2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазандағы шарттың күшіне енуіне байланысты, Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдерін 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес келтіру мақсатында және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 13-тармағын, 43-тармағының 2-тармақшасын және 48-тармағын басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Мыналар:
Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 287 шешімімен бекітілген жолаушылар кедендік декларациясының нысандарын және жолаушылар кедендік декларациясын толтыру тәртібін қолдану мақсаттары үшін Кеден одағы деп Еуразиялық экономикалық одақ, Кеден одағының кеден заңнамасы деп Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілер түсініледі;
бланктері осы Шешім күшіне енгенге дейін дайындалған, Кеден одағының 2010 жылғы 17 тамыздағы № 437 шешімімен бекітілген қорытындылардың нысандары осы Шешімге сәйкес өзгерістер енгізілген қорытындылардың нысандарымен қатар ескі үлгідегі бланкілер таусылғанға дейін, бірақ 2018 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей қолданылады;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешіміне сәйкес 2015 жылғы 2 қаңтарға дейін тіркелген тауарларға арналған декларацияларда көрсетілген мәліметтерге Армения Республикасының кеден органдарының өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуі Армения Республикасында көрсетілген күнге дейін қолданылған кедендік құжаттарды пайдалана отырып жүргізіледі деп белгіленсін.
3. Осы Шешім 2015 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін өзгерістердің 1-тармағын (осы Шешімге қосымша) қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының төрағасы В. Христенко
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 38 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулықта:
а) мәтін бойынша тиісті түрдегі және септіктегі "Кеден одағына мүше мемлекет" деген сөздер тиісті түрдегі және септіктегі "Одаққа мүше мемлекет" деген сөздермен ауыстырылсын, "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын, тиісті септіктегі "Кеден одағының кеден заңнамасы" деген сөздер тиісті септіктегі "Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілер" деген сөздермен ауыстырылсын, тиісті түрдегі және септіктегі "Кеден одағының тауары" деген сөздер тиісті түрдегі және септіктегі "Одақ тауары" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 2-тармақта:
үшінші абзацтағы "Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына (бұдан әрі – кедендік аумақ)" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына (бұдан әрі – тиісінше Одақ, кедендік аумақ)" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы "Кеден одағының" деген сөздер "Одақтың" деген сөзбен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) 15-тармақта:
8-тармақшада:
он алтыншы абзац (кестеден кейін) "нөмірі" деген сөзден кейін "не Армения Республикасы үшін – қоғамдық қызметтер көрсетудің нөмір белгісі (ҚҚНБ) немесе мұндай белгінің жоқ екені туралы анықтаманың нөмірі" деген сөздермен толықтырылсын;
жиырмасыншы абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Армения Республикасында – салық төлеушінің есептік нөмірі (СЕН);";
9-тармақшада:
он бірінші абзац (кестеден кейін) "нөмірі" деген сөзден кейін "не Армения Республикасы үшін – қоғамдық қызметтер көрсетудің нөмір белгісі (ҚҚНБ) немесе мұндай белгінің жоқ екені туралы анықтаманың нөмірі" деген сөздермен толықтырылсын;
он екінші абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Армения Республикасында – салық төлеушінің есептік нөмірі (СЕН);";
11-тармақшаның үшінші абзацы (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацтармен ауыстырылсын:
"Армения Республикасында және Беларусь Республикасында жалпы кедендік құнының алынған мәні математикалық қағидалар бойынша тұтас шамаға дейін дөңгелектеліп көрсетіледі.
Беларусь Республикасында ізгілік көмекке (шетелдік өтеусіз көмекке) жатқызылған және кедендік төлемдерді төлеуден босатылған (босатылатын) (кеден баждары, салықтар есептелмейді және төленбейді) тауарларды декларациялау кезінде ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде бағанды толтырмауға болады.";
12-тармақшада:
бесінші абзац (кестеден кейін) "нөмірі" деген сөзден кейін "не Армения Республикасы үшін – қоғамдық қызметтер көрсетудің нөмір белгісі (ҚҚНБ) немесе мұндай белгінің жоқ екені туралы анықтаманың нөмірі" деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Армения Республикасында – салық төлеушінің есептік нөмірі (СЕН);";
22-тармақшаның бірінші абзацында (кестеден кейін) "Қазақстан Республикасы" деген сөздер "Армения Республикасы, Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
27-тармақша бірінші абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Егер тауарлар кедендік аумаққа Армения Республикасының кедендік шекарасының учаскесінде орналасқан өткізу пункттері арқылы әкелінсе (әкелінген болса) бағанда кеден органының коды мынадай схема бойынша көрсетіледі:
ZZZYYYXX, мұнда:
1 2 3
1-элемент –Армения Республикасының үш мәнді цифрлы коды;
2-элемент – "000" цифрлары;
3-элемент – Армения Республикасында қолданылатын кеден органдарының сыныптауышына сәйкес келген жерде орналасқан кеден органының екі мәнді коды.
