1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 75 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитеттің құрамы "Қазақстан Республикасынан" деген бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы "Қырғыз Республикасынан" деген бөліммен толықтырылсын:
"Қырғыз Республикасынан
Бейшенкулов | - | Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Ветеринарлық және фитосанитариялық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекция директорының орынбасары – Қырғыз Республикасының бас мемлекеттік фитосанитариялық инспекторы |
Бирназаров | - | Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі Кеден ісін ұйымдастыру басқармасының бастығы |
Джусупова | - | Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Дәрілік қамтамасыз ету және медициналық техника департаменті директорының орынбасары |
Жумалиев | - | Қырғыз Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі жанындағы Автомобиль және су көлігі мемлекеттік агенттігі директоры орынбасарының міндетін атқарушы |
Жусупов | - | Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекция директорының орынбасары –Қырғыз Республикасының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы |
Исаев | - | Қырғыз Республикасы Ауыл шаруашылығы және мелиорация министрлігі Өсімдіктерді химиялау және қорғау департаменті директорының орынбасары |
Исмаилова | - | Қырғыз Республикасы Мемлекеттік шекара қызметі Шекаралық бақылау басқармасының бөлім бастығы |
Мамбеталиев | - | Қырғыз Республикасы Мемлекеттік шекара қызметі төрағасының бірінші орынбасары – Бас штабының бастығы |
Мусабеков | - | Қырғыз Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль көлігі бөлімінің жетекші маманы |
Сулайманов | - | Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі төрағасының бірінші орынбасары |
Сыдыканов | - | Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары |
Чодуев | - | Қырғыз Республикасы Ауыл шаруашылығы және мелиорация министрінің орынбасары". |
2. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы А. Слепнев |