Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 20 қаңтарда қабылдаған "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне темір жол вагондарының жекелеген түрлеріне қатысты және сепараторлардың кейбір түрлеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы" № 2 шешіміне байланысты:
1. Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаменті:
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Сезімтал тауарлардың, оларға қатысты кедендік әкелу бажының мөлшерлемелерін өзгерту туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кедендік одақтың Жоғарғы органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 18 шешімімен бекітілген, кедендік баждың мөлшерлемелерін өзгерту туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешім қабылдайтын тізбесіне ЕАЭО СЭҚ ТН 8605 00 000 8 кіші қосалқы тауар позициясында жіктелген тауарларды қоса отырып, өзгерістер енгізу туралы шешімінің жобасын дайындасын.
Еуразиялық экономикалық комиссияның ЕАЭО СЭҚ ТН 8605 00 000 8 кіші қосалқы тауар позициясында жіктелген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін өзгерту туралы шешімдерінің жобаларын дайындау кезінде аталған шешімдерді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі қабылдайтыны ескерілсін.
2. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия |
Алқасының Төрағасы В. Христенко |