2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-бабының негізінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп, Израиль Мемлекетімен еркін сауда аймағы туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздерді бастасын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген келіссөздерге директиваларды бекітсін.
3. Осы Шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |