Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 қарашадағы № 10/145 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының төрағасы | Е. Тұтқышев |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Елді мекен атауы | Өкілдер саны (адам) |
1. | Петровка ауылының көшелері тұрғындары үшін: | |
1.1. | Добрынин | 2 |
1.2. | Жарков | 2 |
1.3. | Бейбітшілік | 2 |
1.4. | Интернациональная | 2 |
1.5. | Ы. Алтынсарин | 1 |
1.6. | Степная | 1 |
1.7. | Молодежная | 1 |
1.8. | Болашақ | 1 |
1.9. | Ленин | 1 |
2. | Бірлік ауылының тұрғындары үшін | 2 |
3. | Мәдениет ауылының тұрғындары үшін | 1 |