Мысалы:
"05100011".";
29-тармақшаның қырқыншы абзацы (кестеден кейін) "Одақтың және (немесе) Одаққа мүше мемлекеттердің құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерде" деген сөздер "Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерде және (немесе) Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
31-тармақшаның тоғызыншы және оныншы абзацтарындағы (кестеден кейін) "Кеден одағының" деген сөздер алып тасталсын;
34-тармақшаның жетінші абзацы (кестеден кейін) "Беларусь" деген сөздің алдынан "Армения Республикасында," деген сөздермен толықтырылсын;
40-тармақшаның төртінші абзацы (кестеден кейін) "Қазақстан" деген сөздің алдынан "Армения Республикасында," деген сөздермен толықтырылсын;
42-тамақшаның он жетінші абзацы (кестеден кейін) мынадай редакцияда жазылсын:
"тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі (егер қолданылу мерзімі шектеулі болған жағдайда);";
43-тармақшада:
бірінші абзацта (кестеден кейін) "Кеден одағының кеден заңнамасына" деген сөздер "Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттарға және актілерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацтармен ауыстырылсын:
"Армения Республикасында және Беларусь Республикасында жалпы кедендік құнының алынған мәні математикалық қағидалар бойынша тұтас шамаға дейін дөңгелектеліп көрсетіледі.
Беларусь Республикасында ізгілік көмекке (шетелдік өтеусіз көмекке) жатқызылған және кедендік төлемдерді төлеуден босатылған (босатылатын) (кеден баждары, салықтар есептелмейді және төленбейді) тауарларды декларациялау кезінде ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде бағанды толтырмауға болады.";
45-тармақшада:
үшінші абзац (кестеден кейін) "Беларусь" деген сөздің алдынан "Армения Республикасында," деген сөздермен толықтырылсын;
он сегізінші абзац (кестеден кейін) "Беларусь" деген сөздің алдынан "Армения Республикасында және" деген сөздермен толықтырылсын;
жиырма алтыншы абзац (кестеден кейін) "Беларусь" деген сөздің алдынан "Армения Республикасында," деген сөздермен толықтырылсын;
46-тармақшада:
бесінші абзац (кестеден кейін) "Беларусь" деген сөздің алдынан "Армения Республикасында," деген сөздермен толықтырылсын;
он екінші абзац (кестеден кейін) "5-элемент –" деген сөздерден кейін "Армения Республикасында," деген сөздермен толықтырылсын;
48-тармақшаның тоғызыншы абзацы (кестеден кейін) "Қазақстан" деген сөздің алдынан "Армения Республикасында," деген сөздермен толықтырылсын;
г) 18-тармақта:
2-тармақшада:
он алтыншы абзац (кестеден кейін) "нөмірі" деген сөзден кейін "не Армения Республикасы үшін – қоғамдық қызметтер көрсетудің нөмір белгісі (ҚҚНБ) немесе мұндай белгінің жоқ екені туралы анықтаманың нөмірі" деген сөздермен толықтырылсын;
жиырмасыншы абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Армения Республикасында – салық төлеушінің есептік нөмірі (СЕН);";
17-тармақшаның үшінші абзацы (кестеден кейін) "Қазақстан" деген сөздің алдынан "Армения Республикасында," деген сөздермен толықтырылсын;
д) 22-тармақтың 1-тармақшасының екінші абзацындағы, 26-тармақтың 2-тармақшасының екінші абзацындағы және 28-тармақтың 2-тармақшасының үшінші абзацындағы "АЭА (БЭА) немесе еркін қойма аумағында дайындалған тауарларды Кеден одағының тауарлары деп тану туралы" деген сөздер "Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 17 тамыздағы № 437 шешімінің 1-тармағының екінші абзацында көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
е) 25-тармақтың 4-тармақшасының он үшінші абзацындағы "АЭА (БЭА) немесе еркін қойма аумағында дайындалған тауарларды Кеден одағының тауарлары деп тану туралы" деген сөздер "Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 17 тамыздағы № 437 шешімінің 1-тармағының екінші абзацында көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
