Кедендік декларацияны өзіне қатысты беру Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды ұсынумен ілесе жүретін өнімдер тізбесін бекіту туралы
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде өзіне қатысты міндетті талаптар белгіленетін өнімдерді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы
29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Кедендік декларацияны өзіне қатысты беру Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды ұсынумен ілесе жүретін өнімдердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 шілдедегі № 77 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Кедендік декларацияны өзіне қатысты беру Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) талаптарына сәйкестікті бағалау
туралы құжаттарды ұсынумен ілесе жүретін өнімдер ТІЗБЕСІ
Өнімнің атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды |
Сәйкестікті бағалау | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 |
Көлік құралдары | |||
1. Мотокөлік құралдары |
8703 |
көлік құралының типін мақұлдау немесе |
соның ішінде: |
2. Кемінде 4 доңғалағы бар және жолаушылар тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдары |
8702 | көлік құралының типін мақұлдау немесе шассидің типін мақұлдау немесе көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік |
M1 санаты: |
3. Жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдары ‒ жүк автомобильдері және олардың шассилері (N санаты) |
8701 20 101 | көлік құралының типін мақұлдау немесе шассидің типін мақұлдау немесе көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік |
соның ішінде: |
4. L, M және N санаттарындағы көлік құралдарына тіркемелер (жартылай тіркемелер) (O санаты) | 8716 | көлік құралының типін мақұлдау немесе шассидің типін мақұлдау немесе көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік |
соның ішінде: |
Көлік құралдарының құрауыштары | |||
5. Мәжбүрлі оталдырылатын қозғалтқыштар |
8407 31 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
6. Сығылу арқылы тұтанатын қозғалтқыштар |
8408 20 510 3 | сәйкестік сертификаты | |
7. Қозғалтқышты газ тәріздес отынмен (компримирленген табиғи газбен ‒ КТГ, сұйытылған мұнай газымен – СМГ (немесе сұйытылған көмірсутегі газымен ‒ СКГ), сұйытылған табиғи газбен ‒ СТГ, отындық диметилді эфирмен ‒ оДМЭ) қоректендіруге арналған жабдық: |
3917 | сәйкестік сертификаты | |
8. Пайдаланылған газдарды бейтараптандыру жүйелері, соның ішінде ауыстырылатын катализаторлық бейтараптандырғыштар (мочевина негізіндегі бейтараптандыру жүйелерін қоспағанда) |
7115 | сәйкестік сертификаты | |
9. Қозғалтқыштардың пайдаланылған газдарын шығаратын ауыстырымды жүйелер, соның ішінде бәсеңдеткіштер мен резонаторлар |
8708 92 350 9 | сәйкестік сертификаты | |
10. Жанармай бактары, құю қылталары және жанармай бактарының тығындары |
3926 90 970 9 |
сәйкестік сертификаты | |
11. Дискілі және барабанды тежегіштер үшін қаптамалары бар колодкалар жиынтығы, барабанды және дискілі тежегіштер үшін фрикциялық қаптамалар |
6813 20 000 9 | сәйкестік сертификаты | |
12. Гидравликалық тежеу жетегінің аппараттары: |
8481 80 591 0 | сәйкестік сертификаты | |
13. Тежеу жетегінің, ілінісу және руль жетегінің гидравликалық жүйелерінің түтікшелері мен шлангілері, соның ішінде орамдалған (соның ішінде 11 және 12 полиамидтер негізіндегі материал қолданылған) шлангілер |
3917 | сәйкестік сертификаты | |
14. Тежеу механизмдері жиынтығы, тежеу дискілері мен барабандары, пневматикалық тежеу камералары |
8708 30 910 9 | сәйкестік сертификаты | |
15. Пневматикалық тежеу жетегінің аппараттары: |
8421 39 200 9 | сәйкестік сертификаты | |
16. Компрессорлар |
8414 80 220 0 | сәйкестік сертификаты | |
17. Автомобильдерді рульдік басқарудың тораптары мен бөлшектері: |
8412 21 800 8 | сәйкестік сертификаты | |
18. Мотоцикл типті рульдер | 8714 10 000 0 |
сәйкестік сертификаты | |
19. Аспаның және рульдік басқарудың шар тәрізді топсалары |
8708 80 990 9 | сәйкестік сертификаты | |
20. Көлік құралдарының доңғалақтары |
8708 70 500 9 | сәйкестік сертификаты | |
21. Жеңіл автомобильдер мен олардың тіркемелері үшін пневматикалық шиналар | 4011 10 000 | сәйкестік сертификаты | |
22. Жеңіл жүк таситын және жүк таситын автомобильдер мен олардың тіркемелері, автобустар мен троллейбустар үшін пневматикалық шиналар | 4011 20 | сәйкестік сертификаты | |
23. Мотоциклдер, мотороллерлер, квадрициклдер мен мопедтер үшін пневматикалық шиналар | 4011 40 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
24. Уақытша пайдалануға арналған қосалқы доңғалақтардың пневматикалық шиналары | 4011 |
сәйкестік сертификаты | |
25. Автомобильдер мен олардың тіркемелері үшін қалпына келтірілген пневматикалық шиналар |
4012 11 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
26. Тіркеу құрылғылары |
8708 29 900 9 | сәйкестік сертификаты | |
27. Автоөзіаударғыштардың гидравликалық төңкергіш механизмдері: |
8412 21 200 9 |
сәйкестік сертификаты | |
28. Көлік құралдары кабиналарын төңкерудің гидравликалық механизмдері: |
8412 21 200 9 |
сәйкестік сертификаты | |
29. Автоөзіаударғыштың рульдік басқару гидрокүшейткішінің және платформасын төңкергіштің майысқақ түтіктері |
4009 21 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
30. Мотоциклдер үшін бамперлер мен қорғаныш доғалары |
8708 10 900 9 |
сәйкестік сертификаты | |
31. Жүк автомобильдерінің және тіркемелердің артқы және қапталдағы қорғаныш құрылғылары |
8708 29 900 9 | сәйкестік сертификаты | |
32. Автомобильдердің отырғыштары | 9401 20 000 9 |
сәйкестік сертификаты | |
33. Отырғыштардың | 9401 90 800 9 |
сәйкестік сертификаты | |
34. Қауіпсіздік белдіктері | 8708 21 900 9 |
сәйкестік сертификаты | |
35. Қауіпсіздік көпшіктері | 8708 95 990 9 |
сәйкестік сертификаты | |
36. Балаларға арналған ұстап қалу құрылғылары |
9401 71 000 1 | сәйкестік сертификаты | |
37. Қауіпсіз әйнектер |
7007 11 100 9 | сәйкестік сертификаты | |
38. Артқы көрініс айнасы | 7009 10 000 9 |
сәйкестік сертификаты | |
39. Әйнек тазартқыштар және олардың қосалқы бөліктері (моторедукторлар, щеткалар) |
8501 10 990 0 |
сәйкестік сертификаты | |
40. Фар тазартқыштар және олардың қосалқы бөліктері (моторедукторлар) |
8501 10 990 0 |
сәйкестік сертификаты | |
41. Жақынға жарық түсіретін және алысқа жарық түсіретін автомобиль фарлары | 8512 20 000 9 | сәйкестік сертификаты | |
42. Фарлар мен фонарьлар үшін қатты қыздыру шамдары |
8539 21 300 9 | сәйкестік сертификаты | |
43. Жарық қайтарғыш тетіктер (жарық қайтарғыштар) |
3926 90 970 9 | сәйкестік сертификаты | |
44. Артқы тіркеу белгісіне жарық түсіру фонарьлары, бұрылысты көрсеткіштер, габариттік және контурлық шамдар, тежеу сигналы, тұманға қарсы фарлар, мотоциклдер мен квадрициклдердің жарық түсіру және жарықпен сигнал беру құрылғылары, көлік құралдарының артқа жүріс фонарьлары, HSB галогенді лампа-фарлары, тұманға қарсы артқы шамдар, мопедтер үшін фарлар, мотоциклдер үшін фарлар, ескерту жарықтары, мотоциклдер үшін HS галогенді лампалары бар фарлар, мопедтер үшін жақынға жарық түсіретін және алысқа жарық түсіретін фарлар, тұрақ шамдары, мопедтер үшін HS2 галогенді лампалары бар фарлар, күндізгі жүріс шамдары, қапталдағы габариттік шамдар,газ-разрядты жарық көздері бар фарлар | 8512 20 000 9 | сәйкестік сертификаты | |
45. Газ-разрядты жарық көздері | 8539 32 900 0 |
сәйкестік сертификаты | |
46. Дыбыстық сигнал беретін аспаптар | 8512 30 900 9 |
сәйкестік сертификаты | |
47. Спидометрлер, олардың датчиктері және спидометрлерді қосатын аспаптардың комбинациялары |
8708 29 900 9 | сәйкестік сертификаты | |
48. Жылдамдықты шектеу құрылғылары |
8409 91 000 9 | сәйкестік сертификаты |
соның ішінде: |
49. Жүргізушілердің қозғалыс, еңбек және демалыс режимдерін сақтауын бақылаудың техникалық құралдары (тахографтар) |
9029 10 000 9 | сәйкестік сертификаты | |
50. Көлік құралдары үшін дабылды сигнал беру жүйелері, айдап кетуге қарсы және күзету құрылғылары |
8512 20 000 9 | сәйкестік сертификаты | |
51. Ақырын жүретін көлік құралдарының артқы айырып-тану белгілері |
3919 |
сәйкестік сертификаты | |
52. Тым ұзын әрі жүк көтерімділігі жоғары көлік құралдарының артқы айырып-тану белгілері |
3919 |
сәйкестік сертификаты | |
53. Тым ұзын әрі жүк көтерімділігі жоғары көлік құралдары үшін жарық шағылысатын таңбалау | 3919 | сәйкестік сертификаты | |
54. Ескерту үшбұрыштары |
3926 90 970 9 |
сәйкестік сертификаты | |
55. Аккумуляторлық стартерлік батареялар |
8507 10 200 3 |
сәйкестік сертификаты | |
56. Сым бұраулары | 8544 30 000 7 |
сәйкестік сертификаты | |
57. Оталдыру жүйесінің жоғары кернеулі сымдары | 8544 30 000 7 |
сәйкестік сертификаты | |
58. Авариялық жай-күйдің көрсеткіштері мен датчиктері |
8541 50 000 0 |
сәйкестік сертификаты | |
59. Турбокомпрессорлар | 8414 80 110 0 |
сәйкестік сертификаты | |
60. Цилиндр-поршень тобының және газ бөлу механизмінің бөлшектері, иінді біліктер, мойынтірек ішпектері және шатундар |
8409 91 000 9 | сәйкестік сертификаты | |
61. Мәжбүрлі оталдырылатын қозғалтқыштардың отынды бүрку жүйелері және олардың ауыстырылатын элементтері |
8409 91 000 9 | сәйкестік сертификаты |
соның ішінде: |
62. Іштен жанатын қозғалтқыштар үшін ауа тазартқыштар және олардың ауыстырылатын элементтері |
8421 31 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
63. Май тазарту сүзгілері және олардың ауыстырылатын элементтері, дизельдер отынын тазарту сүзгілері және олардың ауыстырылатын элементтері, мәжбүрлі оталдырылатын қозғалтқыштар отынын тазарту сүзгілері және олардың ауыстырылатын элементтері |
8421 23 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
64. Жоғары қысымды отын сорғылары, отынды тартып-айдайтын сорғылар, плунжерлі жұптар және дизельдер үшін форсункалар мен форсункалардың бүріккіштері |
8409 91 000 9 | сәйкестік сертификаты | |
65. Жылу алмастырғыштар және термостаттар |
8419 50 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
66. Суытудың сұйықтықты жүйелерінің сорғылары | 8413 30 800 8 |
сәйкестік сертификаты | |
67. Іліністер және олардың бөліктері | 8708 93 900 9 |
сәйкестік сертификаты | |
68. Кардандық берілістер, жетекті біліктер, тең емес және тең бұрыштық жылдамдықтардың топсалары | 8708 99 970 9 | сәйкестік сертификаты | |
69. Дифференциалы бар жетекші белдіктер жиынтығы және жартылай осьтер |
8708 50 350 9 | сәйкестік сертификаты | |
70. Аспаның серпімді элементтері (табақшалы рессорлар, серіппелер, аспаның торсиондары, көлденеңді орнықтылықты тұрақтандырғыштар, пневматикалық серпімді элементтер) |
4016 99 570 9 | сәйкестік сертификаты | |
71. Аспаның (амортизаторлар, амортизаторлық тіреулер және амортизаторлық тіреулердің патрондары) және руль жетегінің бәсеңдеткіш элементтері |
8708 80 350 2 | сәйкестік сертификаты | |
72. Аспаның бағыттаушы аппаратының бөлшектері (иінтіректер, реактивті штангілер, олардың сұққылары, резеңке-металл топсалар, тіректердің мойынтіректері мен втулкалары, аспа жүрісін шектегіштер) |
4016 99 520 9 | сәйкестік сертификаты | |
73. Күпшектердің (соның ішінде декоративтік) қалпақтары, доңғалақтарды бекіту элементтері және доңғалақтарды теңгерімдеу жүктері |
7318 15 900 9 | сәйкестік сертификаты | |
74. Мәжбүрлі оталдырылатын қозғалтқыштар үшін оталдыру жүйесінің бұйымдары (таратқылар, таратқы-датчиктер, оталдыру катушкалары, оталдыру модульдері, электрондық коммутаторлар, контроллерлер, датчиктер, үзгіштер) |
8511 30 000 1 | сәйкестік сертификаты | |
75. Ұшқындық оталдыру свечалары және қатты қыздыру свечалары |
8511 10 000 1 |
сәйкестік сертификаты | |
76. Электрлі генераторлар, түзеткі блоктар, электр қозғалтқыштар (желдеткіштердің, бензин сорғыларының, әйнек жуғыштардың, әйнек көтергілердің, жылытқыштардың, айналарды басқарудың, есіктерді бұғаттаудың жетектері) |
8501 10 990 0 |
сәйкестік сертификаты | |
77. Стартерлер, жетектер және стартерлер релесі |
8511 40 000 1 |
сәйкестік сертификаты | |
78. Электрмен жабдықтау тізбектерінің, іске қосудың, оталдырудың, сыртқы жарық және дыбыс аспаптарының, әйнек тазартқыштардың, отын беру жүйелерінің коммутациялық, қорғаныштық және қондырғылық аппаратурасы мен ажырамалы жалғаныстар |
8533 29 000 0 |
сәйкестік сертификаты | |
79. Шанақтың және бампердің декоративтік бөлшектері, радиатордың торкөздері, фаралардың маңдайшалары мен жиектері |
3926 90 970 9 |
сәйкестік сертификаты | |
80. Шанақтың қаптал беттеріндегі тұтқалар (сыртқы және ішкі) мен есіктегі тұзақтар, есіктерді және жүксалғыштарды бүйірден ашудың сыртқы батырмалары |
8302 10 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
81. Есіктердің құлыптары | 8301 20 000 9 |
сәйкестік сертификаты | |
82. Қорғаныштық резеңке және резеңке-металл бөлшектер (қалпақшалар, сыртқы қаптары, нығыздағыш сақиналар, тежеуіштердің және іліністердің гидрожетегі үшін манжеттер, рульдік басқару топсаларының, кардандық біліктер аспаларының сыртқы қаптары) |
4016 93 000 5 |
сәйкестік сертификаты | |
83. Цилиндрлер блогы бастиектерінің, коллекторлардың, газбаллонды аппаратураның нығыздағыштары және нығыздағыш сақиналар |
4016 93 000 5 |
сәйкестік сертификаты | |
84. Іліністерді ажырату муфталары, доңғалақтардың күпшектері, доңғалақтардың жартылай осьтері (соның ішінде мойынтіректері бар жиынтық), іліністерді ажырату муфталарының, доңғалақтар күпшектерінің және доңғалақтардың жартылай осьтерінің мойынтіректері |
8482 10 900 8 |
сәйкестік сертификаты | |
85. Ауа-сұйықтықты жылытқыштар, интегралдық салқындатқыштар және жылытқыш-салқындатқыштар |
3917 |
сәйкестік сертификаты | |
86. Сұйық немесе газ тәріздес отынмен жүретін көлік құралдарының борттық желісінен жұмыс істейтін, автоматты әрекеттегі тәуелсіз ауа және сұйықтықты қыздырғыш-жылытқыштар, соның ішінде іске қосу алдындағы қыздырғыштар |
7322 90 000 9 |
сәйкестік сертификаты | |
87. Гидравликалық және механикалық домкраттар |
8425 42 000 0 |
сәйкестік сертификаты | |
88. Шынжырлар және іштен жанатын қозғалтқыштар үшін шынжырлардың керу құрылғылары |
7315 11 900 0 |
сәйкестік сертификаты | |
89. Автомобильдердің қозғалтқыштары үшін желдеткіштік сыналы және үйлестіргіш көп сыналы белдіктер және автомобиль қозғалтқыштарының газтаратқыш механизмінің тісті белдіктері |
4010 31 000 0 | сәйкестік сертификаты | |
90. Көлік құралдары үшін | 4016 99 570 9 |
сәйкестік сертификаты | |
91. Мотоциклдердің және мопедтердің жүргізушілері мен жолаушылары үшін қорғаныш шлемдері | 6506 10 | сәйкестік сертификаты | |
92. Автомобиль жүксалғыштары және жүк жылжыған кезде жолаушыларды қорғауға арналған арақабырғалар жүйелері | 8708 29 900 9 | сәйкестік сертификаты | |
93. ІІ және ІІІ сыныпты |
1401 10 000 0 | сәйкестік сертификаты |
негізінен отырғыштарда отыратын жолаушыларды тасымалдауға арналған және түрегеп тұратын жолаушыларды адам өтетін жерде және (немесе) екі жолаушы отырғышының ауданынан аспайтын алаңда тасымалдау мүмкіндігі бар, сыйымдылығы жүргізушіден басқа 22 жолаушыдан асатын ІІ сыныпты М3 санатындағы көлік құралдары және отырғыштарда отыратын жолаушыларды ғана тасымалдауға арналған |
94. Радио, телевизиялық, спутниктік навигация жүйелерінің сыртқы антенналары |
8517 70 150 0 | сәйкестік сертификаты | |
95. Алдыңғы жарық түсірудің адаптивтік жүйелері | 8512 20 000 9 | сәйкестік сертификаты | |
96. Доңғалақтар астынан шашыратуды азайтуға арналған құрылғылар |
8708 29 900 9 | сәйкестік сертификаты | |
97. Сырғанауға қарсы шиптер | 7317 00 900 1 |
сәйкестік сертификаты | |
98. Спутниктік навигация аппаратурасы, шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысы |
8526 91 200 0 | сәйкестік сертификаты |
Ескертулер: 1. Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін өнімнің атауын да (4-бағанда
келтірілген ескертулерді ескере отырып), ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да
басшылыққа алу қажет.
2. Тізбе мынадай көлік құралдарына және олардың шассилеріне
қолданылмайды:
конструкцияларында көзделген ең жоғары жылдамдығы 25 км/с аспайтын;
спорт жарыстарына қатысуға ғана арналған;
шығарылған күнінен бастап 30 және одан да көп жыл өткен L және M1
санаттарындағы, сондай-ақ жолаушылар мен жүктерді коммерциялық
тасымалдауларға арналмаған, шығарылған күнінен бастап 50 және одан да
көп жыл өткен, бірегей қозғалтқышы, шанағы мен рамасы бар бола
отырып, сақталған немесе бірегей жай-күйдегі қалпына келтірілген М2, М3
және N санаттарындағы;
Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына 6 айдан аспайтын мерзімге
әкелінетін және иеліктен шығару мүмкіндігін көздемейтін кедендік
рәсімдерге қойылатын;
жеке тұлғалардың, соның ішінде шет елдерде тұратын адамдардың ерікті
түрде қоныс аударуына жәрдемдесу жөніндегі ұлттық мемлекеттік
бағдарламаларға қатысушылар болып табылатын не белгіленген тәртіппен
босқындар немесе мәжбүрлі түрде қоныс аударушылар болып танылған
адамдардың Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына жеке мүлкі
ретінде әкелетін;
халықаралық құқықтың көпшілік таныған қағидаттары мен нормаларына
сәйкес артықшылықтарды және иммунитеттерді пайдаланатын
дипломатиялық және консулдық өкілдіктерге, халықаралық
(мемлекетаралық) ұйымдарға, сондай-ақ осы өкілдіктердің (ұйымдардың)
қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне тиесілі;
жол талғамайтын ауыр жүктерді тасымалдайтын көлік құралдары.