Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 58 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасынының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикалық нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2)осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Түркістан облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Көшеров |
Түркістан облысы әкімдігінің 2025 жылғы "____" __________ № қаулысына қосымша |
|
Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы "18" наурыздағы № 58 қаулысына қосымша |
Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізілетін аймақ
№ | Аудан, қала атауы | карантинді обьектілер атауы | |||||||
зиянкестер | аурулар | арамшөптер | |||||||
оңтүстік америкалық қызанақ күйесі, гектар | қауын шыбыны, гектар | жеміс ағаштарының бактериялық күйігі, гектар | қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы, гектар | қызанақтың дақты солу вирусы, гектар | шығыс жеміс жемірі, гектар | жатаған у кекіре, гектар | арамсояу, гектар | ||
1 | Арыс | 1009 | 619 | 140 | |||||
2 | Кентау | 125 | 0,31 | 0,44 | |||||
3 | Бәйдібек | 160,4 | 4 | ||||||
4 | Қазығұрт | 364,7 | 130,7 | ||||||
5 | Жетісай | 221,1 | 8,7 | ||||||
6 | Мақтаарал | 1699,3 | 2 | 3 | 17,0 | ||||
7 | Ордабасы | 6 | 493 | 36,2 | |||||
8 | Отырар | 452 | 5 | 6,3 | |||||
9 | Сайрам | 1 | 16,0 | ||||||
10 | Сарыағаш | 12,2 | 3 | 208,7 | 55,4 | ||||
11 | Сауран | 1,6 | 216 | 125 | 6,4 | ||||
12 | Созақ | 194,5 | |||||||
13 | Келес | 2,6 | 36 | 51,5 | 88,1 | ||||
14 | Төлеби | 1 | 24 | 123,7 | 195,6 | ||||
15 | Түлкібас | 122 | 13,5 | ||||||
16 | Шардара | 396 | 1920 | 312,3 | |||||
Жиыны: | 22,4 | 4206,4 | 1 | 5 | 3 | 24 | 4388,8 | 1030,6 |