Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2016-2017 жылдарға арналған негізгі бағдарлары туралы

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 5 шешімі.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2016-2017 жылдарға арналған негізгі бағдарлары бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтеріне макроэкономикалық саясатты жүргізген кезде осы Шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2016-2017 жылдарға арналған негізгі бағдарларын ескеруге ұсыным берілсін.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер макроэкономикалық саясат саласында іске асыратын шараларға мониторинг жүргізсін және мұндай шаралардың осы Шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2016-2017 жылдарға арналған негізгі бағдарларына сәйкестігін бағаласын.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

  Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің
2016 жылғы 31 мамырдағы
№ 5 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2016-2017 жылдарға арналған НЕГІЗГІ БАҒДАРЛАРЫ

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) сәйкес әзірленген және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 16 қазандағы № 28 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық дамуының негізгі бағыттарымен белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған осы құжат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – тиісінше Одақ, мүше мемлекеттер) экономикалары үшін неғұрлым маңызды 2016-2017 жылдарға арналған қысқа және орта мерзімді міндеттерді айқындайды және оларды шешу жөніндегі ұсынымдарды қамтиды.

      2015 жылы мүше мемлекеттердің экономикалық дамуы сыртқы экономикалық конъюктурада теріс үрдістердің өсу жағдайларында өтті, бұл ішкі теңгерімсіздіктердің тереңдеуіне және ұлттық экономикалардың құлдырауына әкелді.

      Шикізат ресурстарын өндіру көлемін сақтау аясында әлемдік экономиканың өсу қарқынының бәсеңдеуі мүше мемлекеттер экспорттайтын мұнайдың және негізгі шикізат тауарларының бағасын төмендеу үрдісін күшейтті.

      2015 жылы энергия тасымалдағыштардың, металдың және ауыл шаруашылығы өнімінің әлемдік бағасы елеулі түрде төмендеді, осы тауарларға сұраныс азаюының аясында ұлттық экономикалардың импортқа жоғары тәуелділігін сақтай отырып, экспорттық кірістерді елеулі қысқартуға әкелді және мүше мемлекеттердің төлемдік теңгерімдерінің жай-күйіне теріс әсер етті.

      Теріс әсердің күшеюіне дамушы нарықтардан дамыған нарықтарға инвестициялық ағындарды қайта бағдарлаудың жаһандық үрдістеріне де компаниялардың сыртқы қарыз міндеттемелерін өтеуіне байланысты мүше мемлекеттерден капиталдың сақталған жылыстауы ықпал етті.

      Сонымен қатар мүше мемлекеттердің төлемдік теңгерімдеріне импортты бәсеңдетудің елеулі қарқындары оң әсер етті, алайда ұлттық экономикалардың жоғары ашықтығы, оның ішінде импортталатын өнімге ұлттық өндірістердің маңыздылығы мүше мемлекеттердің теріс сыртқы тәуекелдердің әсер ету жағдайларында әлсіреуін арттырады.

      Мүше мемлекеттердің неғұрлым икемді бағыт қалыптастыруға өтуі және осының салдарынан олардың ұлттық валюталары бағамдарының резервтік әлемдік валюталарға қатысты әлсіреуі сыртқы нарықтарда мүше мемлекеттер тауарларының бағалық бәсекеге қабілеттілігін арттырды және бірқатар мүше мемлекеттердің экспорттық кірістерінің құлдырауын қысқартты, сондай-ақ олардың халықаралық резервтік активтеріне қысымды төмендетуге ықпал етті. Сонымен қатар мүше мемлекеттердің ұлттық валюталары бағамдарының елеулі құбылмалығы экономикалық қызмет субъектілерінің девальвациялық және инфляциялық күткендерін арттыруға, Одақтың ішкі нарығында импорттық және ұлттық өнім бағасының өсімін жылдамдатуға және мүше мемлекеттер тұрғындарының нақты кірістерін азайтуға әкеліп соқты.

      Жалпы жеке және заңды тұлғаларға кредит беру қарқындарын төмендету арқылы бұл факторлар мүше мемлекеттерде тұтынушылық және инвестициялық белсенділікті және жалпы ішкі сұранысты қысқартуға әсер етті.

      Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасында ішкі сұранысқа басқа мүше мемлекеттерде еңбек қызметін жүзеге асыратын азаматтардың ақша аударымдары көлемінің қысқаруы да теріс әсер етті.

      Армения Республикасының, Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының экономикалық даму қарқындарының 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда тиісінше 103,5 пайыздан 103,1 пайызға, 104,4 пайыздан 101,2 пайызға және 104,0 пайыздан 103,5 пайызға бәсеңдеуімен сипатталады.

      Теріс сыртқы және ішкі факторлардың әсер ету жағдайларында Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясында 2015 жылдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің тиісінше 96,1 пайызға және 96,3 пайызға қысқарғаны байқалады.

      Мүше мемлекеттердің үкіметтік және ұлттық (орталық) банктері қабылдаған шаралар ұлттық экономикаға сыртқы экономикалық конъюктураның қолайсыз әсер етуін жұмсартуға ықпал етті.

      2015 жылы мүше мемлекеттердің интеграциялық процестерінің тереңдеуі мен тауарлардың, капиталдың, қызметтер көрсетудің және жұмыс күшінің еркін қозғалысына жағдай жасау негізі болып табылатын Одақтың жұмыс істей бастауы мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын жандандыру үшін жаңа мүмкіндіктер жасады және Одақ саудасының ортақ көлемінде өзара сауданың меншікті салмағын ұлғайтуға ықпал етті.

