2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. № 1 қосымшаға сәйкес полиграфиялық өнеркәсіпте пайдаланылатын материалдарға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) ескертпелер мынадай мазмұндағы 62С және 63С ескертпелермен толықтырылсын:
"62С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 ақпандағы № 13 шешімі күшіне енген күннен бастап 2017 жылғы 31 тамызды қоса алғандағы аралықта қолданылады.
63С) Кедендік құнның 5 %-ы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 ақпандағы № 13 шешімі күшіне енген күннен бастап 2017 жылғы 31 тамызды қоса алғандағы аралықта қолданылады.".
3. № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 113 шешімімен бекітілген Өтпелі кезең ішінде Армения Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінен өзгеше кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлар мен ставкалардың тізбесіне және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімімен бекітілген Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлардың және баждардың осындай ставкалары мөлшерінің тізбесіне өзгерістер енгізілсін.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 ақпандағы № 13 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың
Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік
әкелу баждарының
МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ
СЭҚ ТН коды | Позиция атауы | Кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі (кедендік құннан пайызбен не евромен не АҚШ долларымен) |
3212 10 000 0 | – өрнектеуге арналған фольга | 562С) |
3212 90 000 0 | – өзгелер | 562С) |
4802 54 000 8 | – – – өзгелер | 5 |
4802 55 150 0 | – – – 1 м² массасы 40 г немесе одан көп, бірақ 60 г аз | 5 |
4802 55 250 0 | – – – 1 м² массасы 60 г немесе одан көп, бірақ 75 г аз | 5 |
4802 55 300 0 | – – – 1 м² массасы 75 г немесе одан көп, бірақ 80 г аз | 5 |
4802 55 900 0 | – – – 1 м² массасы 80 г немесе одан көп | 5 |
4802 57 000 0 | – – – 1 м² массасы 40 г немесе одан көп, бірақ 150 г аз өзгелері | 5 |
4802 58 100 0 | – – – орамда | 5 |
4802 58 900 0 | – – – парақтарда | 5 |
4802 61 150 8 | – – – – өзгелері | 5 |
4802 61 800 9 | – – – – өзгелері | 5 |
4810 13 800 9 | – – – – өзгелері | 1063С) |
4810 19 900 0 | – – – өзгелері | 1063С) |
4810 22 100 0 | – – – ені 15 см асатын орамаларда немесе жайылған түрде бір жағының мөлшері 36 см көп және екінші жағының мөлшері 15 см көп парақтарда | 1063С) |
4810 22 900 0 | – – – өзге | 1563С) |
4810 29 300 0 | – – – орамдарда | 1063С) |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 ақпандағы № 13 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Өтпелі кезең ішінде Армения Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінен өзгеше кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлар мен ставкалардың тізбесіне және Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлардың және баждардың осындай ставкалары мөлшерінің тізбесіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 113 шешімімен бекітілген Өтпелі кезең ішінде Армения Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінен өзгеше кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлар мен ставкалардың тізбесінде:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3212 10 000 0 позиция мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:
"3212 10 000 0 | – өрнектеуге арналған фольга | 0 | 0** | 0** | 2 | 4 | БКТ ставкасы"; |
б) мынадай мазмұндағы екінші сілтемемен толықтырылсын:
"** Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 ақпандағы № 13 шешімі күшіне енген күннен бастап 2017 жылғы 31 тамызды қоса алғандағы аралықта Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы қолданылады.".
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімімен бекітілген Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлардың және баждардың осындай ставкалары мөлшерінің тізбесінде:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4810 13 800 9, 4810 19 900 0, 4810 22 900 0, 4810 29 300 0 позициялар үшінші бағанда "***" сілтеме белгісімен толықтырылсын;
б) мынадай мазмұндағы үшінші сілтемемен толықтырылсын:
"*** Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 ақпандағы № 13 шешімі күшіне енген күннен бастап 2017 жылғы 31 тамызды қоса алғандағы аралықта Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы қолданылады.".