Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджет кірістерін болжау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жұманғарин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 138 бұйрығымен бекітілген |
Бюджет кірістерін болжау әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бюджет кірістерін болжау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 52-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Жергілікті бюджетке кірістерді болжау облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен Әдістеме негізінде жүзеге асырылады.
3. Жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетке, жергілікті бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына кірістерді болжау "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне, Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Республикалық бюджетке, жергілікті бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына кірістерді болжау кезінде елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (бұдан әрі – ӘЭДБ) макроэкономикалық көрсеткіштері және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарлары номиналды мәнде пайдаланылады.
Кірістердің болжамды түсімдерін есептеуде салық есептілігінің көрсеткіштері (салықтардың есептелуі, түсуі, салықтар мен алымдар бойынша берешек, салық базасы туралы), мемлекеттік статистика деректері, мемлекеттік органдардың материалдары пайдаланылады.
5. Республикалық бюджетке, жергілікті бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жоспарлы кезеңге кірістерді болжау кезінде Салық кодексіне және Бюджет кодексіне енгізілген өзгерістер ескеріледі.
6. Республикалық бюджетке, жергілікті бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына кірістерді болжау Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары және кіші сыныптары бойынша жүзеге асырылады.
7. Республикалық бюджетке, жергілікті бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына кірістерді болжау оңтайлы болжамды көрсеткіштерді айқындау мақсатында есептеудің бірнеше әдісімен жүзеге асырылады.
8. Республикалық бюджетке, жергілікті бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жоспарлы кезеңге арналған кірістердің болжамын айқындау кезінде база үшін ағымдағы қаржы жылы бойынша түсімдерді бағалау қабылданады.
9. Кірістерді бағалауды есептеу әдістері салық түсімдерін болжау кезінде есептеу негізі ретінде қабылданатын базаға байланысты әр түрлі болады.
2-тарау. Республикалық бюджетке кірістерді болжау
1-параграф. Салық түсімдері
10. Болжамдарды есептеу негізіне нақты базамен байланысы бар немесе оның шамасын айқындайтын салық базасы немесе макроэкономикалық көрсеткіштер қабылданатын салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша ағымдағы қаржы жылы бойынша түсімдерді бағалауды есептеу мынадай әдістермен жүзеге асырылады:
1) мынадай формула бойынша тиісті салық базаларына салық мөлшерлемелерін қолдану жолымен тікелей шот:
Pбағ = NB * S, мұндағы:
Pбағ – ағымдағы қаржы жылы бойынша кірістер түсімдерін бағалау;
NB – салық базасы;
S – Салық кодексінде белгіленген мөлшерлеме;
2) макроэкономикалық көрсеткіштерге және формула бойынша тиімді мөлшерлемеге сүйене отырып:
Pбағ = MP * Sесеп;
Sесеп = Pесеп/MPесеп * 100%, мұндағы:
Pбағ – ағымдағы қаржы жылы бойынша кірістер түсімдерін бағалау;
MP – ағымдағы қаржы жылын бағалау бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің параметрлері;
Sесеп – есепті қаржы жылы үшін тиімді мөлшерлеме, %;
Ресеп – есепті қаржы жылындағы салықтардың нақты түсімдері;
MPесеп – есепті қаржы жылындағы макроэкономикалық көрсеткіштердің параметрлері;
3) есепті қаржы жылындағы белгілі бір кезеңдегі нақты түсімдердің үлес салмағы бойынша, формула бойынша:
Pбағ = Pф(ағ)/Uесеп;
Uесеп= Pф(ағ)/Pесеп * 100, мұндағы:
Pбағ – ағымдағы қаржы жылы бойынша түсімдерді бағалау;
Pф(ағ) – ағымдағы қаржы жылы бойынша белгілі бір кезеңдегі нақты түсімдер;
Uесеп – есепті қаржы жылындағы ұқсас кезеңнің үлес салмағы, %;
Pф(есеп) – есепті қаржы жылының ұқсас кезеңіндегі нақты түсімдер;
Pесеп – есепті қаржы жылындағы нақты түсімдер;
4) ағымдағы қаржы жылы бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсім бойынша, формула бойынша:
Pбағ = Pф(ағ) /Kф(ағ) * 12, мұндағы:
Pбағ – ағымдағы қаржы жылы бойынша түсімдерді бағалау;
Pф(ағ) – ағымдағы қаржы жылы бойынша белгілі бір кезеңдегі нақты түсімдер;
Kф(ағ) – ағымдағы қаржы жылының белгілі бір кезеңіндегі айлар саны;
12 – жылдағы айлар саны;
5) есепті қаржы жылындағы нақты түсімдерді инфляция деңгейіне индекстеу жолымен, формула бойынша:
Pбағ = Pесеп * (100% + Iбағ), мұндағы:
Pбағ – ағымдағы қаржы жылы бойынша түсімдерді бағалау;
Pесеп – есепті қаржы жылындағы нақты түсімдер;
Iбағ – ағымдағы қаржы жылы бойынша инфляция деңгейі, %;
6) егер ол формула бойынша үш жылдан аспайтын жағдайда, кірістердің тиісті түрінің түсуінің кемінде үш жылы немесе бүкіл кезеңі үшін жылдық кірістер көлемінің өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеп:
Pбағ = Pесеп * Trорт, мұндағы:
Pбағ – ағымдағы қаржы жылы бойынша түсімдерді бағалау;
Pесеп – есепті қаржы жылындағы нақты түсімдер;
Trорт – үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %, бұл ретте:
Trорт = (Trесеп(1жыл) + Trесеп(2жыл) + Trесеп(3жыл))/3, мұндағы:
Trесеп(1жыл) – бірінші жыл түсімдерінің өсу қарқыны, %;
Trесеп(2жыл) – екінші жыл түсімдерінің өсу қарқыны, %;
Trесеп(3жыл) – үшінші жыл түсімдерінің өсу қарқыны, %;
7) формула бойынша экстраполяция жолымен:
Pбағ = Pесеп + Sорт, мұндағы:
Pбағ – ағымдағы қаржы жылы бойынша түсімдерді бағалау;
Pесеп – есепті қаржы жылындағы нақты түсімдер;
Sорт – өсім сомасы орта есеппен үш жыл ішінде, бұл ретте:
Sорт = ((Sесеп (1 жыл) – Sесеп(өт.жыл)) + (Sесеп (2 жыл) – Sесеп (1 жыл)) + (Sесеп (3 жыл) – Sесеп (2 жыл)))/3, мұндағы:
Sесеп(өт. жыл) – бірінші жылдың алдындағы жылдың түсімдерінің сомасы;
Sесеп(1 жыл) – екінші жылдың алдындағы бірінші жыл түсімдерінің сомасы;
Sесеп(2 жыл) – үшінші жылдың алдындағы екінші жыл түсімдерінің сомасы;
Sесеп(3 жыл) – ағымдағы қаржы жылының алдындағы үшінші жыл түсімдерінің сомасы.
11. Ағымдағы қаржы жылы бойынша түсімдерді бағалауды айқындау кезінде нақты түсімдерден жүйелік емес сипаттағы және өндірістік қызметке тәуелді емес біржолғы төлемдер, атап айтқанда, уақытша факторлар (бағалардың ауытқуы, құрылымдық өзгерістер) есебінен алынған жылдық қайта есептеулердің ірі мөлшері, салықтық тексерулер актілері бойынша қосымша есептелген сомалар алып тасталады.
12. Есептеулерде салықтық және кедендік әкімшілендіруді қоспағанда, уәкілетті органдардың деректері ескеріледі.
13. Есептеулерде Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған бюджеттің тікелей шығындары ескеріледі.
2-параграф. Корпоративтік табыс салығы
13. Бюджет Кодексінің 23-бабына сәйкес мұнай секторы ұйымдарынан (бұдан әрі – ірі кәсіпкерлік субъектілерінен КТС) түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік табыс салығы бойынша болжам жалпы қосылған құн көлемінің (бұдан әрі – ЖҚҚ), ӘЭДБ-нің мұнайға қатысты емес секторын, ӘЭДБ-нің мұнай екінші және үшінші секторларын, мынадай формула бойынша тиімді салық мөлшерлемесі негізінде айқындалады:
KРNб = KРNб1 + KРNб2, мұндағы:
KРNб – ірі кәсіпкерлік субъектілерінің КТС жалпы болжамды сомасы;
РNб1 = (V жққ (б.) * Sесеп) + NA, мұндағы:
KРNб1 – мұнайға қатысты емес сектордың ірі кәсіпкерлік субъектілерінің КТС болжамды сомасы;
V жққ (б) – мұнайға қатысты емес сектордың ЖҚҚ болжамды көлемі;
Sесеп – есепті қаржы жылы үшін мұнайға қатысты емес сектордың ірі кәсіпкерлік субъектілерінен КТС тиімді мөлшерлемесі, %;
NA – салықтық және кедендік әкімшілендіру (номиналды мәнде мұнай емес сектордың ӘК-не 0,3%), бұл ретте:
Sесеп = KРNесеп/Vжққ(есеп) * 100, мұндағы:
KРNесеп – есепті қаржы жылындағы мұнайға қатысты емес сектордың ірі кәсіпкерлік субъектілерінен КТС нақты түсімдері;
Vжққ(есеп) – есепті қаржы жылындағы мұнайға қатысты емес сектордың ЖҚҚ көлемі;
KРNб2 = ((Vжққ(б.м2) + Vжққ(.б.м3)) * Sесеп) + NA, мұндағы:
KРNб2 – екінші және үшінші мұнай секторының ЖҚҚ қалыптастыратын, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін КТС болжамды сомасы;
Vжққ(б.м2) – мұнай қайталама секторының ЖҚҚ болжамды көлемі;
Vжққ(б.м3) – мұнай үшінші секторының ЖҚҚ болжамды көлемі;
Sесеп – есепті қаржы жылы үшін қайталама және үшінші мұнай секторының ЖҚҚ қалыптастыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінен КТС тиімді мөлшерлемесі, %;
NA – салықтық және кедендік әкімшілендіру (атаулы мәнде ӘЭДБ мұнай екінші және үшінші секторларының ЖҚҚ-на 0,3%), бұл ретте:
Sесеп = KРNесеп/(Vжққ(есеп.м2)+ Vжққ(есеп.м3)) * 100, мұндағы:
KРNесеп – есепті қаржы жылында қайталама және үшінші мұнай секторының ЖҚҚ қалыптастыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінен КТС нақты түсімдері;
Vжққ(есеп.м2) – есепті қаржы жылындағы ӘЭДБ мұнай қайталама секторының ЖҚҚ көлемі;
Vжққ(есеп.м3) – есепті қаржы жылындағы ӘЭДБ мұнай үшінші секторының ЖҚҚ көлемі.
14. Тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде салықтың нақты түсімдерінен жүйелік емес және өндірістік қызметке тәуелді емес біржолғы төлемдер, атап айтқанда, уақытша факторлар (бағалардың ауытқуы, құрылымдық өзгерістер) есебінен алынған жылдық қайта есептеулердің ірі мөлшері және салықтық тексерулер актілері бойынша қосымша есептелген сомалар алып тасталады.
15. Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен КТС бағалау мынадай әдістермен:
1) макроэкономикалық көрсеткіштерді және тиімді мөлшерлемені қолдану арқылы;
2) есепті қаржы жылындағы белгілі бір кезеңдегі нақты түсімдердің үлес салмағы бойынша есептеледі.
3-параграф. Қосылған құн салығы
16. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) болжамы ӘЭДБ-ға сәйкес болжанатын жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) және мынадай формула бойынша тиімді мөлшерлеме негізінде айқындалады:
NDSішкі(б) = (Vжққ(б) * S) – X(б) + NA, мұндағы:
NDSішкі(б) – ҚҚС болжамды сомасы;
Vжіө (б) – ЖІӨ болжамды көлемі;
S – 2,4 % мөлшеріндегі ҚҚС тиімді мөлшерлемесі;
X(б) – ҚҚС қайтарудың болжамды сомасы;
NA – салықтық және кедендік әкімшілендіру (номиналды мәнде ЖІӨ-ге 0,2%), бұл ретте:
Х(б) = Х(бағ) *Vэкс%, мұндағы:
Х(б) – ҚҚС қайтарудың болжамды сомасы;
Х(бағ) – ағымдағы жыл бойынша ҚҚС қайтаруды бағалау;
Vэкс(п) – экспорттың болжамды өсу қарқыны, %
17. Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға ҚҚС бойынша болжам импорттың болжамды көлемі, ӘЭДБ-ға сәйкес теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы және мынадай формула бойынша тиімді мөлшерлеме негізінде айқындалады:
NDSим(б) = (Vим(б) * S) + NA, мұндағы:
NDSим(б) – импортталатын тауарларға ҚҚС-тың болжамды сомасы;
Vим(б) – импорттың болжамды көлемі, теңгемен;
S(есеп) – есепті қаржы жылы үшін ҚҚС тиімді мөлшерлемесі, %;
NA – салықтық әкімшілендіру (импорт көлеміне 0,2%), бұл ретте:
S(есеп)= NDSим(есеп) /Vим(есеп) * 100, мұндағы:
NDSим(есеп) – есепті қаржы жылы үшін импортталатын тауарларға ҚҚС-тың нақты түсімдері;
Vим(есеп) – есепті қаржы жылы бойынша импорт көлемі теңгемен.
18. Салық бойынша тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде салықтың нақты түсімдерінен жүйелік емес сипаттағы біржолғы төлемдер (салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша қосымша есептеулер, қате есептелген сомалар) алып тасталады.
19. ҚҚС бағасы келесі әдістермен:
1) макроэкономикалық көрсеткіштерді және тиімді мөлшерлемені қолдану арқылы;
2) есепті қаржы жылындағы белгілі бір кезеңдегі нақты түсімдердің үлес салмағы бойынша есептеледі.
4-параграф. Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға салынатын акциздер
20. Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциздердің түсу болжамын есептеу акцизделетін өнімнің түрлері бойынша жеке-жеке ӘЭДБ-ға сәйкес импорттың болжанатын көлемі негізінде айқындалады және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Ап = Абағ * Vим(б), мұндағы:
Аб – акциздің болжамды сомасы;
Абағ – ағымдағы қаржы жылы бойынша акциз түсімдерін бағалау;
Vим(б) – импорт көлемінің болжамды өсу қарқыны, %.
21. Акциздерді бағалау келесі әдістермен:
1) макроэкономикалық көрсеткіштерді қолдану арқылы;
2) есепті қаржы жылындағы белгілі бір кезеңдегі нақты түсімдердің үлес салмағы бойынша есептеледі.
22. Есептеулерде Салық кодексіне сәйкес акциздер мөлшерлемелерінің өзгерістері ескеріледі.
5-параграф. Мұнай секторы ұйымдарының түсімдерін қоспағандағы бонустар
23. Мұнай секторы ұйымдарын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылардан бонустар түсімдерінің болжамы соңғы үш жылғы түсімдер серпіні негізінде анықталады.
6-параграф. Кең таралған пайдалы қазбаларды, жер асты суларын, емдік балшықтарды және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық
24. Кең таралған пайдалы қазбаларды, жер асты суларын, емдік балшықтарды және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық (бұдан әрі – ПҚӨС) түсімдерінің болжамын есептеу тау-кен өндіру өнеркәсібінің болжанатын ЖҚҚ және ӘЭДБ сәйкес карьерлерді игеру негізінде айқындалады және мынадай формула бойынша жүргізіледі:
NDPIб = NDPIбағ * Ттау кен(б) /100, мұндағы:
NDPIб – ПҚӨС болжамды сомасы;
NDPIбағ – ағымдағы қаржылық жыл бойынша ПҚӨС түсімдерін бағалау;
Ттау кен(б) – тау-кен өнеркәсібінің және ашық кеніштерді өңдеудің ЖҚҚ болжамды өсу қарқыны, %.
25. ПҚӨС бағалау мынадай әдістерімен:
1) макроэкономикалық көрсеткіштерді пайдалану арқылы;
2) есепті қаржылық жылдың белгілі бір кезеңіндегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес салмағы бойынша;
3) ағымдағы қаржылық жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсімдер бойынша есептеледі.
7-параграф. Республикалық бюджетке есептелетін басқа да төлемдер
26. Бюджет кодексінің 23-бабына сәйкес республикалық бюджетке есептелетін басқа да төлемдерге мыналар жатады:
1) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы;
2) радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;
3) банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін рұқсат беру құжаттарын, келісім бергені үшін алым;
4) дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың мемлекеттік тіркелгені, сондай-ақ олардың қайта тіркелгені үшін алым;
5) теле-, радиоарнаны, мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қойғаны үшін алым;
6) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алым;
7) көмірсутектер саласындағы жекелеген кіші қызмет түрлерімен айналысу құқығына байланысты лицензия берілгені үшін лицензиялық алым;
8) "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжаттың берілгені үшін алым;
9) консулдық алым.
27. Басқа төлемдер бойынша болжамды есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
инфляция деңгейіне есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдерді индекстеу жолымен, мынадай формула бойынша:
SPб =SPбағ * (100% + Iб), мұндағы:
SPб – төлемнің болжамды сомасы;
SPбағ – ағымдағы қаржы жылы бойынша төлем түсімдерін бағалау;
Iб – инфляцияның болжамды деңгейі, %.
1) егер ол формула бойынша үш жылдан аспайтын жағдайда, кірістердің тиісті түрінің түсуінің кемінде үш жылындағы немесе бүкіл кезеңіндегі кірістердің жылдық көлемдерінің өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеп:
SPбағ = SPесеп * Trорт, мұндағы:
SPбағ – ағымдағы қаржы жылы бойынша түсімдерді бағалау
SPесеп – есепті қаржылық жылдағы іс жүзіндегі түсімдер;
Trорт – үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %, бұл ретте:
Trорт = (Trесеп(1жыл) + Trесеп(2жыл) + Trесеп(3жыл))/3, мұндағы:
Trесеп(1 жыл) – бірінші жыл түсімдерінің өсу қарқыны, %;
Trесеп(2 жыл) – екінші жыл түсімдерінің өсу қарқыны, %;
Trесеп(3 жыл) – үшінші жыл түсімдерінің өсу қарқыны, %.
28. Республикалық бюджетке есептелетін басқа да төлемдер бойынша бағалау мынадай әдістермен есептеледі:
1) есепті қаржы жылындағы белгілі бір кезеңдегі нақты түсімдердің үлес салмағы бойынша;
2) ағымдағы қаржы жылы бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсім бойынша;
3) экстраполяция әдісімен.
8-параграф. Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар
29. Әкелінетін тауарларға кедендік баждар түсімдерінің болжамын есептеу импорттың болжамды көлемі, ӘЭДБ-ға сәйкес теңгенің АҚШ долларына бағамы негізінде айқындалады және мынадай формула бойынша жүргізіледі:
TPим(б) = TPим(бағ) * Vим(б), мұндағы:
TPим(б) – әкелінетін тауарларға кедендік баждардың болжамды сомасы;
TPим(бағ) – ағымдағы қаржы жылы бойынша әкелінетін тауарларға кедендік баждар түсімдерін бағалау;
Vим(б) – импорт көлемінің болжамды өсу қарқыны, %.
30. Әкетілетін тауарларға салынатын кедендік баж түсімдері болжамының есебі ӘЭДБ-ға сәйкес болжанатын экспорт көлемінің, АҚШ долларына қатысты теңге бағамының негізінде анықталады, мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
TPэк(б) = TPэк(бағ) * Vэк(п), мұндағы:
TPэк(б) – әкетілетін тауарларға кедендік баждардың болжамды сомасы;
TPэк(бағ) – ағымдағы қаржы жылы бойынша әкетілетін тауарларға кеден баждарының түсімдерін бағалау;
Vэкс(б) – экспорт көлемінің болжамды өсу қарқыны, %.
31. Әкелінетін және әкетілетін тауарларға кедендік баждар бойынша бағалау мынадай әдістермен:
1) макроэкономикалық көрсеткіштерді қолдану арқылы;
2) есепті қаржы жылындағы белгілі бір кезеңдегі нақты түсімдердің үлес салмағы бойынша есептеледі.
32. Шикі мұнайға әкету кедендік бажының (бұдан әрі – мұнайға ЭКБ) түсу болжамының есебі Brent маркалы мұнайға болжамды әлемдік баға, ӘЭДБ-ға сәйкес АҚШ долларына теңге бағамы және оларға қатысты әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлардың тізбесіне сәйкес мөлшерлеме, мөлшерлемелердің мөлшері және олардың қолданылу мерзімі негізінде айқындалады және есептеу қағидалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығымен бекітілген шикі мұнайға және мұнайдан өндірілген тауарларға әкетілетін кедендік баж мөлшерлемелерінің мөлшері және мынадай формула бойынша жүргізіледі:
ТРм(б) = Vм(б) * S * К(б), мұндағы:
ТРм(б) – мұнайға ЭКБ болжамды сомасы;
Vм(б) – баж салығы салынатын мұнай экспортының болжамды көлемі (уәкілетті органның деректері бойынша);
S – мөлшерлеме, тон/долл;
К(б) – теңгенің АҚШ долларына болжамды бағамы.
33. Мұнайға ЭКБ бойынша бағалау мынадай әдістермен есептеледі:
1) макроэкономикалық көрсеткіштерді қолдану арқылы;
2) ағымдағы қаржы жылы бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсім бойынша.
34. Кедендік бақылауды және кедендік рәсімдерді жүзеге асырудан түсетін түсімдер болжамын есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
TK(б) = TK (бағ) * SV(б) /100, мұндағы:
TK(б) – кедендік бақылауды және кедендік рәсімдерді жүзеге асырудан түсетін түсімдердің болжамды сомасы;
TK (бағ) – ағымдағы қаржы жылы бойынша кедендік бақылауды және кедендік рәсімдерді жүзеге асырудан түсетін түсімдерді бағалау;
SV(б) – импорт пен экспорт көлемінің болжамды өсу қарқыны, %.
35. Кедендік бақылауды және кедендік рәсімдерді жүзеге асырудан түсетін түсімдер бойынша бағалау мынадай әдістермен есептеледі:
1) макроэкономикалық көрсеткіштерді қолдану арқылы;
2) есепті қаржы жылындағы белгілі бір кезеңдегі нақты түсімдердің үлес салмағы бойынша.
9-параграф. Салықтық емес түсімдер
36. Салықтық емес түсімдер салықтық емес түсімдердің әрбір түрі бойынша динамиканы талдау, болжамды жылы инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы қаржы жылының күтілетін түсімін бағалау негізге алына отырып болжанады және уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынған болжамды деректер пайдаланылады.
37. "Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшін және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін жалдау ақысының түсімдері бойынша болжамдар теңгенің АҚШ долларына болжанатын бағамын ескере отырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Үкіметтері арасында жасалған шарттарға сәйкес сомада белгіленеді.
10-параграф. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
38. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді (жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатудан түсетін түсімдер) болжау мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган ұсынған болжамды көрсеткіштер негізінде жүзеге асырылады.
11-параграф. Арнайы түсімдер
39. Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға аударымдарынан түсетін түсімдерді болжау уәкілетті органның деректері негізінде және түсімдердің динамикасы бойынша жүзеге асырылады.
23-параграф. Трансферттердің түсімдері
40. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін трансферттер (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін бюджеттік алып қоюлар) Бюджет кодексінің 80-бабына сәйкес есептеледі.
41. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері абсолютті белгіленген мөлшерде айқындалады және Бюджет кодексінің 60-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
3-тарау. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау
1-параграф. Салықтық, салықтық емес, арнайы түсімдер
42. Салықтық, салықтық емес, арнайы түсімдерді болжау мынадай әдістермен жүзеге асырылады:
1) келесі формула бойынша тиісті салық базаларына салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы тікелей шот:
P = NB * S, мұндағы:
P – кіріс түсімдерін болжау немесе бағалау;
NB – салық базасы;
S – Салық кодексінде белгіленген мөлшерлеме;
2) макроэкономикалық көрсеткіштерге және формула бойынша тиімді мөлшерлемеге сүйене отырып:
P = MP * Sесеп;
Sесеп = Pесеп/MPесеп * 100%, мұндағы:
P – кіріс түсімдерін болжау немесе бағалау;
MP – макроэкономикалық көрсеткіштердің параметрлері;
Sесеп – есепті қаржы жылы үшін тиімді мөлшерлеме, %;
Ресеп – есепті қаржы жылындағы салықтардың нақты түсімдері;
MPесеп – есепті қаржы жылындағы макроэкономикалық көрсеткіштердің параметрлері;
есепті қаржы жылындағы нақты түсімдерді инфляция деңгейіне немесе макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруінің болжамды мәніне индекстеу жолымен, формула бойынша:
P = Pесеп * (100% + I) или Р=Ресеп * T(жөө), мұндағы:
P – ағымдағы қаржы жылы бойынша түсімдерді болжау немесе бағалау;
Pесеп – есепті қаржы жылындағы нақты түсімдер (бағалау үшін) немесе ағымдағы қаржы жылын бағалау (болжам үшін);
I – инфляция деңгейі, %;
T(жөө) – өңірдің ЖӨӨ өсу қарқынының болжамы, %.
