2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. ЕАЭО СЭҚ ТН 8901 10 100 1 кодымен жіктелетін теңіз паромдарының жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2018 жылғы 31 желтоқсан аралығында кеден құнының 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне 26С ескертудегі (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) "31.12.2014 аралығында" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 19 мамырдағы № 57 шешімі күшіне енген күннен бастап 31.12.2018 аралығында" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |