Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға ынталандыру үстемақы белгілеу туралы

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 5 сәуірдегі № 28/172-VIII шешiмi

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың айлықақы мөлшерлемелерімен салыстырғанда 25 (жиырма бес) пайызға ынталандыру үстемақысы белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы Т.Қалымбетов

Об установлении стимулирующей надбавки специалистам в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности, а также указанным специалистам, работающим в государственных организациях, финансируемых из местных бюджетов

Решение Казыгуртского районного маслихата Туркестанской области от 5 апреля 2025 года № 28/172-VIII

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года №148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 3) пункта 5 постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года №1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий", Казыгуртский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить стимулирующую надбавку специалистам в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах, а также указанным специалистам, работающим в государственных организациях, финансируемых из местных бюджетов, по сравнению со ставками окладов специалистов, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях, на 25 (двадцать пять) процентов.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель районного маслихата Т. Калымбетов