"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына, 25-3- бабы 1-1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65- бабы 3- тармағына сәйкес Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 05 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін.
аталған қаулымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің" ережесінде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) маңдайшаны облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады.".
2. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Катонқарағай ауданының әкімі | Д. Дюсембаев |