Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабы 5-1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Транснефть-Урал" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округі аумағында орналасқан жер учаскесіне жалпы алаңы 0,0485 гектар уақытша топырақ қоймасы мен топырақты сақтау үшін 3 жыл мерзімге белгіленсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Степаненко |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Мамлют ауданы әкімдігінің | |
2025 жылғы 18 наурыздағы | |
№ 89 қаулысына қосымша |
Жер экспликациясы
№ р/с | Кадастрлық нөмір | Жер пайдаланушылардың атауы | Алаң, га | оның ішінде |
табиғи жайылымдар | ||||
Босалқы жерлер | ||||
1 | 15-225-019- | Пригород ауылдық округі | 0,0485 | 0,0485 |
Босалқы жерлердің жиыны | 0,0485 | 0,0485 |