ж) 26-тармақтың 1-тармақшасының екінші абзацындағы "АЭА (БЭА) немесе еркін қойма аумағында дайындалған тауарларды Кеден одағының тауарлары деп танымау туралы" деген сөздер "Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 17 тамыздағы № 437 шешімінің 1-тармағының үшінші абзацында көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
з) 28-тармақтың 2-тармақшасының бесінші абзацындағы "АЭА (БЭА) немесе еркін қойма аумағында дайындалған тауарларды Кеден одағының тауарлары деп тану туралы" деген сөздер "Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 17 тамыздағы № 437 шешімінің 1-тармағының екінші абзацында көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
и) 31-тармақтың 3-тармақшасының екінші абзацындағы "Кеден одағына мүше болып табылмайтын" деген сөздер "Одаққа мүше болып табылмайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
к) VІІІ бөлімнің атауындағы "Кеден одағына" деген сөздер "Одаққа" деген сөзбен ауыстырылсын;
л) көрсетілген Нұсқаулыққа 1-қосымшаның мәтіні бойынша "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын;
м) көрсетілген Нұсқаулыққа 2-қосымшада:
мәтін бойынша "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
кесте басының 1-бағанындағы "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын;
н) көрсетілген Нұсқаулыққа 3-қосымшада:
кесте басының 1-бағанындағы "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын;
ескертпенің мәтіні бойынша "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
о) көрсетілген Нұсқаулыққа 4-қосымшада:
мәтін бойынша "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
кесте басының 1-бағанындағы "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 263 шешімімен бекітілген Көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықта:
а) 1-тармақты және 6-тармақтың 3-тармақшасын қоспағанда, мәтін бойынша "кеден одағының", "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 8-тармақта:
2-тармақшадағы "немесе төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН) не" деген сөздер ", немесе төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН), немесе салық төлеушінің есептік нөмірі (СЕН), немесе" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақшадағы "(бұдан әрі – КО СЭҚ ТН)" деген сөздер алып тасталсын;
в) көрсетілген Нұсқаулыққа 1-қосымшада:
кесте басының 7-бағанындағы "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын;
кесте басының 11-бағанындағы "кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
г) көрсетілген Нұсқаулыққа 2-қосымшада:
кесте басының 9-бағанындағы "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын;
кесте басының 12-бағанындағы "кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
д) көрсетілген Нұсқаулыққа 3-қосымшада:
мәтін бойынша "кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын, "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын;
3 – 5-тармақтар "ТЕН," деген сөзден кейін "СЕН," деген сөзбен толықтырылсын".
3. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 287 шешімімен бекітілген Жолаушылар кедендік декларациясын толтыру тәртібінде:
а) 10-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Армения Республикасының Қаржы министрлігі, Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті және Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметі тиісінше авто-, мотокөлік құралдарын кедендік декларациялау кезінде декларацияны 1 данада толтыруға болатын жағдайларды белгілеуі мүмкін.";
б) 19-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Кеден одағының заңнамасында белгіленген" деген сөздер алып тасталсын;
в) 236-тармақтағы "Кеден одағының заңнамасында белгіленген" деген сөздер алып тасталсын.
4. Кеден одағы Комиссиясының "Транзиттік декларацияны толтыру нысаны мен тәртібі туралы" 2010 жылғы 18 маусымдағы № 289 шешімінде:
а) 1-тармақтың үшінші абзацындағы "Кеден одағының кедендік аумағына" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 4-тармақтағы "кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) көрсетілген Шешіммен бекітілген Транзиттік декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулықта:
мәтін бойынша тиісті түрдегі және септіктегі "кеден одағына мүше мемлекет", "Кеден одағына мүше мемлекет" деген сөздер тиісті түрдегі және септіктегі "Одаққа мүше мемлекет" деген сөздермен ауыстырылсын, тиісті септіктегі "Кеден одағының кедендік аумағы", "Кеден одағының аумағы", "кеден одағының кедендік аумағы", "кедендік аумақ" деген сөздер тиісті септіктегі "Одақтың кедендік аумағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацындағы "кеден одағына мүше бір мемлекеттің" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – Одақ) мүше бір мемлекеттің" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың бірінші абзацындағы "кеден одағының кеден заңнамасында" деген сөздер "Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтағы "кеден одағының кеден заңнамасында" деген сөздер "Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақта:
1-бағанды толтыру қағидаларында:
алтыншы абзацтағы (кестеден кейін) "кеден одағының тауарларын" деген сөздер "Одақ тауарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтағы (кестеден кейін) "кеден одағының тауарларын" деген сөздер "Одақ тауарларын" деген сөздермен ауыстырылсын, "кеден одағына мүше болып табылмайтын" деген сөздер "Одаққа мүше болып табылмайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
22-бағанды толтыру қағидаларында үшінші абзацтағы (кестеден кейін) "кеден одағының тауарларын" деген сөздер "Одақ тауарларын" деген сөздермен ауыстырылсын, "кеден одағына мүше болып табылмайтын" деген сөздер "Одаққа мүше болып табылмайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
33-бағанды толтыру қағидаларында "Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасында" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
41-бағанды толтыру қағидаларында "кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
42-бағанды толтыру қағидаларында үшінші абзацтағы (кестеден кейін) "кеден одағының тауарларын" деген сөздер "Одақ тауарларын" деген сөздермен ауыстырылсын, "кеден одағына мүше болып табылмайтын" деген сөздер "Одаққа мүше болып табылмайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
44-бағанды толтыру қағидаларында:
төртінші және жетінші абзацтардағы (кестеден кейін) "кеден одағының заңнамасында" деген сөздер "Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерде немесе Одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
он бірінші абзацтағы (кестеден кейін) "кеден одағына мүше болып табылмайтын" деген сөздер "Одаққа мүше болып табылмайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
он екінші абзацтағы (кестеден кейін) "кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
50-бағанды толтыру қағидаларында төртінші абзацтағы (кестеден кейін) "кеден одағының темір жолы" деген сөздер "теміржол көлігімен тауарларды өткізуді жүзеге асыратын тасымалдаушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
53-бағанды толтыру қағидаларында:
екінші абзац (кестеден кейін) "болжалды кеден органы" деген сөздерден кейін "Армения Республикасының," деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Армения Республикасы үшін – 051, "000" цифрлары және одан кейін кеден органдарының сыныптауышына сәйкес кеден органының коды (051000XX);";
16-тармақтағы "А" бағанын толтыру қағидалары үшінші абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Армения Республикасы үшін – алғашқы үш белгі 051, "000" цифрлары және одан кейін кеден органдарының сыныптауышына сәйкес КД тіркеген кеден органының коды (051000XX);".
5. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағы Комиссиясының ресми сайтында тауарлардың сыныптауышы бойынша кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының қабылданған алдын ала шешімдерінің жинағын қалыптастыру және жүргізу тәртібін реттейтін құжаттар туралы" 2010 жылғы 18 маусымдағы № 297 шешімінде:
а) атауындағы "кеден одағына мүше мемлекеттердің" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кеден одағы Комиссиясының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 1-тармақтағы "кеден одағына мүше мемлекеттердің" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кеден одағы Комиссиясының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын, "алдын ала шешімдері туралы" деген сөздер "тауарлардың сыныптауышы бойынша алдын ала шешімдер жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) көрсетілген Шешіммен бекітілген Кеден одағы Комиссиясының ресми сайтында тауарлардың сыныптауышы бойынша кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының қабылданған алдын ала шешімдерінің жинағын қалыптастыру және жүргізу тәртібі туралы ережеде:
атауында және мәтін бойынша "кеден одағына мүше мемлекеттердің" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кеден одағы Комиссиясының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
мәтін бойынша тиісті септіктегі "Хатшылық" деген сөз тиісті септіктегі "Еуразиялық экономикалық комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы "Кеден одағы Комиссиясының хатшылығы (бұдан әрі – Хатшылық)" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Армения Республикасынан – Армения Республикасының Қаржы министрлігі,";
үшінші абзацтағы "Кедендік бақылау комитеті" деген сөздер "Мемлекеттік кірістер комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
г) көрсетілген Шешіммен бекітілген Тауарлар сыныптауышы бойынша алдын ала шешімдер жөніндегі деректерді берудің техникалық шарттарында:
мәтін бойынша тиісті түрдегі және септіктегі "кеден одағына мүше мемлекет" деген сөздер тиісті түрдегі және септіктегі "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет" деген сөздермен ауыстырылсын, тиісті септіктегі "Хатшылық" деген сөз тиісті септіктегі "Еуразиялық экономикалық комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Кеден одағының Кеден кодексінің (бұдан әрі – КО КК) 57-бабында Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша алдын ала шешімдерді (бұдан әрі – алдын ала шешімдер) Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жариялау көзделген. Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында КО КК 56-бабына сәйкес өзгертілмеген, кері қайтарып алынбаған және қолданысы тоқтатылмаған шешімдер орналастырылады. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті кеден органдары (бұдан әрі – уәкілетті органдар) алдын ала шешімдер жөніндегі деректерді Еуразиялық экономикалық комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) беруді жүзеге асырады.";
2-тармақта:
бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Армения Республикасынан – Армения Республикасының Қаржы министрлігі;";
үшінші абзацтағы "Кедендік бақылау комитеті" деген сөздер "Мемлекеттік кірістер комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың күші жойылды деп танылсын;
7-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Деректер файлдары Комиссияға электронды пошта арқылы жіберіледі.";
алтыншы абзацтың күші жойылды деп танылсын;
көрсетілген Техникалық шарттарға 1-қосымшада:
мәтін бойынша "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"AМ –Армения Республикасы,";
көрсетілген Техникалық шарттарға 2-қосымшаның кестесі басының бірінші бағанындағы "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. Кеден одағы Комиссиясының "Жеке тұлғалар кедендік шекара арқылы өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операциялар жасау тәртібі және мұндай тауарларды кедендік бақылауда жоқ деп тану фактісін көрсету туралы нұсқаулық жөнінде" 2010 жылғы 18 маусымдағы № 311 шешімінде:
а) кіріспедегі және 2-тармақтағы "Жеке пайдалану үшін тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы" халықаралық келісімнің" деген сөздер "2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімнің" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) көрсетілген Шешіммен бекітілген Жеке тұлғалар кедендік шекара арқылы өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операциялар жасау тәртібі және мұндай тауарларды кедендік бақылауда жоқ деп тану фактісін көрсету туралы нұсқаулықта:
мәтін бойынша тиісті түрдегі және септіктегі "Кеден одағына мүше мемлекет" деген сөздер тиісті түрдегі және септіктегі "Одаққа мүше мемлекет" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кеден одағының кеден заңнамасына" деген сөздер "Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың екінші бөлігіндегі "Кеден одағына мүше мемлекеттердің" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі - Одақ) мүше мемлекеттердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
екінші бөліктегі "кеден заңнамасының ережелері" деген сөздер "Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілердің ережелері" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кеден одағының кедендік шекарасы" деген сөздер "Одақтың кедендік шекарасы" деген сөздермен ауыстырылсын, "кеден заңнамасын бұзу" деген сөздер "Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілердің ережелерін бұзу" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөліктегі "заңнаманың" деген сөз "Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Декларацияны тіркеу кезінде кеден органының уәкілетті лауазымды адамы декларацияның декларант толтырмаған жолдарын сызып тастайды және оны тиісінше Армения Республикасының Қаржы министрлігі, Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті және Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметі (бұдан әрі – орталық кеден органдары) белгілеген тәртіппен тіркейді. Тіркелген кезден бастап декларация заңдық маңызы бар фактілер туралы айғақтайтын құжатқа айналады.";
11-тармақтың төртінші бөлігіндегі "Кеден одағының кедендік аумағынан" деген сөздер "Одақтың кедендік аумағынан" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. Кеден одағы Комиссиясының "Кету орнында орналасқан кеден органының кеден одағының кедендік аумағынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуін растау тәртібі туралы" 2010 жылғы 18 маусымдағы № 330 шешімінде:
а) атауындағы және 1-тармақтағы "кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) мәтіндегі нөмірлеу алып тасталсын;
в) көрсетілген Шешіммен бекітілген Кету орнында орналасқан кеден органының кеден одағының кедендік аумағынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуін растау тәртібінде:
атауындағы "кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың төртінші абзацын және 71-тармақтың үшінші абзацын қоспағанда, мәтін бойынша "кеден одағының", "Кеден одағының" деген сөздер "Одақтың" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі–Одақ)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Кеден одағының кеден заңнамасына" деген сөздер "Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "Кеден одағының кеден заңнамасында" деген сөздер "Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
71-тармақта:
екінші абзацтағы "Кеден одағының кеден заңнамасына" деген сөздер "Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "Кеден одағына мүше мемлекеттердің" деген сөздер "Одаққа мүше мемлекеттердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың төртінші абзацындағы "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Уәкілетті органдарды:
Армения Республикасында –Армения Республикасының Қаржы министрлігі;
Беларусь Республикасында – Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті;
Қазақстан Республикасында – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті;
Ресей Федерациясында –Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметі айқындайды.";
көрсетілген Тәртіпке 1 – 3-қосымшалардың атауларында және мәтіні бойынша "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Тәртіпке 1-қосымшаның 12-тармағындағы "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Тәртіпке 2-қосымшаның 3-тармағындағы "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. Кеден одағы Комиссиясының "Еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне немесе еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлар пайдаланыла отырып жасалған (алынған) тауарды Кеден одағының тауары деп тану туралы және еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне немесе еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарлар пайдаланыла отырып жасалған (алынған) тауарды Кеден одағының тауары болып табылмайды деп тану туралы қорытындылардың нысаны, толтырылу тәртібі, берілуі және қолданылуы туралы" 2010 жылғы 17 тамыздағы № 437 шешімінде:
а) атауындағы "Кеден одағының тауары" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың тауары" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кеден одағының тауары болып" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың тауары болып" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 1-тармақтың мәтіні бойынша "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын, "КОТ" деген сөз "ЕАЭОТ" деген сөзбен ауыстырылсын;
в) көрсетілген Шешіммен бекітілген КОТ нысанында:
атауындағы"КОТ" деген сөз "ЕАЭОТ" деген сөзбен ауыстырылсын;
мәтін бойынша "КОТ" деген сөз "ЕАЭОТ" деген сөзбен ауыстырылсын, "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
г) көрсетілген Шешіммен бекітілген ШТ нысанының мәтіні бойынша "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
д) көрсетілген Шешіммен бекітілген АЭА-да немесе еркін қоймада өндірілген тауардың мәртебесі туралы қорытындыларды, КОТ нысанын және ШТ нысанын толтыру тәртібінде:
атауындағы "КОТ" деген сөз "ЕАЭОТ" деген сөзбен ауыстырылсын;
мәтін бойынша "КОТ" деген сөз "ЕАЭОТ" деген сөзбен ауыстырылсын, "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын, "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2-баған – КОТ нысаны қорытындысының немесе ШТ нысаны қорытындысының тіркеу нөмірі көрсетіледі, оны қалыптастыру тәртібін тиісінше Армения Республикасының Қаржы министрлігімен, Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитетімен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен және Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметімен келісу бойынша Уәкілетті орган айқындайды. Тіркеу нөмірін қолмен жазуға немесе оны мөртабан арқылы қоюға жол беріледі;";
он бірінші абзацтағы "Бірыңғай тауар" деген сөздер "бірыңғай тауар" деген сөздермен ауыстырылсын;
е) көрсетілген Шешіммен бекітілген КОТ нысанының қорытындысы мен ШТ нысанының қорытындысын беру және қолдану тәртібінде:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"АЭА-да немесе еркін қоймада өндірілген тауардың мәртебесі туралы қорытындыларды, ЕАЭОТ нысаны мен ШТ нысанын беру және қолдану тәртібі";
мәтін бойынша "КОТ" деген сөз "ЕАЭОТ" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Кеден одағына мүше мемлекеттің тиісті орталық кеден органына (Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитетіне, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетіне, Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметіне)" деген сөздер "тиісінше Армения Республикасының Қаржы министрлігіне, Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитетіне, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне және Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
9. Кеден одағы Комиссиясының "Тауарлардың кедендік құнын декларациялау, бақылау және түзету тәртібі туралы" 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 376 шешімінде:
а) көрсетілген Шешіммен бекітілген Тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібінде:
1-тармақтың екінші абзацын қоспағанда, мәтін бойынша "Кеден одағының" деген сөздер "Одақтың" деген сөзбен ауыстырылсын, "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың екінші абзацындағы "Кеден одағының кеден заңнамасына" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "Кеден одағының кеден заңнамасында" деген сөздер "Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы "бірыңғай" деген сөз, "(бұдан әрі – Кеден одағының кедендік аумағы)" деген сөздер алып тасталсын;
8-тармақта:
бесінші абзацтағы "Кеден одағының кеден заңнамасында" деген сөздер "Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы "Кеден одағына мүше мемлекеттердің өзге де халықаралық шарттарына" деген сөздер "Одақ шеңберіндегі өзге де халықаралық шарттарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтың екінші абзацындағы "Кеден одағына мүше мемлекеттердің өзге де халықаралық шарттарында" деген сөздер "Одақ шеңберіндегі өзге де халықаралық шарттарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақтағы "ЕурАзЭҚ шеңберінде" деген сөздер алып тасталсын;
22-тармақта:
2а бағанды толтыру тәртібі бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Армения Республикасы үшін – салық төлеушінің есептік нөмірі (СЕН);";
2б бағанды толтыру тәртібі бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Армения Республикасы үшін – салық төлеушінің есептік нөмірі (СЕН);";
"Тауар №" бағанын толтыру тәртібінің үшінші абзацындағы "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
23-тармақта:
2а бағанды толтыру тәртібі бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Армения Республикасы үшін – салық төлеушінің есептік нөмірі (СЕН);";
2б бағанды толтыру тәртібі бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Армения Республикасы үшін – салық төлеушінің есептік нөмірі (СЕН);";
7-бағанды толтыру тәртібінің екінші абзацындағы "Кеден одағының кеден заңнамасының" деген сөздер "Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
24-тармақта Б бөлімін толтыру тәртібінің төртінші абзацындағы "Кеден одағының кеден заңнамасының" деген сөздер "Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Тәртіпке № 1 қосымшаның мәтіні бойынша "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Тәртіпке № 2 қосымшада:
мәтін бойынша "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын;
КҚД-1 нысанының 8а, 9а, 14, 14г, 17, 18, 22 және 23-бағандарындағы "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
КҚД-1 нысанының 21-бағанындағы "кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Тәртіпке № 3 қосымшада:
КҚД-2 нысанының "Маңызды ақпарат" бағанын және "*" белгісі бар сілтемені қоспағанда, мәтін бойынша "Кеден одағының", "кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын, "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын;
КҚД-2 нысанының "*" белгісі бар сілтемесінің екінші абзацындағы "Кеден одағының ішкі нарығында" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығында" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кеден одағының аумағында" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) көрсетілген Шешіммен бекітілген Тауарлардың кедендік құнын бақылау тәртібінде:
мәтін бойынша тиісті түрдегі және септіктегі "Кеден одағына мүше мемлекет" деген сөздер тиісті түрдегі және септіктегі "Одаққа мүше мемлекет" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың бірінші абзацындағы "Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) кедендік аумағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың мәтіні бойынша "Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағынан" деген сөздер "Одақтың кедендік аумағынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші абзацындағы және 11-тармақтың бірінші абзацындағы "Кеден одағының кеден заңнамасында" деген сөздер "Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Тәртіпке № 1 қосымшаның "*" және "**" белгісі бар сілтемелеріндегі "Кеден одағына мүше мемлекеттердің" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Тәртіпке № 3 қосымшада:
мәтін бойынша "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "бірыңғай" деген сөз алып тасталсын;
11-тармақтағы "бірыңғай" деген сөз алып тасталсын;
13-тармақтың үшінші абзацындағы "Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) көрсетілген Шешіммен бекітілген Тауарлардың кедендік құнын түзету тәртібінде:
5-тармақта:
мәтін бойынша "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында" деген сөздер "шеңберіндегі халықаралық шарттарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
6 және 7-тармақтардағы "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. Кеден одағы Комиссиясының "Көлік құралына арналған кедендік декларацияның нысаны және оны толтыру тәртібі туралы нұсқаулық туралы" 2010 жылғы 14 қазандағы № 422 шешімінде:
а) 1-тармақта:
мәтін бойынша "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "бірыңғай" деген сөз алып тасталсын;
б) 2-тармақтағы "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) көрсетілген Шешіммен бекітілген Көлік құралына арналған кедендік декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулықта:
мәтін бойынша тиісті түрдегі және септіктегі "Кеден одағына мүше мемлекет" деген сөздер тиісті түрдегі және септіктегі "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағынан" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта:
алтыншы абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "ХТКК Армения Республикасында декларациялау кезінде елдің үш мәнді цифрлық коды, "000" цифрлары және Армения Республикасында қолданылатын кеден органдарының сыныптауышына сәйкес келген жерде орналасқан кеден органының екі мәнді коды көрсетіледі.";
жетінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Армения Республикасында – 05100011;";
сегізінші және тоғызыншы абзацтардағы тырнақша белгілері алып тасталсын.
11. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Керек-жарақтарды кедендік декларациялау кезінде кедендік декларация ретінде пайдаланылатын көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар қамтылуға тиіс мәліметтердің тізбесі туралы" 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 290 шешімінде:
а) 2-тармақтың екінші бағанындағы "Кеден одағының кедендік шекарасы" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағынан" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) көрсетілген Шешіммен бекітілген керек-жарақтарды кедендік декларациялау кезінде кедендік декларация ретінде пайдаланылатын көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар қамтылуға тиіс мәліметтердің тізбесінде:
мәтін бойынша "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың "в" тармақшасы "төлеушінің" деген сөздің алдынан "салық төлеушінің есептік нөмірі (СЕН) (Армения Республикасында), немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың "в" тармақшасы "төлеушінің" деген сөздің алдынан "салық төлеушінің есептік нөмірі (СЕН) (Армения Республикасында), немесе" деген сөздермен толықтырылсын".
12. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық комиссияның тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы шешімдер қабылдауының тәртібі туралы" 2013 жылғы 2 желтоқсандағы № 284 шешімінде:
а) 3-тармақтағы "Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) көрсетілген Шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы шешімдер қабылдауының тәртібінде:
мәтін бойынша "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың бірінші абзацындағы "Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кеден одағына мүше мемлекеттердің" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті" деген сөздер "Армения Республикасының Қаржы министрлігі, Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтың "г" тармақшасындағы "Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын құрайтын шарттарға" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын шарттар мен актілерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың "в" тармақшасындағы "Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын құрайтын шарттарға" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын шарттар мен актілерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақтың бірінші абзацындағы "Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын құрайтын шарттардың" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын шарттар мен актілердің" деген сөздермен ауыстырылсын.
13. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тауарларға арналған декларацияда көрсетілген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және Кеден одағының комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешімінде:
а) көрсетілген Шешіммен бекітілген Тауарларға арналған декларацияда көрсетілген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібінде:
3-тармақтағы "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың "б" тармақшасындағы "Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтың "б" тармақшасының бірінші абзацындағы "Кеден одағының кеден заңнамасында" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын шарттар мен актілерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Тәртіпке № 1 қосымшаның кестесі басының екінші бағанында "Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес" деген сөздер алып тасталсын;
б) көрсетілген Шешіммен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны түзету нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулықта:
мәтін бойынша тиісті түрдегі және септіктегі "Кеден одағына мүше мемлекет" деген сөздер тиісті түрдегі және септіктегі "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ "Қазақстан" деген сөздің алдынан "Армения Республикасында," деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақта:
5-тармақшаның бірінші абзацындағы (кестеден кейін) "Кеден одағының кеден заңнамасына" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын шарттар мен актілерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақшаның жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтарындағы (кестеден кейін) "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақшаның бесінші абзацындағы (кестеден кейін) "Қазақстан Республикасында" деген сөздер "Армения Республикасында және Қазақстан Республикасында" деген сөздермен ауыстырылсын.