2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) ЕАЭО СЭҚ ТН 8108 30 000 0 кодымен сыныпталатын титан қалдықтары мен сынықтарына қатысты кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі осы шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 8108 30 000 0 коды бар позицияның төртінші графасы ескертуге "57С)" деген сілтемемен толықтырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескерту мынадай мазмұндағы 57С ескертуімен толықтырылсын:
"57С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 89 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта қолданылады.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |