Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 2 қосымша) 17-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 19-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін бақылаудағы тауарларға арналған бірыңғай ветеринариялық сертификаттардың нысандары туралы" 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне сәйкес дайындалған, осы Шешім күшіне енгенге дейін шығарылған ветеринариялық сертификаттардың бланкілері 2016 жылғы 1 маусымға дейін пайдаланылады деп белгіленсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 ақпандағы № 15 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Мынадай мазмұндағы 44-тармақпен толықтырылсын:
"44. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын шошқа эмбриондарына ветеринариялық сертификат (№ 44 нысан) (қоса беріліп отыр).".
2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Бірыңғай сертификаттардың нысандарында:
а) 35-нысанның 4.4-тармағындағы "Жануардан алынған шикізат" деген сөздер "Жем-шөп және жем-шөп қоспаларын өндіру процесінде пайдаланылатын шикізат" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 36-нысанның 4.5-тармағында "Шикізат" деген сөз "Жем-шөп және жем-шөп қоспаларын өндіру процесінде пайдаланылатын шикізат" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) мынадай мазмұндағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын шошқа эмбриондарына ветеринариялық сертификатпен (№ 44 нысан) толықтырылсын:
"№ 44 нысан |
1. Жеткізу сипаттамасы |
1.7. Сертификат № ___________________ | |||||
1.1. Жүк жөнелтушінің атауы және мекенжайы: | Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын шошқа эмбриондарына ветеринариялық сертификат | |||||
1.2. Жүк алушының атауы және мекенжайы: | ||||||
1.3. Эмбриондар саны: |
1.8. Тауар шығарылған ел: | |||||
1.4. Орындар (контейнерлер) саны: | ||||||
1.9. Экспорттаушы елдің құзыретті ведомствосы: | ||||||
1.5. Көлік контейнеріндегі идентификациялық таңбалау: | ||||||
1.10. Сертификат берген экспорттаушы елдің мекемесі: | ||||||
1.6. Көлік: | ||||||
1.11. Транзит елі (елдері): | ||||||
1.12. Кедендік шекара арқылы тауарларды өткізу пункті: | ||||||
2. Эмбриондардың донорлары – аналық шошқалар туралы ақпарат | ||||||
Р/с | Аты немесе идентификациялық нөмірі | Туған күні | Тұқымы | Эмбрион алынған күн | Эмбриондар саны | |
1. | ||||||
2. | ||||||
3. | ||||||
4. | ||||||
5. | ||||||
5-еуден көп жануардың эмбриондарын тасымалдау кезінде тізімдеме жасалады, оған экспорттаушы елдің мемлекеттік/ресми ветеринариялық дәрігері қол қояды және ол осы сертификаттың ажырамасы бөлігі болып табылады. | ||||||
3. Саулығының жай-күйі туралы ақпарат | ||||||
3.2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын шошқа эмбриондары регионализацияға сәйкес жануарлардың мынадай жұқпалы ауруларынан таза елдерден немесе әкімшілік аумақтардан шығады: | ||||||
3.3. Эмбриондардың донорлары – аналық шошқаларды ұрықтандыруға арналған сперма Кеден одағы комиссиясының "Кеден одағында ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы" 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың 8-тарауының талаптарына сай келеді. | ||||||
3.4. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын шошқаның эмбриондары жануарлардың мынадай жұқпалы ауруларынан таза шошқаның эмбриондарын алу жөніндегі шаруашылықтардан және (немесе) жасанды ұрықтандыру орталықтарынан шығады: | ||||||
3.5. Эмбриондардың донорлары – аналық шошқалар 12 ай ішінде 1 реттен сиретпей зертханаларда (белгіленген тәртіппен аккредиттелген немесе сертификатталған) ХЭБ ұсынған әдістермен (болған кезде) мынадай ауруларға кері нәтижесі бар тестілеуден өткен (тестілеу әдісі мен күнін көрсету керек): | ||||||
3.6. Эмбриондардың донорлары – аналық шошқалардан эмбриондар алынғаннан кейін олар кемінде 30 күн ветеринариялық дәрігердің қадағалауында болды. | ||||||
3.7. Шошқа эмбриондары ХЭБ кодексінің ұсынымдарына сәйкес іріктеліп, сақталды және тасымалданады. | ||||||
3.8. Көлік құралы экспорттаушы елде қабылданған қағидаларға сәйкес іріктеліп, дайындалды. |
Орын _______________ Күні _______________ Мөр |
Ескертпелер: |
1. Қолы мен мөр бланкінің түсінен ерекшеленуге тиіс. |