3) егер ол формула бойынша үш жылдан аспайтын жағдайда, кірістердің тиісті түрінің түсуінің кемінде үш жылындағы немесе бүкіл кезеңіндегі кірістердің жылдық көлемдерінің өсу қарқыны негізінде жүзеге асырылатын орташа есеп:
P = Pесеп * Trорт, мұндағы:
P – ағымдағы қаржы жылы бойынша түсімдерді болжау немесе бағалау;
Pесеп – есепті қаржы жылындағы нақты түсімдер (бағалау үшін) немесе ағымдағы қаржы жылын бағалау (болжам үшін);
Trорт – үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %, бұл ретте:
Trорт = (Trесеп(1жыл) + Trесеп(2жыл) + Trесеп(3жыл))/3, мұндағы:
Trесеп(1жыл) – бірінші жыл түсімдерінің өсу қарқыны, %;
Trесеп(2жыл) – екінші жыл түсімдерінің өсу қарқыны, %;
Trесеп(3жыл) – үшінші жыл түсімдерінің өсу қарқыны, %;
4) формула бойынша экстраполяция арқылы:
P = Pесеп + Sорт, мұндағы:
P – ағымдағы қаржы жылы бойынша түсімдерді болжау немесе бағалау;
Pесеп – есепті қаржы жылындағы нақты түсімдер (бағалау үшін) немесе ағымдағы қаржы жылын бағалау (болжам үшін);
Sорт – өсім сомасы орта есеппен үш жыл ішінде, бұл ретте:
Sорт = ((Sесеп (1 жыл) - Sесеп(өтк.жыл)) + (Sесеп (2 жыл) – Sесеп (1 жыл)) + (Sесеп(3 жыл) - Sесеп(2 жыл)))/3, мұндағы:
Sесеп(өтк.жыл) – бірінші жылдың алдындағы жылдың түсімдерінің сомасы;
Sесеп(1жыл) – екінші жылдың алдындағы бірінші жыл түсімдерінің сомасы;
Sесеп(2жыл) – үшінші жылдың алдындағы екінші жыл түсімдерінің сомасы;
Sесеп(3жыл) – ағымдағы қаржы жылының алдындағы үшінші жыл түсімдерінің сомасы;
5) есепті қаржы жылындағы белгілі бір кезеңдегі нақты түсімдердің үлес салмағы бойынша, формула бойынша:
Pб = P іс.ж(ағым.)/Uесеп
Uесеп = P іс.ж(ағым.)/Pесеп * 100, мұндағы:
Pб – ағымдағы қаржы жылы бойынша түсімдерді бағалау;
Pіс.ж(ағым.) – ағымдағы қаржы жылы бойынша белгілі бір кезеңдегі нақты түсімдер;
Uесеп – есепті қаржы жылындағы ұқсас кезеңнің үлес салмағы, %;
Pф(есеп) – есепті қаржы жылының ұқсас кезеңіндегі нақты түсімдер;
Pесеп – есепті қаржы жылындағы нақты түсімдер;
6) ағымдағы қаржы жылы бойынша белгілі бір кезеңдегі орташа айлық түсім бойынша, формула бойынша:
Pб = Pіс.ж(ағым.)/Kіс.ж.(ағым.) * 12, мұндағы:
Pб – ағымдағы қаржы жылы бойынша түсімдерді бағалау;
Pіс.ж(ағым) – ағымдағы қаржы жылы бойынша белгілі бір кезеңдегі нақты түсімдер;
Kіс.ж(ағым) – ағымдағы қаржы жылының белгілі бір кезеңіндегі айлар саны;
12 – жылдағы айлар саны.
43. Ағымдағы қаржы жылы бойынша түсімдерді бағалауды және салықтың тиімді мөлшерлемесін айқындау кезінде нақты түсімдерден жүйелік емес сипаттағы және өндірістік қызметке тәуелді емес біржолғы төлемдер, атап айтқанда, уақытша факторлар (бағалардың ауытқуы, құрылымдық өзгерістер) есебінен алынған жылдық қайта есептеулердің ірі мөлшері, салықтық тексерулер актілері бойынша қосымша есептелген сомалар алып тасталады.
44. Есептеулерде уәкілетті органдардың деректері ескеріледі.
45. Мұнай секторы ұйымдарынан және салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорларға түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдарды, өсімпұлдарды, санкцияларды, өндіріп алуларды болжау жүзеге асырылмайды.
46. Азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жерді және материалдық емес активтерді, мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдерді болжау уәкілетті органның деректері бойынша немесе болжанатын жылы инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы қаржы жылының күтілетін түсімін бағалау негізге алына отырып жүзеге асырылады.
2-параграф. Трансферттердің түсімдері
47. Республикалық бюджеттен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне трансферттер Бюджет кодексінің 80-бабына сәйкес есептеледі.
4-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына кірістерді болжау
48. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына кірістерді болжау Бюджет кодексінің 58-бабының 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
1-параграф. Салықтық түсімдер
49. Салық түсімдерін болжау мұнай өндіру көлемі, мұнай экспорты, Brent маркалы мұнайдың әлемдік бағасы және теңгенің АҚШ долларына бағамы негізінде жүзеге асырылады.
50. Есептеулерде уәкілетті органдардың деректері, жүйелік емес сипаттағы түсімдер (біржолғы) ескеріледі.
2-параграф. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін корпоративтік табыс салығы
51. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін корпоративтік табыс салығының болжамы мына формула бойынша жүргізіледі:
KPNб= (Vб * Z – W) * S, мұндағы:
KPNб – корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы;
Vп – мұнайды, газ конденсатын сатудың болжамды көлемі;
Z – сатудың болжамды орташа бағасы;
W – салық заңнамасында көзделген шегерімдер;
S – салық мөлшерлемесі, % (ҚР Салық кодексіне сәйкес жалпы белгіленген режим бойынша, келісімшартқа сәйкес тұрақты салық режимі бар жер қойнауын пайдаланушылар бойынша).
52. Мұнайды, газ конденсатын сатудың орташа бағасын айқындау кезінде мұнайдың әлемдік бағасы АҚШ долларына шаққанда теңгенің болжамды бағамына және баррельді тоннаға ауыстыру коэффициентіне қайта есептеледі, ол 7,5 құрайды.
3-параграф. Мұнай секторының ұйымдарынан алынатын үстеме пайдаға салынатын салық
53. Мұнай секторының ұйымдарынан алынатын үстеме пайдаға салынатын салық түсімдері болжамы мына формула бойынша жүзеге асырылады:
NSб = NSф * Tмц * Tд * Tк, мұндағы:
NSп – мұнай секторының ұйымдары бойынша үстеме пайдаға салынатын салықтың болжамды сомасы;
NSф – есепті қаржылық жыл бойынша іс жүзіндегі салық түсімі;
Tмц – ағымдағы қаржылық жыл бойынша мұнайдың әлемдік бағасының өсу қарқыны, %;
Tд – ағымдағы қаржылық жыл бойынша мұнайды өндірудің өсу қарқыны, %;
Tк – ағымдағы қаржылық жыл бойынша АҚШ долларына шаққанда теңге бағамының өсу қарқыны, %.
4-параграф. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін бонустар
54. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін бонустар бойынша түсімдер болжамы:
1) АҚШ долларына шаққандағы теңгенің болжамды бағамына қайта есептелетін жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурста жеңіп шыққан жер қойнауын пайдаланушылар бөлінісінде бонустар көлемі (АҚШ долларымен) туралы жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті органның деректері негізінде;
2) түсімдер динамикасы негізінде анықталады.
5-параграф. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін пайдалы қазбаларды өндіру салығы (роялти)
55. Мұнай секторы ұйымдарынан ПҚӨС бойынша түсімдердің болжамы мынадай формула бойынша жүргізіледі:
NDPIб = (Dб * Z * Sесеп)/4 * 3 + N4тоқ, мұндағы:
NDPIб – мұнай секторы ұйымдарының ПҚӨС болжамды сомасы;
Dб – мұнай, газ конденсатын өндірудің болжамды көлемі;
Z – сатудың орташа бағасы;
Sесеп – есепті қаржы жылының тиімді мөлшерлемесі, %;
4 – жылына тоқсандар саны;
3 – болжалды кезең (тоқсандар саны);
N4тоқ – өткен жылдың төртінші тоқсанындағы ауыспалы төлемдер, бұл ретте:
Sесеп = NDPIесеп/ (Dесеп * Zесеп), мұндағы:
Sесеп – есепті қаржы жылының тиімді мөлшерлемесі;
NDPIесеп – есепті қаржы жылы үшін мұнай секторы ұйымдарынан ПҚӨС -тің нақты түсімі;
Dесеп – есепті қаржы жылындағы мұнай, газ конденсатын өндірудің нақты көлемі;
Zесеп – есепті қаржы жылын өткізудің орташа бағасы.
56. Сатудың орташа бағасын айқындау кезінде мұнайдың әлемдік бағасы теңгенің АҚШ долларына шаққандағы болжамды бағамына және баррельді тоннаға аудару коэффициентіне қайта есептеледі, ол 7,5-ке тең.
57. Мұнай секторы ұйымынан роялти бойынша түсімдердің болжамы мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Rб = ((Dб * Z * Sесеп) – W)/4 * 3 + R4тоқ, мұндағы:
Rб – роялтидің болжамды сомасы;
Dб – мұнай, газ конденсатын өндірудің болжамды көлемі;
Z – сатудың орташа бағасы;
Sесеп – тиімді мөлшерлеме, %;
W – келісімшартта көзделген шегерімдер;
4 – жылына тоқсандар саны;
3 – болжамды кезең (тоқсандар саны);
R4тоқ – өткен жылдың төртінші тоқсанындағы ауыспалы төлемдер; бұл ретте:
Sесеп = Rесеп/ (Dесеп * Zесеп) * 100%, мұндағы:
Rесеп – есепті қаржы жылы үшін мұнай секторы ұйымдарынан ПҚӨС -тің нақты түсімі;
Dесеп – есепті қаржы жылындағы мұнай, газ конденсатын өндірудің нақты көлемі;
Zесеп – есепті қаржы жылын өткізудің орташа бағасы.
58. Сатудың орташа бағасын айқындау кезінде мұнайдың әлемдік бағасы теңгенің АҚШ долларына шаққандағы болжамды бағамына және баррельді тоннаға аудару коэффициентіне қайта есептеледі, ол 7,8-ге тең.
6-параграф. Мұнай секторы ұйымдарынан экспортқа рента салығы
59. Мұнай секторы ұйымдарынан экспортқа рента салығы түсімдерінің болжамы мынадай формула бойынша жүргізіледі:
RNб = (Q * Z * S)/4 * 3 + RN4тоқ, мұндағы:
RNб – рента салығының болжамды сомасы;
Q – мұнай, газ конденсаты экспортының болжамды көлемі;
Z – сатудың орташа бағасы;
S – Салық кодексіне сәйкес мөлшерлеме %;
4 – жылына тоқсандар саны;
3 – болжамды түсімдер тоқсандарының саны;
RN4тоқ – өткен жылдың төртінші тоқсанындағы ауыспалы төлемдер.
60. Сатудың орташа бағасын айқындау кезінде мұнайдың әлемдік бағасы теңгенің АҚШ долларына шаққандағы болжамды бағамына және баррельді тоннаға аудару коэффициентіне қайта есептеледі, ол 7,5-ке тең.
7-параграф. Қазақстан Республикасының жасалған келісімшарттар бойынша мұнай секторы ұйымдарының өнімдерін бөлудегі үлесі
61. Қазақстан Республикасының жасалған келісімшарттар бойынша мұнай секторы ұйымдарының өнімдерін бөлудегі үлесі (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының үлесі) түсімінің болжамы ірі салық төлеушілер бойынша мынадай формулалар бойынша жүзеге асырылады:
DLб = Dб * Z * Y * Yрк, мұндағы:
DLб – Қазақстан Республикасы үлесінің болжамды сомасы;
Dб – мұнай, газ конденсатын өндірудің болжамды көлемі;
Z – сатудың орташа бағасы;
Y – пайдалы өнімнің үлесі, %;
Yрк – Қазақстан Республикасының табысты өнімдегі үлесі, %.
Қалған салық төлеушілер бойынша Қазақстан Республикасының үлесі түсіміндегі болжам мынадай формулалар бойынша жүзеге асырылады:
DLб =Dбағ * Tмц * Tд * Tк, мұндағы:
DLп – Қазақстан Республикасы үлесінің болжамды сомасы;
Dоц – ағымдағы қаржылық жыл бойынша салық түсімін бағалау;
Tмц – мұнайдың әлемдік бағасының ағымдағы қаржы жылындағы өсу қарқыны, %;
Tд – мұнай өндіру көлемінің ағымдағы қаржы жылындағы өсу қарқыны, %;
Tк – АҚШ долларына шаққандағы теңге бағамының ағымдағы қаржы жылындағы өсу қарқыны, %.
62. Мұнайды, газ конденсатын сатудың орташа бағасын айқындау кезінде мұнайдың әлемдік бағасы АҚШ долларына шаққандағы теңгенің болжамды бағамына және баррельді тоннаға ауыстыру коэффициентіне қайта есептеледі, ол 7,5 құрайды.
63. Пайдалы өнімнің және Қазақстан Республикасы үлесінің орташа пайыздық мәндері келісімшарт талаптарымен айқындалады.
8-параграф. Өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі
64. Қызметін өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі бойынша түсімдердің болжамы мынадай формула бойынша жүргізіледі:
DPб = Vб * (Z - R) * S, мұндағы:
DPб – жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемінің болжамды сомасы;
Vб – мұнайды, газ конденсатын өткізудің болжамды көлемі;
Z – сатудың орташа болжамды бағасы;
R – тасымалдау шығындары;
S – өнімді бөлу туралы келісімшартқа сәйкес төлем мөлшерлемесі.
9-параграф. Мұнай секторы ұйымдарынан алынатын жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салық
65. Мұнай секторы ұйымдарынан жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салық бойынша түсімдердің болжамы мынадай формула бойынша жүргізіледі:
ANб = (Vб * Z – W + Vr) * S, мұндағы:
ANб – жер қойнауын пайдаланушыларға баламалы салықтың болжамды сомасы;
Vб – мұнайды, газ конденсатын өткізудің болжамды көлемі;
Z – сатудың болжамды орташа бағасы;
W – салық заңнамасында көзделген шегерімдер;
Vr – Салық кодексіне сәйкес сыйақылар;
S – Салық кодексіне сәйкес салық мөлшерлемесі, %.
66. Сатудың орташа бағасын айқындау кезінде мұнайдың әлемдік бағасы АҚШ долларына шаққандағы теңгенің болжамды бағасына және баррельді тоннаға ауыстыру коэффициентіне қайта есептеледі, ол 7,5 құрайды.
10-параграф. Салықтық емес түсімдер
67. Мұнай секторы ұйымдарының залалды өтеуі туралы талаптар бойынша табиғатты пайдаланушылардан тұскен қаражатты және өзге де салықтық емес түсімдерді болжау түсімдер серпіні негізінде жүзеге асырылады.
68. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар түріндегі салықтық емес түсімдерді болжау жүзеге асырылмайды.
11-параграф. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
69. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдердің болжауы түсімдер серпіні негізінде жүзеге асырылады.
12-параграф. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына кесімді баға бойынша түсімдерді болжау
70. Бюджет кодексінің 48-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің көлемі кесу бағасы кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына болжанатын түсімдердің көлемінен аспайды. Кесу бағасы Бюджет кодексінің 80-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалады.
71. Салық түсімдерін болжау мұнай өндіру көлемі, мұнай экспорты, Brent маркалы мұнайды кесу бағасы және теңгенің АҚШ долларына бағамы негізінде жүзеге асырылады.
72. Түсімдердің болжамы келесі формула бойынша салықтар бойынша соңғы бес жылдағы орташа тиімді мөлшерлемені қолдану жолымен айқындалады:
Nalogб = Dб * Z * Sорт, мұндағы:
Nalogб – мұнай секторы ұйымдарынан алынатын салықтың болжамды сомасы;
Dб – мұнай, газ конденсатын өндірудің болжамды көлемі;
Z – мұнайды сатудың орташа бағасы;
Sорт – соңғы бес жылдағы орташа тиімді мөлшерлеме, %.
73. Есепті қаржы жылы үшін тиімді мөлшерлеме мынадай формула бойынша айқындалады:
Sесеп = Nalogесеп/ (Dесеп * Zесеп), мұндағы:
Sесеп – есепті қаржы жылының тиімді мөлшерлемесі;
Nalogесеп – есепті қаржы жылы үшін мұнай секторы ұйымдарынан нақты салық түсімі;
Dесеп – есепті қаржы жылындағы мұнай, газ конденсатын өндірудің нақты көлемі;
Zесеп – есепті қаржы жылындағы мұнайдың нақты бағасы.
74. Мұнайды өткізудің орташа бағасын айқындау кезінде мұнайды кесу бағасы теңгенің АҚШ долларына шаққандағы болжамды бағамына және баррельді тоннаға аудару коэффициентіне қайта есептеледі, ол 7,5-ке тең.