2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабының 6-тармағына және "Еуразиялық экономикалық одақ органдарының қаржылық-шаруашылық қызметіне ревизия жүргізу мәселелерін регламенттейтін актілерді бекіту туралы" Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 6 шешімінің 2-тармағына сәйкес:
1. 2015 жылғы 5 – 23 қазан аралығындағы кезеңде Еуразиялық экономикалық комиссияның 2012 – 2014 жылдардағы қаржылық-шаруашылық қызметіне ревизия жүргізілсін.
2. Ревизиялық топ мынадай құрамда бекітілсін:
Беларусь Республикасынан
Синявская | – | Беларусь Республикасы Қаржы министрлігінің Бас бақылау-ревизиялық басқармасы бақылау жұмысын ұйымдастыру басқармасының консультанты |
Скиба | – | Беларусь Республикасы Қаржы министрлігінің Бас бақылау-ревизиялық басқармасы қылмыстық қудалау органдары мен соттардың тапсырмалары бойынша тексерулер жүргізу басқармасының бас бақылаушы-ревизоры |
Қазақстан Республикасынан | ||
Әбдинова | – | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау басқармасының бас сарапшысы |
Сүлейменова | – | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау басқармасының бас сарапшысы |
Ресей Федерациясынан | ||
Ардасенов | – | Федералдық қаржылық-бюджеттік қадағалау қызметінің Әлеуметтік салада федералдық бюджет қаражаттарын, бюджетаралық трансферттерді және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар қаражаттарын қаржылық бақылау басқармасы бастығының орынбасары (ревизиялық топ төрағасы). |
3. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |