный на основе реестра функций государственных органов.

      4. Центральные и местные исполнительные органы не позднее 10 (десяти) рабочих дней со дня получения запроса предоставляют информацию по реестру функций центральных и (или) местных исполнительных органов, переданных в конкурентную среду, влекущих парафискальные платежи, по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      5. По результатам рассмотрения представленной информации в случае установления его неполноты уполномоченный орган до 15 (пятнадцатого) февраля направляет рекомендации в центральный и (или) местный исполнительный орган о необходимости доработки представленной информации.

      6. Центральный и (или) местный исполнительный орган со дня получения рекомендаций в течение 10 (десяти) рабочих дней дорабатывает информацию и повторно направляет ее в уполномоченный орган.

      7. Уполномоченный орган ежегодно не позднее 10 (десятого) марта на основе полученной информации формирует реестр и направляет его в Департамент налоговой и таможенной политики Министерства национальной экономики Республики Казахстан, который ведет реестр парафискальных платежей и осуществляет анализ на предмет их сохранения, упразднения или передачи в бюджет.

      8. Реестр не формируется при отсутствии функций центральных и местных исполнительных органов, подлежащих передаче в конкурентную среду, влекущих парафискальные платежи.

  Приложение
  к Правилам взаимодействия
  государственных органов
  и срокам предоставления реестра
  функций центральных и (или)
  местных исполнительных органов,
  переданных в конкурентную среду,
  влекущих парафискальные платежи,
  в уполномоченный орган в области
  налоговой политики

      Форма

Информация по реестру функций центральных и (или) местных исполнительных органов, переданных в конкурентную среду, влекущих парафискальные платежи

Наименование государственного органа

Наименование функции центрального и (или) местного исполнительного органа, переданной в конкурентную среду

Наименование юридического лица, оказывающего услуги в результате передачи функции центрального и (или) местного исполнительного органа в конкурентную среду, влекущей парафискальные платежи

Сумма расходов, уплаченных юридическим лицам, оказывающим услуги в результате передачи функции центрального и (или) местного исполнительного органа в конкурентную среду, влекущей парафискальные платежи (тыс. тенге)

Всего

влекущей парафискальные платежи
(да/нет)