      Мүше мемлекеттердің арасында өндірістік-экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту мүше мемлекеттердің келісілген макроэкономикалық саясат жүргізуді үйлестіру қажеттілігін күшейтеді.

      Мүше мемлекеттердің негізгі экспорттық тауарлары бағасының өсімі үшін алғышарттардың болмауы аясында сыртқы жағдайлардың күтілген нашарлауы Одақ деңгейінде және ұлттық деңгейде мүше мемлекеттер экономикаларының орнықтылығын арттыруға және қалыптасқан теріс экономикалық ахуалдың салдарларын еңсеруге бағытталған тиімді бірлескен шаралар қабылдау бойынша мүше мемлекеттердің күш-жігерлерін шоғырландыруды талап етеді.

      Осыған байланысты мүше мемлекеттер 2016-2017 жылдары іске асыратын макроэкономикалық саясаттың негізгі бағдарлары мүше мемлекеттердің мынадай:

      макроэкономикалық орнықтылықты қамтамасыз ету: инфляция деңгейін тұрақтандыру жөнінде шаралар қабылдау, мүше мемлекеттердің бюджеттік жүйелерінің теңгерімділігін ұстап тұру, мемлекеттік басқару секторының қарыз бойынша орнықтылығын қамтамасыз ету;

      орнықты даму мен экономикалық өсімді қалпына келтіру үшін жағдай жасау: мүше мемлекеттердің экономикаларын әртараптандыру, қаржы құралдары көздерін кеңейту және негізгі капиталға салынатын инвестициялардың көлемін өсіру мақсатында кредиттік ресурстарға қолжетімділікті арттыру, өзара сауданы жандандыру және Одақтың ішкі нарығын дамыту, сыртқы сауданы дамыту және өткізу нарықтарын әртараптандыру бағыттары бойынша өзара іс-қимылын тереңдету мен бірлескен күш-жігерлерін жандандыруды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

І. Макроэкономикалық орнықтылықты қамтамасыз ету

      2015 жылы мүше мемлекеттердің экономикаларына қолайсыз сыртқы экономикалық факторлар мен ішкі макроэкономикалық теңгерімсіздіктердің әсерін тұрақсыздандыру күшейді, бұл Шартта көзделген экономикалық даму орнықтылығын айқындайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің нашарлауына әсер етті.

      2015 жылы мүше мемлекеттердің нарықтарына импорттық және ұлттық өнім бағасының ұлғаюы негізінен ұлттық валюталар бағамдарының әлсіреуіне, валюталық тәуекелдердің артуына және экономикалық қызмет субъектілерінің инфляциялық күтуінің өсуіне негізделді. Бірқатар мүше мемлекеттерде тұтынушы бағасының өсуіне табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтер көрсетуіне тарифтердің ұлғаюы да үлес қосты.

      Осы факторлардың әсер етуімен Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы 2015 жылдың қорытындысы бойынша Шарттың 63-бабында белгіленген инфляция деңгейін есептеу мәні (алдыңғы жылдың желтоқсанымен салыстырғанда желтоқсан) тиісінше 7,1 пайыздық тармағына, 8,7 пайыздық тармағына және 7,9 пайыздық тармағына артқан.

      Мүше мемлекеттердің негізгі сауда әріптестері экономикаларының өсу қарқындарын бәсеңдеуі аясында олардың негізгі экспорттық тауарларын сұраныс пен бағаның төмендеуі мүше мемлекеттер бюджеттерінің кіріс бөлігін қалыптастыратын түсімдердің өсу қарқындарына теріс әсер етеді.

      Контрциклдік экономикалық саясат жүргізуге байланысты шоғырландырылған бюджет шығыстары қарқындарының оның кірістерінен артуы мүше мемлекеттердің бюджеттік саласында теңгерімсіздіктердің өсуіне ықпал етті.

      Резервтік әлемдік валюталарға қатысты мүше мемлекеттердің ұлттық валюталары бағамдарының төмендеуі және мүше мемлекеттерде шетелдік валютада қарыз міндеттемелерінің болуы мемлекеттік басқару секторының ұлттық валюталардағы қарыз сомасы мен оған қызмет көрсету бойынша бюджеттер шығыстарының ұлғаюына ықпал етті. Мүше мемлекеттер бюджеттерінің шығыс бөлігінің кіріс бөлігінен асып түсуі жағдайларында кейбір мүше мемлекеттер өз бюджеттерінің тапшылығын қаржыландыру үшін қарыз құралдарын пайдалануға мәжбүр болуда.

      2015 жылы барлық мүше мемлекеттерге қарыз жүктемесінің ұлғаюы тән. Қырғыз Республикасында мемлекеттік басқару секторының қарыз деңгейі Шартта белгіленген шекті сандық мәнге жетті.

      Осылайша, барлық мүше мемлекеттерде макроэкономикалық тұрақсыздық белгілері байқалады, бұл өз кезегінде әрбір мүше мемлекет пен жалпы Одақтың экономикалық дамуына теріс әсер етеді.

      Осыған байланысты барлық мүше мемлекеттер қолданылған құралдардың жинағын кеңейту және мынадай негізгі бағыттар бойынша макроэкономикалық орнықтылыққа қол жеткізу қол жеткізу мен оларды ұстап тұру жөнінде күш-жігерді жандандыру қажет.

