2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымшаның 43-тармағы 4, 6, 8 және 10-тармақшаларында көзделген Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін халықаралық шарттармен реттелетін мәселелер бойынша мемлекетаралық іс-шаралар (консультациялар) өткізу кезінде осы Ұсыным ресми жарияланған күннен бастап:
Комиссия өкілдерінің көрсетілген іс-шараларға (консультацияларға) қатысуы тиісті халықаралық шарттарды іске асыру тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін ескеруге,
Комиссияны жазбаша және (немесе) электрондық түрде ақпарат жіберу арқылы алда тұрған іс-шаралар (консультациялар) туралы хабардар етуге ұсыным жасайды.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |