Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына,69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишим ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылдық округі, Новоишим ауылы, Гаражная көшесі мекенжайында орналасқан, жалпы ауданы 0,0061 га жер учаскесіне "Куйбышевка РМЗ" ВЛ-10кВ қызмет көрсету үшін 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Ә. Букпин |