      Мыналарды қоса алғанда, инфляция деңгейін тұрақтандыру жөнінде шаралар қабылдау:

      мүше мемлекеттердің инфляцияны таргеттеу режимінде ақша-кредит саясатын жүргізуге және осы режимге өту үшін жағдайлар жасауға өтуі бойынша жұмысты жалғастыру;

      инфляция деңгейі бойынша орта мерзімді бағдарларды айқындауға ұстанымдар дайындау;

      әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтер көрсету бағасының елеулі өсуіне жол бермеуге бағытталған тетіктерді жетілдіру мен шараларды іске асыру, сондай-ақ мұндай тауарлар мен қызметтер көрсетудің тізбелерін өзектендіру;

      бәсекелестіктің жалпы қағидалары мен бағаны мемлекеттік реттеу тәртібін бұзушылықты айқындау;

      мүше мемлекеттердің бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнамалары мен мүше мемлекеттердің аумақтарында бәсекелестік қағидаларын бұзушылықтың жолын кесу;

      әлеуметтік маңызы бар сауда-саттық тауарлары бағасының маусымдық құбылуларын төмендету құралы ретінде сатып алынатын және тауарлық интервенцияларды іске асыру мен дамыту;

      неғұрлым төмен баға бойынша тауарларды сатуды қамтамасыз ететін және мүше мемлекеттердің тұрғындары үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыратын бөлшек сауда құралдарын (электрондық сауда, қойма дүкендер, жәрмеңкелер және т.б.) кеңейту;

      тұтынушылар мен өндірушілер мүдделерін сақтауды есепке ала отырып, табиғи монополиялардың қызметтер көрсетуіне тарифтерді экономикалық негізделген реттеу;

      монополия жай-күйіндегі мүше мемлекеттердің нарықтарын оларды оңтайлы реттеу және бәсекелестік нарықты ықтимал қалыптастыру мәніне талдау;

      мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарын өзара сауда саласында пайдалануды жандандыру үшін жағдай жасау.

      Мыналарды:

      мүше мемлекеттер бюджеттерінің кіріс бөлігін, оның ішінде салық жүйесін жетілдіру мен салықтық әкімшіліктендіру тиімділігін арттыру арқылы ұлғайтуды;

      кеден органдары мүше мемлекеттердің бюджеттеріне әкімшіліктендіретін төлемдердің түсімін ұлғайту мақсатында кедендік әкімшіліктендіру сапасы мен тиімділігін арттыруды;

      экономиканы дамытудың стратегиялық басым бағыттары мен секторларына ресурстарды шоғырландыру есебінен бюджеттік шығыстарды оңтайландыруды;

      мемлекеттік басқару секторы бюджетінің қалыптасқан тапшылығын есепке ала отырып, бюджеттің пайыздық емес шығыстарының өсу қарқындарын түзетуді;

      бюджеттік жүйелердің теңгерімділігін арттыру мақсатында қаржылық емес активтермен жасалатын операцияларды жандандыруды қоса алғанда, мүше мемлекеттердің бюджеттік жүйелерінің теңгерімділігін ұстап тұру.

      Мыналарды:

      Шартта белгіленген мемлекеттік басқару секторы қарызының сандық мәнін сақтау мақсатында мүше мемлекеттердің экономикалары үшін неғұрлым күрделі кезеңдерде шарықтау шегі жүктемелерін болдырмау үшін қарызды басқару бойынша стратегиялар әзірлеу мен іске асыруды;

      мемлекеттік басқару секторына қарыз жүктемесін ұлғайтпайтын тетіктерді пайдалану арқылы басым жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін қарауды;

      сыртқы нарықта қарыз алу тәуекелдерін барынша азайту үшін ішкі көздер есебінен бюджет тапшылығын қаржыландыруды қамтамасыз етуді қоса алғанда, мемлекеттік басқару секторының қарыз бойынша орнықтылығын қамтамасыз ету.

      Көрсетілген шараларды қабылдау мүше мемлекеттердің экономикалық өсу қарқындарын қалпына келтіру мен өсіру үшін негіз болып табылатын макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың экономикаларының теріс сыртқы әсерлерге орнықтылығын арттыруға ықпал ететін болады.

ІІ. Орнықты даму мен экономикалық өсуді қалпына келтіру үшін жағдайлар жасау

      2015 жылы сыртқы тұрақсыздандырушы факторлардың, сондай-ақ ішкі макроэкономикалық теңгерімсіздіктердің күшеюі мүше мемлекеттердің орнықты экономикалық даму перспективаларына теріс әсер етті және мүше мемлекеттер экономикаларының негізгі секторларында іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуіне әкеліп соқты.

      Мүше мемлекеттердің негізгі экспорттық тауарларына сыртқы сұраныстың және олардың бағаларының төмендеу жағдайларында ұлттық экономикалардың ағымдағы қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз ете алмайды әрі орта және ұзақ мерзімді кезеңдерде экономикалық даму үшін қолайлы жағдай жасай алмайды.

      Осыған байланысты Одақ шеңберінде экономикалық интеграция мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, мүше мемлекеттердің өндірістік әлеуетін өсіру, әртараптандыру және іске асыру арқылы экономикалық өсімнің ішкі көздерін дамыту мүше мемлекеттер үшін төтенше маңызды міндет болып табылады.

      Ішкі өндірістік көлемдерді ұлғайту және өнімділікті арттыру үшін мүше мемлекеттер бюджеттерінің шектеулі жағдайларында экономиканың нақты секторына инвестициялар ағынын ынталандыру және кәсіпорындарға негізгі құралдарды құру мен молықтыруға салымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржы ресурстарын тарту көздерін әртараптандыру қажет. Бұл импортқа тәуелділікті төмендету мен мүше мемлекеттердің қосымша құны жоғары өнімі мен кооперациялық негізде өндірілген өнімін сыртқы нарықтарға шығару мақсатында өндірістік қуаттарды қайта жарақтандырудың және жаңғыртудың қосымша мүмкіндіктерін береді.

      Одақта өндірілетін өнімді өткізу нарықтарын кеңейту және мүше мемлекеттердің үшінші елдермен сауда-экономикалық қатынастарын тауарлық және географиялық әртараптандыруға жәрдемдесу, сондай-ақ кедендік реттеуді жетілдіру мен транзиттік және аралас тасымалдарды дамыту мүше мемлекеттердің экспорттық әлеуетін іске асыруға ықпал ететін болады және мүше мемлекеттерге валюталық түсімдердің көлемдерін ұлғайтып қана қоймай, сонымен қатар жаһандық өндірістік-өткізу тізбектеріне неғұрлым белсенді қосылу есебінен ұлттық өндірісті дамыту мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

      Мүше мемлекеттерде экономикалық қызметті жандандыруға өзара сауданы дамыту және мүше мемлекеттер үшін экономиканың маңызды секторларында өзара іс-қимылды нығайту, оның ішінде бірыңғай цифрлық кеңістікті қалыптастыру мен пайдалану арқылы нығайту елеулі серпін береді. Осы бағытта тиімді және өзара пайдалы ынтымақтастықты дамытуға экономиканың осы секторларында ортақ және бірыңғай нарықтарды одан әрі қалыптастыруды қоса алғанда, Одақтың интеграциялық мүмкіндіктерін пайдалану, сондай-ақ өзара қол жеткізу үшін кедергілерді, мүше мемлекеттердің тауарларына, қызметтер көрсетуіне және жұмыс күшіне қатысты алып қоюлар мен шектеулерді айқындау мен жою ықпал етеді.

      Алға қойылған міндеттерді шешу үшін 2016-2017 жылдары мүше мемлекеттерге Одақ шеңберінде мынадай бірлескен шаралар мен ұлттық шараларды іске асыру қажет.

      Мыналарды:

      экономиканың интеграциялық әлеуеті бар салаларды айқындауды;

      үшінші елдер өнімінің Одақ өнімімен, оның ішінде мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кешендерін дамыту арқылы импорт алмастыруды;

      инновациялық белсенділікті ынталандыру және инновациялық технологияларды енгізу үшін жағдай жасауды;

      жоғары технологиялық өндірістерді, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешен саласында дамытуды ынталандыру мақсатында мүше мемлекеттердің бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру тетіктерін әзірлеуді;

      орта және шағын бизнесті қолдаудың кешенді шараларын іске асыруды;

      мүше мемлекеттердің экономикаларына интеграциялық процестердің макроэкономикалық және салалық тиімділіктерін бағалау үшін қағидаттар мен ұстанымдар әзірлеу мен келісуді қоса алғанда, мүше мемлекеттердің экономикаларын әртараптандыру.

      Мыналарды:

      басым жобаларға қаржы қаражатын мақсатты бөлудің тиімді тетіктерін одан әрі дамытуды;

      үздік халықаралық практикаларды, мүше мемлекеттердің неғұрлым прогрессивті моделдерін, үшінші елдер мен интеграциялық бірлестіктердің үздік тәжірибесін ескере отырып, мемлекеттік-жекеше әріптестік тетіктерін қолдану аясын реттейтін мүше мемлекеттердің заңнамасын жетілдіруді;

      Одақ капиталының ортақ нарығының мүмкіндіктерін пайдалануды қоса алғанда, мүше мемлекеттердің ішкі нарықтарына қарыз беруді жандандыруды;

      халықаралық ұйымдардың рейтингтерінде, оның ішінде мүше мемлекеттер экономикаларының инвестициялық тартымдалығын арттыру мақсатында интеграцияландыру шеңберіндегі маңызды мәселелер бойынша тәжірибе алмасу арқылы мүше мемлекеттердің ұстанымдарын ілгерілетуді қамтамасыз ететін шараларды іске асыруды;

      ұзақ мерзімді банктік кредиттеу үшін, оның ішінде мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарында ұзақ мерзімді салымдардың тартымдылығын арттыру арқылы жағдай жасауды;

      дамудың өңірлік институттарының (Еуразиялық тұрақтылық пен даму қоры, Еуразия даму банкі) қаржылық мүмкіндіктерін пайдалануды жандандыруды қоса алғанда, негізгі капиталға инвестициялардың көлемін арттыру мақсатында қаржы қаражатының көздерін кеңейту және кредиттік ресурстардың қолжетімділігін арттыру.

      Мыналарды:

      өзара қол жеткізу үшін Одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуіне кедергі келтіретін тосқауылдарды, сондай-ақ тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капиталдың және жұмыс күшінің қозғалысына қатысты алып қоюлар мен шектеулерді айқындау және жою бойынша жұмысты жалғастыруды;

      Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық кеңістігін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді;

      мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың бірлескен болжамын дайындауды;

      ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түліктің негізгі түрлері бойынша мүше мемлекеттер сұранысы мен ұсыныстарының болжамдарын дайындауды;

      ортақ электр энергиясы нарығын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды айқындау бойынша жұмысты аяқтауды және оларды іске асыруды бастауды;

      Одақта газдың ортақ нарығын, Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру мақсаттарын, қағидаттарын және міндеттерін айқындау бойынша жұмысты аяқтауды;

      Одақта газдың ортақ нарығын, Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды айқындауды;

      қабылданған әдіснама негізінде Одақтың газдың, мұнай және мұнай өнімдерінің индикативтік (болжамдық) баланстарын әзірлеуді қоса алғанда, өзара сауданы жандандыру және Одақтың ішкі нарығын дамыту.

      Мыналарды:

      әлемдік нарықта Одақтың мүдделерін ілгерілетуге бағытталған үшінші елдермен сауда-экономикалық қатынастарды дамытуды;

      үшінші елдермен еркін сауда туралы келісімдер жасасу бойынша келіссөздерді, сондай-ақ мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық комиссияның мұндай келісімдер жасасу орындылығын зерделеуге бағытталған мүше мемлекеттердің сауда әріптестерімен бірлескен жұмысын жалғастыруды;

      кооперациялық негізде өндірілген өнім экспортын кредиттеу, сақтандыру және қолдаудың басқа да түрлерінің тетіктерін дамытуды және іске асыруды;

      үшінші елдермен ақпараттық алмасуды, оның ішінде Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру үшін жағдай жасауды;

      жүктерді жеткізуді жеделдету және көлік қызметтерін көрсетудің сапасын жақсарту мақсатында транзиттік және аралас тасымалдарды дамытуды;

      мүше мемлекеттер үшін барынша қолжетімді жобалардың басымдығын қамтамасыз ете отырып, Одақтың және Жібек жолының экономикалық белдеуінің құрылыс салу процестерін ұштастыру шеңберінде мүше мемлекеттердің көлік және инфрақұрылым саласындағы бірлескен жобаларын іске асыру үшін жағдай жасауды;

      сыртқы экономикалық қызмет жүргізу жағдайларын жақсартуға, кедендік операцияларды жетілдіру тәртібін оңтайландыруға, электрондық құжат айналымын енгізуге, мүше мемлекеттердің және жалпы Одақтың транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған кедендік реттеуді жетілдіруді;

      Одақ шеңберінде кедендік транзит кезінде бірыңғай кепілдендірілген тетіктерді жетілдіруді;

      мүше мемлекеттерде мүше мемлекеттердің "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерін одан әрі дамыту мен жақындастыру үшін әкімшілік, ұйымдастырушылық және құқықтық жағдай жасауды;

      мемлекеттік бақылау нысандарының тиімділігі артқан кезде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті мемлекеттік рәсімдерді жүзеге асыруға арналған еңбек, уақыт және қаржы шығындарын қысқаруға бағытталған шараларды іске асыруды қоса алғанда, сыртқы сауданы дамыту және өткізу нарықтарын әртараптандыру.

      Көрсетілген шаралардың кешенін орындау мүше мемлекеттердің ішкі мүмкіндіктерін жандандыру мен әртараптандыру және Одақтың экономикалық интеграциясының әлеуетін пайдалану есебінен олардың экономикаларының орнықты экономикалық өсудің траекториясына қайтып келуіне ықпал ететін болады.

Об основных ориентирах макроэкономической политики государств - членов Евразийского экономического союза на 2016 - 2017 годы

Решение Высшего Евразийского экономического Совета от 31 мая 2016 года № 5

      Примечание РЦПИ!
      Решение вступает в силу 01.06.2016 - сайт Евразийского экономического союза.
      Высший Евразийский экономический совет решил:
      1. Утвердить прилагаемые основные ориентиры макроэкономической политики государств - членов Евразийского экономического союза на 2016 - 2017 годы.
      2. Рекомендовать правительствам государств - членов Евразийского экономического союза учитывать при проведении макроэкономической политики утвержденные настоящим Решением основные ориентиры макроэкономической политики государств - членов Евразийского экономического союза на 2016 - 2017 годы.
      3. Евразийской экономической комиссии проводить мониторинг мер, реализуемых государствами - членами Евразийского экономического союза в области макроэкономической политики, и оценивать соответствие таких мер утвержденным настоящим Решением основным ориентирам макроэкономической политики государств - членов Евразийского экономического союза на 2016 - 2017 годы.

      Члены Высшего Евразийского экономического совета:

От
Республики
Армения

От
Республики
Беларусь

От
Республики
Казахстан

От
Кыргызской Республики

От
Российской Федерации

УТВЕРЖДЕНЫ           
Решением Высшего        
Евразийского экономического совета
от 31 мая 2016 г. № 5     

ОСНОВНЫЕ ОРИЕНТИРЫ
макроэкономической политики государств - членов Евразийского
экономического союза на 2016 - 2017 годы

      Настоящий документ, разработанный в соответствии с Договором о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года (далее - Договор) и направленный на достижение целей, установленных Основными направлениями экономического развития Евразийского экономического союза, утвержденными Решением Высшего Евразийского экономического совета от 16 октября 2015 г. № 28, определяет наиболее важные для экономик государств - членов Евразийского экономического союза (далее соответственно - государства-члены, Союз) кратко- и среднесрочные задачи на 2016 - 2017 годы, а также содержит рекомендации по их решению.
      В 2015 году экономическое развитие государств-членов проходило в условиях нарастания негативных тенденций во внешнеэкономической конъюнктуре, что привело к углублению внутренних дисбалансов и усилению уязвимости национальных экономик.
      Снижение темпов роста мировой экономики на фоне сохранения объемов добычи сырьевых ресурсов усилило тенденцию к снижению цен на нефть и основные сырьевые товары, экспортируемые государствами-членами.
      В 2015 году произошло значительное снижение мировых цен на энергоносители, металлы и сельскохозяйственную продукцию, которое на фоне падения спроса на эти товары при сохранении высокой зависимости национальных экономик от импорта привело к значительному сокращению экспортных доходов и оказало негативное влияние на состояние платежных балансов государств-членов.
      Усилению негативного влияния способствовал и сохраняющийся отток капитала из государств-членов, связанный как с глобальной тенденцией переориентации инвестиционных потоков с развивающихся рынков на развитые рынки, так и с погашением компаниями внешних долговых обязательств.
      В то же время положительное влияние на платежные балансы государств-членов оказали значительные темпы снижения импорта, однако высокая открытость национальных экономик, в том числе зависимость национальных производств от импортной продукции, повышает уязвимость государств-членов в условиях влияния негативных внешних рисков.
      Переход государств-членов к более гибкому курсообразованию и последовавшее за этим ослабление курсов их национальных валют к резервным мировым валютам повысили ценовую конкурентоспособность товаров государств-членов на внешних рынках и сократили падение экспортных доходов бюджетов ряда государств- членов, а также способствовали снижению давления на их международные резервные активы. В то же время значительная волатильность курсов национальных валют государств-членов привела к повышению девальвационных и инфляционных ожиданий субъектов экономической деятельности, к ускорению роста цен на внутреннем рынке Союза на импортную и национальную продукцию и к снижению реальных доходов населения государств-членов.
      В совокупности со снижением темпов кредитования физических и юридических лиц данные факторы оказали влияние на сокращение потребительской и инвестиционной активности в государствах-членах и внутреннего спроса в целом.
      В Республике Армения и Кыргызской Республике негативное влияние на внутренний спрос оказало также сокращение объема денежных переводов граждан, осуществляющих трудовую деятельность в других государствах-членах.
      Экономическое развитие Республики Армения, Республики Казахстан и Кыргызской Республики в 2015 году по сравнению с 2014 годом характеризуется замедлением темпов экономического роста с 103,5 до 103,1 процента, с 104,4 до 101,2 процента и с 104,0 до 103,5 процента соответственно.
      В условиях влияния негативных внешних и внутренних факторов в Республике Беларусь и Российской Федерации наблюдается сокращение валового внутреннего продукта по итогам 2015 года до 96,1 процента и 96,3 процента соответственно.
      Принятые правительствами и национальными (центральными) банками государств-членов меры способствовали смягчению воздействия неблагоприятной внешнеэкономической конъюнктуры на национальные экономики.
      Начало функционирования Союза в 2015 году, являющееся основой углубления интеграционных процессов государств-членов и формирования условий для свободного движения товаров, капитала, услуг и рабочей силы, создало новые возможности для активизации торгово-экономического сотрудничества государств-членов и способствовало увеличению удельного веса взаимной торговли в общем объеме торговли Союза.
      Дальнейшее развитие производственно-экономических связей между государствами-членами усиливает необходимость координации проведения государствами-членами согласованной макроэкономической политики.
      Ожидаемое ухудшение внешних условий на фоне отсутствия предпосылок для роста цен на основные экспортные товары государств- членов требует консолидации усилий государств-членов по принятию эффективных совместных мер на уровне Союза и на национальном уровне, которые будут направлены на повышение устойчивости экономик государств-членов и преодоление последствий сложившейся негативной экономической ситуации.
      В связи с этим основные ориентиры макроэкономической политики, реализуемой государствами-членами в 2016 - 2017 годах, будут направлены на обеспечение углубления взаимодействия и активизацию совместных усилий государств-членов по следующим направлениям:
      обеспечение макроэкономической устойчивости: принятие мер по стабилизации уровня инфляции, поддержание сбалансированности бюджетных систем государств-членов, обеспечение долговой устойчивости сектора государственного управления;
      создание условий для устойчивого развития и восстановления экономического роста: диверсификация экономик государств-членов, расширение источников финансовых средств и повышение доступности кредитных ресурсов с целью наращивания объемов инвестиций в основной капитал, активизация взаимной торговли и развитие внутреннего рынка Союза, развитие внешней торговли и диверсификация рынков сбыта.

I. Обеспечение макроэкономической устойчивости

      В 2015 году усилилось дестабилизирующее влияние неблагоприятных внешнеэкономических факторов и внутренних макроэкономических дисбалансов на экономики государств-членов, что отразилось на ухудшении предусмотренных Договором макроэкономических показателей, определяющих устойчивость экономического развития.
      Увеличение цен на импортную и национальную продукцию на рынках государств-членов в 2015 году в основном было обусловлено ослаблением курсов национальных валют, повышением валютных рисков и ростом инфляционных ожиданий субъектов экономической деятельности. Вклад в рост потребительских цен в ряде государств- членов также внесло увеличение тарифов на услуги субъектов естественных монополий.
      Под влиянием этих факторов Республикой Беларусь, Республикой Казахстан и Российской Федерацией по итогам 2015 года превышено установленное статьей 63 Договора расчетное значение уровня инфляции (декабрь к декабрю предыдущего года) на 7,1 процентного пункта, 8,7 процентного пункта и 7,9 процентного пункта соответственно.
      Снижение спроса и цен на основные экспортные товары государств-членов на фоне замедления темпов роста экономик их основных торговых партнеров оказывает негативное влияние на темпы роста поступлений, формирующих доходную часть бюджетов государств-членов.
      Превышение темпов роста расходов консолидированного бюджета над темпами роста его доходов в связи с проведением контрциклической экономической политики способствовало нарастанию дисбалансов в бюджетной сфере государств-членов.
      Снижение курсов национальных валют государств-членов по отношению к резервным мировым валютам и наличие у государств- членов долговых обязательств в иностранной валюте способствовали увеличению суммы долга сектора государственного управления в национальных валютах государств-членов и расходов бюджетов по его обслуживанию. В условиях превышения расходной части бюджетов государств-членов над доходной некоторые из государств-членов вынуждены прибегать к использованию долговых инструментов для финансирования дефицита своих бюджетов.
      В 2015 году для всех государств-членов характерно увеличение долговой нагрузки. В Кыргызской Республике уровень долга сектора государственного управления достиг предельного количественного значения, установленного Договором.
      Таким образом, во всех государствах-членах наблюдаются признаки макроэкономической неустойчивости, что в свою очередь оказывает негативное влияние на экономическое развитие каждого государства-члена и Союза в целом.
      В связи с этим всем государствам-членам необходимо расширить набор применяемых инструментов и активизировать усилия по достижению и поддержанию макроэкономической устойчивости по следующим ключевым направлениям.
      Принятие мер по стабилизации уровня инфляции, включая:
      продолжение работы по переходу государств-членов к проведению денежно-кредитной политики в режиме таргетирования инфляции и созданию условий для перехода к данному режиму;
      выработку подходов к определению среднесрочных ориентиров по уровню инфляции;
      совершенствование механизмов и реализацию мер, направленных на недопущение значительного роста цен на социально значимые товары и услуги, а также актуализацию перечней таких товаров и услуг;
      выявление нарушений общих правил конкуренции и порядка государственного ценового регулирования;
      пресечение нарушений конкурентного (антимонопольного) законодательства государств-членов и общих правил конкуренции на территориях государств-членов;
      реализацию и развитие закупочных и товарных интервенций как инструмента снижения сезонных колебаний цен на социально значимые продовольственные товары;
      расширение инструментов розничной торговли (электронная торговля, склады-магазины, ярмарки и т. д.), обеспечивающих реализацию товаров по более низким ценам и повышающих доступность товаров для населения государств-членов;
      экономически обоснованное регулирование тарифов на услуги естественных монополий с учетом соблюдения баланса интересов их потребителей и производителей;
      анализ рынков государств-членов, находящихся в состоянии монополии, на предмет их оптимального регулирования и возможного формирования конкурентного рынка;
      создание условий для активизации использования национальных валют государств-членов в сфере взаимной торговли.

      Поддержание сбалансированности бюджетных систем государств- членов, включая:
      увеличение доходной части бюджетов государств-членов, в том числе путем совершенствования налоговой системы и повышения эффективности налогового администрирования;
      повышение качества и эффективности таможенного администрирования с целью увеличения поступления платежей, администрируемых таможенными органами, в бюджеты государств- членов;
      оптимизацию бюджетных расходов за счет концентрации ресурсов на стратегически приоритетных направлениях развития и секторах экономики;
      корректировку темпов прироста непроцентных расходов бюджета с учетом складывающегося дефицита (профицита) бюджета сектора государственного управления;
      оптимизацию операций с нефинансовыми активами с целью повышения сбалансированности бюджетных систем.

      Обеспечение долговой устойчивости сектора государственного управления, включая:
      разработку и реализацию стратегий по управлению долгом во избежание пиковых нагрузок в наиболее сложные для экономик государств-членов периоды с целью соблюдения установленного Договором количественного значения показателя долга сектора государственного управления;
      рассмотрение возможности финансирования приоритетных проектов путем использования механизмов, не увеличивающих долговую нагрузку на сектор государственного управления;
      обеспечение финансирования бюджетного дефицита за счет внутренних источников для минимизации рисков заимствований на внешнем рынке.

      Принятие указанных мер будет способствовать обеспечению макроэкономической стабильности, являющейся основой для восстановления и наращивания темпов экономического роста государств-членов, а также повышению устойчивости их экономик к негативным внешним воздействиям.

II. Создание условий для устойчивого развития
и восстановления экономического роста

      Усиление в 2015 году внешних дестабилизирующих факторов, а также внутренних макроэкономических дисбалансов оказало негативное влияние на перспективы устойчивого экономического развития государств-членов и привело к замедлению деловой активности в ключевых секторах экономик государств-членов.
      Традиционные источники экономического роста в условиях снижения внешнего спроса на основные экспортные товары государств- членов и цен на них не могут полностью обеспечивать текущие потребности национальных экономик и создавать благоприятные условия для экономического развития в средне- и долгосрочном периодах.
      В связи с этим чрезвычайно важной задачей для государств-членов является развитие внутренних источников экономического роста путем наращивания, диверсификации и реализации производственного потенциала государств-членов при максимальном использовании возможностей экономической интеграции в рамках Союза.
      В условиях ограниченности бюджетов государств-членов для наращивания объемов внутреннего производства и повышения производительности необходимо стимулировать приток инвестиций в реальный сектор экономики и диверсифицировать источники привлечения финансовых ресурсов, позволяющих предприятиям осуществлять вложения в создание и воспроизводство основных средств. Это создаст дополнительные возможности для переоснащения и модернизации производственных мощностей с целью снижения импортозависимости и выхода национальной продукции государств- членов с высокой добавленной стоимостью и продукции, произведенной на кооперационной основе, на внешние рынки.
      Расширение рынков сбыта продукции, производимой в Союзе, и содействие товарной и географической диверсификации торгово- экономических отношений государств-членов с третьими странами, а также совершенствование таможенного регулирования и развитие транзитных и смешанных перевозок будут способствовать реализации экспортного потенциала государств-членов и позволят государствам- членам не только увеличить объемы валютных поступлений, но и расширить возможности развития национального производства за счет более активного включения в глобальные производственно-сбытовые цепочки.
      Значительный стимул активизации экономической деятельности в государствах-членах могут придать развитие взаимной торговли и усиление взаимодействия в наиболее важных для государств-членов секторах экономики, в том числе за счет формирования и использования единого цифрового пространства. Развитию эффективного и взаимовыгодного сотрудничества в этом направлении будет способствовать использование интеграционных возможностей Союза, включая дальнейшее формирование общих и единых рынков в этих секторах экономики, а также выявление и устранение барьеров для взаимного доступа, изъятий и ограничений в отношении движения товаров, услуг, капитала и рабочей силы государств-членов.
      Для решения поставленных задач в 2016 - 2017 годах государствам-членам необходимо реализовывать следующие совместные меры в рамках Союза и национальные меры.

      Диверсификация экономик государств-членов, включая:
      определение сфер экономики, обладающих интеграционным потенциалом;
      реализацию политики импортозамещения продукции третьих стран продукцией Союза, в том числе путем развития промышленных комплексов государств-членов;
      стимулирование инновационной активности и создание условий для внедрения инновационных технологий;
      разработку механизмов организации проведения совместных научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ государств- членов с целью стимулирования развития высокотехнологичных производств, в том числе в сфере агропромышленного комплекса;
      реализацию комплексных мер поддержки малого и среднего бизнеса;
      разработку и согласование принципов и подходов к оценке макроэкономических и отраслевых эффектов влияния интеграционных процессов на экономики государств-членов.
      Расширение источников финансовых средств и повышение доступности кредитных ресурсов с целью наращивания объемов инвестиций в основной капитал, включая:
      дальнейшее развитие эффективных механизмов целевого выделения финансовых средств под приоритетные проекты;
      совершенствование законодательства государств-членов, регламентирующего сферу применения механизмов государственноҒчастного партнерства, с учетом лучших международных практик, наиболее прогрессивных моделей государств-членов, наилучшего опыта третьих стран и интеграционных объединений;
      активизацию заимствований на внутренних рынках государств- членов, включая использование возможностей общего рынка капитала Союза;
      реализацию мер, обеспечивающих продвижение позиций государств-членов в рейтингах международных организаций, в том числе посредством обмена опытом по значимым в рамках интеграции вопросам, с целью повышения инвестиционной привлекательности экономик государств-членов;
      создание условий для долгосрочного банковского кредитования, в том числе путем повышения привлекательности долгосрочных сбережений в национальных валютах государств-членов;
      активизацию использования финансовых возможностей региональных институтов развития (Евразийский фонд стабилизации и развития, Евразийский банк развития).
      Активизация взаимной торговли и развитие внутреннего рынка Союза, включая:
      продолжение работы по выявлению и устранению препятствующих функционированию внутреннего рынка Союза барьеров для взаимного доступа, а также изъятий и ограничений в отношении движения товаров, услуг, капитала и рабочей силы;
      продолжение работы по согласованию подходов по совершенствованию системы взимания косвенных налогов, направленных в том числе на предотвращение уклонения от их уплаты;
      выработку предложений по формированию цифрового пространства Евразийского экономического союза;
      подготовку совместного прогноза развития агропромышленного комплекса государств-членов;
      подготовку прогнозов спроса и предложения государств-членов по основным видам сельскохозяйственной продукции и продовольствия;
      завершение работы по определению мероприятий, направленных на формирование общего электроэнергетического рынка, а также начало их реализации;
      завершение работы по определению целей, принципов и задач формирования общего рынка газа Союза, общих рынков нефти и нефтепродуктов Союза;
      определение мероприятий, направленных на формирование общего рынка газа Союза, общих рынков нефти и нефтепродуктов Союза;
      разработку индикативных (прогнозных) балансов газа, нефти и нефтепродуктов Союза на основе принятой методологии.
      Развитие внешней торговли и диверсификация рынков сбыта, включая:
      развитие торгово-экономических отношений с третьими сторонами, направленных на продвижение интересов Союза на мировом рынке;
      продолжение переговоров по заключению соглашений о свободной торговле с третьими сторонами, а также совместной работы государств-членов и Евразийской экономической комиссии с торговыми партнерами государств-членов, направленной на изучение целесообразности заключения таких соглашений;
      развитие и реализацию механизмов кредитования, страхования и других видов поддержки экспорта продукции, произведенной на кооперационной основе;
      создание условий для организации информационного обмена с третьими сторонами, в том числе обмена информацией о товарах и транспортных средствах, перемещаемых через таможенную границу Союза;
      развитие транзитных и смешанных перевозок с целью ускорения доставки грузов и улучшения качества транспортных услуг;
      создание условий для реализации совместных проектов государств-членов в сфере транспорта и инфраструктуры в рамках сопряжения процессов строительства Союза и Экономического пояса Шелкового пути с обеспечением приоритетности проектов, максимально доступных для государств-членов;
      совершенствование таможенного регулирования, направленное на улучшение условий ведения внешнеэкономической деятельности, оптимизацию порядка совершения таможенных операций, внедрение электронного документооборота, развитие транзитного потенциала государств-членов и Союза в целом;
      совершенствование в рамках Союза единых гарантийных механизмов при таможенном транзите;
      создание в государствах-членах административных, организационных и правовых условий для дальнейшего развития и сближения национальных механизмов «единого окна» государств- членов;
      реализацию мер, направленных на сокращение трудовых, временных и финансовых затрат на осуществление государственных процедур, необходимых для осуществления внешнеэкономической деятельности, при повышении эффективности форм государственного контроля.

      Выполнение указанного комплекса мер будет способствовать возвращению экономик государств-членов на траекторию устойчивого экономического роста за счет активизации и диверсификации их внутренних возможностей и использования потенциала экономической интеграции Союза.