Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 31-тармағына сәйкес (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының сандық құрамы 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 10 мүшесі санында (Еуразиялық экономикалық одаққа әрбір мүше мемлекеттен 2 өкілден) белгіленсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |