Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 7-тармағының, 43-тармағы 2) тармақшасының және 44-тармағының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша), сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы" 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 105 шешімінің негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Мыналардың:
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Көлік және инфрақұрылым жөніндегі консультативтік комитет туралы" 2012 жылғы 7 маусымдағы № 70 шешімінің 2-тармағы үшінші абзацының және 3-тармағының;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Табиғи монополиялар жөніндегі консультативтік комитет туралы" 2012 жылғы 28 маусымдағы № 97 шешімі 3-тармағының;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Көлік және инфрақұрылым жөніндегі консультативтік комитет туралы" 2012 жылғы 7 маусымдағы № 70 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 19 ақпандағы № 20 шешімінің 1-тармағы "б") тармақшасының;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Көлік және инфрақұрылым жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 27 тамыздағы № 179 шешімінің;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Табиғи монополиялар жөніндегі консультативтік комитеттің құрамы туралы және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жекелеген шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2014 жылғы 1 қыркүйектегі № 150 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы В. Христенко |