"Шымкент қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Шымкент қаласы әкімінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 9 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 7 шілдедегі № 3 қаулысы

      Шымкент қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шымкент қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Шымкент қаласы әкімінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 9 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      № 60, 103, 138, 195, 212 және 336 сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері осы шешімге қосымшаға сәйкес өзгертілсін.

      2. Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы шешімнен туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ғ. Сыздықбеков

      "Келісілді"

      Шымкент қалалық аумақтық сайлау

      комиссиясының төрағасы Қ. Құнанбаев

      "18" маусым 2026 жыл

  Шымкент қаласы әкімінің
  2026 жылғы "___" ______
  № _______ шешіміне қосымша
  Шымкент қаласы әкімінің
  2018 жылғы 14 қарашадағы
  № 9 шешіміне қосымша

Орналасқан жерлері өзгертілетін № 60, 103, 138, 195, 212 және 336 сайлау учаскелері

Абай ауданы

      № 60 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Игілік тұрғын алабы, нөмірсіз, "№ 128 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ ғимараты.

      Шекарасы: Игілік тұрғын алабының Т.Абдрайымов көшесі, 1-39, С.Өмірбаев тұйығы, 1-15, А.Майлыбаев, 1-20, Айшуақ көшесі, 1-20, Б.Исқақов тұйығы, 1-15, В.Терешкова көшесі, 1-17, Қарғалы көшесі, 1-25, Қарғалы-2 көшесі,1-15, Елбиік көшесі, 1-32, Елбиік-2 көшесі, 1-30, Айсакөл көшесі, 1-10, Арыснұра көшесі, 1-33, Иіркөл көшесі, 1-39, Иіркөл-2 көшесі, 1-26, М.Сыздықов көшесі, 1-90, Т.Аубакиров көшесі, 1-55, Көкмардан көшесі, 1-45, Көкмардан-2 көшесі, 1-30, Жәудір көшесі, 1-45, Жәудір-2 көшесі, 1-25, Шымбұлақ көшесі, 1-35, Шымбұлақ-2 көшесі, 1-30, Саяжай көшесі, 1-29, Тайтөбе көшесі, 1-30.

      № 212 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Ә.Бөлешов көшесі, 43, "Қайнарбұлақ" мәдениет үйінің ғимараты.

      Шекарасы: Қайнарбұлақ тұрғын алабының Ж.Шанин көшесі, 1-105, Т.Құрасбек көшесі, 1-120, Ә.Бөлешов көшесі, 1-118 және атауы жоқ көшелердің нөмірсіз үйлері.

      № 336 сайлау учаскесі

      "Орналасқан жері: Нұршуақ шағын ауданы №11229 ғимараты, "№149 жалпы орта білім беретін мектебі" "Б" ғимараты.

      Шекарасы: Достық шағынауданы, Ақбура әулие, 112-233, Мұзтау, 129-245, Хан ордасы, 1-89, Сыпыра жырау, 1-185, Бозжыра, 1-112, Әлдиана, 1-190, Ақсу-аюлы, 1-156, Ұлытоған, 1-122, Мақаншы 1-135, Шоқжұлдыз, 1-26, Көкшебұлақ, 1-31 және Үйсінтау, Кеңсаз, Жайық, көшелерінің нөмірсіз үйлері.";

Әл-Фараби ауданы

      № 103 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Б.Момышұлы даңғылы, 5а, Шымкент қаласы білім басқармасының №15 "Жадыра" бөбекжай-бақшасы" МКҚК ғимараты.

      Шекарасы: Әл-Фараби алаңы, 2, 4, 4/1, Бейбітшілік көшесі, 2, 2а, 2б, 2/17, 4, 4а, 4б, 4/10, 6, 6а, 6/1, 6/2, 8, 8а, 8б, 8/3, 8/10, 8/50, Республика даңғылы, 1, 3, 3а, 4/5, Б.Момышұлы даңғылы, 3, 3а, 3а/1, 5, 5а, 5/1, 5/4, 7, 7а, 9, 9а, 9в, 9/7, 9/9.

      № 138 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: 18 шағынауданы, Д.Ерімбетов көшесі, 44а, "Авиценна атындағы жоғары медициналық колледжі" ЖШС ғимараты.

      Шекарасы: 18 шағынауданы, 41, 42, 43, 44, 44а, 45, 48, 49, 54, 60, 61, 63, 63а, 65, 67, 76, 78, 79, 79/1, С.Жандосов көшесі, тақ жағы 63-69, 73.

Еңбекші ауданы

      № 195 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Қаратөбе тұрғын алабы, Амур аға көшесі № 43 а, Жекеменшік білім орталығы.

      Шекарасы: Қаратөбе тұрғын алабының Құрбан ата көшесі, 1-119, Б.Рамиз көшесі, 1-78, Амур аға көшесі, 1-71, Н.Төлеметов көшесі, 1-59, Тойшы ата көшесі, 1-126, Домбыралы көшесі, 1-52, Наурыз көшесі, 1-59, Наркез көшесі, 1-32, Зайсан көшесі, 1-34, Орынбор көшесі, 1-58, Гулабад мен Жаңақұрылыс көшелеріндегі нөмірсіз үйлер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады