Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 71-1 бабына сәйкес, "Kulan Resources" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы № KU-99/24 өтініші негізінде, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Kulan Resources" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2030 жылғы 29 қарашаға дейінгі мерзімге пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, жер учаскесін меншік иелері мен пайдаланушылардан алып қоймай, жалпы алаңы 181 гектар жер қорының есеп кварталы 05-079-020 жеріне және жалпы алаңы 1206,8 гектар жер қорының есеп кварталы 05-079-002 жеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Kulan Resources" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заңнамаға сәйкес, жер пайдаланушылармен жеке сервитутты белгілеу туралы шарттарда бекітілген, жерді рекультивациялау жөніндегі міндеттерді және өзге де шарттарды, жұмыстарды жүргізу мерзімі мен орнын анықтасын.
3. "Ұлан ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберілсін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Болатқанға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлан ауданының әкімі | А. Бекбосынов |