Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Майбалық ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 25/14 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
осы шешімнің қосымшасына сәйкес, көрсетілген шешімнің қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім қабылданған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап және 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы | Л. Топорова |
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Майбалық ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің D блогына (қосалқы персонал) және жұмысшыларға (біліктілік разряды) жататын лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар
№ р/н | Лауазымдардың толық жазылуы (атауы) | Лауазымдық айлықаыға үстемеақы |
1 | 2 | 3 |
1. | басшының хатшысы | 30% |
2. | аударма бойынша редактор | 30% |
3. | жүргізуші | 50% |
4. | тазалаушы | 30% |
5. | қызметтік үй-жайларды тазалаушы | 30% |
6. | мәдени ұйымдастырушы (С-2, С-3 санаттары) | 30% |
7. | спорт әдіскері (С-2, С-3 санаттары) | 30% |
8. | күзетші | 30% |