Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8-қосымша) 107-тармағына сәйкес және Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қытай Халық Республикасында шығарылып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, ЕАЭО СЭҚ ТН 2918 14 000 0 кодымен жіктелетін лимон қышқылына қатысты қосымшаға сәйкес мөлшерде демпингке қарсы баж салығын енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолданылсын, осы демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі 5 жыл болып белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары ЕАЭО СЭҚ ТН кодын басшылыққа ала отырып, осы Шешімде көзделген демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В.Христенко |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 10 наурыздағы № 15 шешіміне ҚОСЫМША |
Демпингке қарсы баж МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІНІҢ МӨЛШЕРЛЕРІ
ЕАЭО СЭҚ ТН | Өндіруші |
Демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің мөлшері |
291814 000 0 |
WeifangEnsing Industry Co., Ltd. | 4,20 |
TTCA Co., Ltd. | 6,82 | |
Yixing – Union Biochemical Co., Ltd. | 16,97 | |
өзгелері | 16,97 |