1. Еуразиялық экономикалық комиссияның 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді 2014 жылы іске асыру жөніндегі жұмыстың нәтижелері туралы ақпараты назарға алынсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №20 қосымша) 20-тармағы 5) тармақшасына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы бірінші жартыжылдықта қарауы үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен келісілген, Хаттаманың 20-тармағының 3 және 4 тармақшаларында көрсетілген 2015 жылы жүргізілген жұмыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсынсын.
3. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Ресей Федерациясынан |