Статистика жөніндегі консультациялық комитет туралы ереже туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 17 мамырдағы № 47шешімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 7 және 44-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Статистика жөніндегі консультациялық комитет туралы ереже бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Статистика жөніндегі консультациялық комитет туралы" 2012 жылғы 16 тамыздағы № 129 шешімінің 2-тармағының;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Статистика жөніндегі консультациялық комитет туралы" 2013 жылғы 27 тамыздағы № 177 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 17 мамырдағы
№ 47 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Статистика жөніндегі консультациялық комитет туралы ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ережелер

      1. Статистика жөніндегі консультациялық комитет (бұдан әрі – Комитет) Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) № 1 қосымша) 7 және 44-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы (бұдан әрі тиісінше – Комиссия, Алқа) жанынан құрылады.

      Комитет Шарттың 24-бабына және Комиссияның Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібі туралы хаттамаға (Шартқа № 4 қосымша) сәйкес Комиссияның Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату мәселелері (бұдан әрі тиісінше – Одақ, статистика саласындағы мәселелер) жөніндегі консультациялық органы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметінде Шартты, Одақ құқығын құрайтын басқа да халықаралық шарттар мен актілерді, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

II. Комитеттің негізгі міндеттері

      3. Комитеттің негізгі міндеттері:

      а) Шартқа сәйкес Комиссияның құзыретіне жатқызылған статистика саласындағы мына мәселелер бойынша Комиссия үшін ұсынымдар дайындау:

      статистика саласындағы интеграцияны дамыту бағдарламаларын бекіту;

      мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру жөніндегі функциялар жүктелген ұлттық (орталық) банктерді (бұдан әрі тиісінше – уәкілетті органдар, мүше мемлекеттер) қоса алғанда, Одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары Комиссияға ұсынатын ресми статистикалық ақпараттың статистикалық көрсеткіштерінің тізбесін бекіту;

      уәкілетті органдардың Комиссияға ресми статистикалық ақпаратты ұсыну форматтарын бекіту;

      уәкілетті органдардың тауарлардың сыртқы және өзара саудасының статистикасын жүргізу әдіснамасын бекіту;

      Комиссияға ұсынылатын мүше мемлекеттердің ресми статистикалық ақпараты негізінде Одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру әдіснамасын бекіту;

      Комиссияның статистикалық жұмыстарының бағдарламаларын
бекіту;

      сыныптауыштарды және әдіснаманы қоса алғанда, уәкілетті органдардың халықаралық деңгейде салыстырылатын стандарттарды қолдануы бойынша ұсынымдар қабылдау;

      б) уәкілетті органдармен мына мәселелер бойынша консультациялар өткізу:

      Одақтың ресми статистикалық ақпаратын жинау, жинақтау, талдау және тарату, уәкілетті органдардың сұрау салулары бойынша аталған ақпаратты ұсыну, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібі туралы хаттама (Шартқа № 4 қосымша) шеңберінде статистика саласындағы ақпараттық және әдіснамалық өзара іс-қимылды үйлестіру;

      Комиссия Кеңесі немесе Алқасы тиісті шешімдер қабылдар алдында Комиссия Кеңесі Комитет шеңберінде міндетті консультациялар өткізу үшін айқындаған статистика саласындағы мәселелер;

      в) Комиссияның ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына қосу үшін статистика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары бойынша ұсыныстарды қарау.

III. Комитет құрамы

      4. Комитет құрамы уәкілетті органдардың басшыларынан (басшыларының орынбасарларынан) қалыптастырылады. Статистика негізгі қызмет түрі болып табылмайтын уәкілетті органдардан Комитет құрамына құрылымдық бөлімшелер басшылары кіруі мүмкін.

      Комитет құрамын қалыптастыру үшін Алқа мүше мемлекеттерден уәкілетті органдар өкілдерінің кандидатуралары бойынша ұсыныстар сұратады.

      Мүше мемлекеттердің ұсыныстары бойынша Комитет құрамына бизнес-қоғамдастықтың, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, өзге де тәуелсіз сарапшылар кіруі мүмкін.

      Мүше мемлекеттер Алқаға Комитеттегі уәкілетті органдардың өкілдерін ауыстыру туралы уақтылы хабарлайды, сондай-ақ оның құрамына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар береді.

      Комитет құрамы Алқа өкімімен бекітіледі.

      5. Құзыретіне статистика саласындағы мәселелер жатқызылған Алқа мүшесі Комитеттің отырыстарында төрағалық етеді (бұдан әрі – Комитет төрағасы) және Комитет жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады.

      6. Комитет төрағасы:

      а) Комитет қызметін басқарады және Комитетке жүктелген міндеттерді орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      б) Комитет отырысының күн тәртібін бекітеді, оның өткізілу күнін, уақыты мен орнын белгілейді;

      в) Комитет отырыстарын жүргізеді;

      г) Комитет отырыстарының хаттамаларын бекітеді;

      д) Комитет төрағасының орынбасарын тағайындайды;

      е) Комитет жанынан құрылатын кіші комитеттердің, сараптамалық және жұмыс топтарының құрамдарын бекітеді;

      ж) Комиссия Алқасының және Кеңесінің отырыстарында, сондай-ақ өзге де органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылдарда Комитет атынан өкілдік етеді.

      7. Комитет төрағасының орынбасары болып құзыретіне статистика саласындағы мәселелер жатқызылған Комиссия департаментінің (бұдан әрі – жауапты департамент) директоры тағайындалады.

      8. Комитет төрағасының орынбасары:

      а) Комитет төрағасы болмаған кезде немесе оның тапсырмасымен осы Ереженің 6-тармағында көзделген Комитет төрағасының функцияларын орындайды;

      б) Комитеттің жауапты хатшысының функцияларын орындауды жауапты департаменттің лауазымды адамына немесе қызметкеріне тапсырады;

      в) жауапты департаменттің лауазымды адамдарына немесе қызметкерлеріне кіші комитеттердің, сараптамалық және жұмыс топтарының құрамдарын қалыптастыру бойынша тапсырма береді;

      г) Комитет жанынан құрылған кіші комитеттердің, сараптамалық және жұмыс топтарының жұмысын үйлестіреді.

      9. Комитеттің жауапты хатшысы:

      а) Комитет төрағасының, оның орынбасарының және Комитет мүшелерінің ұсыныстары бойынша Комитет отырысының күн тәртібінің жобасын дайындайды;

      б) Комитет отырысының күн тәртібінің мәселелеріне материалдар дайындауды бақылауды және оларды Комитет мүшелеріне жіберуді қамтамасыз етеді;

      в) Комитет отырысының хаттамасын жүргізеді;

      г) Комитет отырысының хаттамасын дайындауды ұйымдастырады және оны Комитет мүшелерінің назарына жеткізеді.

      10. Комитет жанынан уәкілетті органдар өкілдерінен, Комиссияның лауазымды адамдарынан және қызметкерлерінен құралатын кіші комитеттер, сараптамалық және жұмыс топтары құрылуы мүмкін.

      Уәкілетті органдармен келісім бойынша кіші комитеттердің, сараптамалық және жұмыс топтарының құрамына тәуелсіз сарапшылар кіруі мүмкін.

IV. Комитеттің жұмыс тәртібі

      11. Комитет отырыстары қажетіне қарай, бірақ жылына 2 реттен сиретпей өткізіледі.

      Комитет отырысын өткізу туралы шешімді Комитет төрағасы қабылдайды.

      12. Комитет отырысының күн тәртібінің жобасын жасау жөніндегі ұсыныстарды Комитет мүшелері Комитет отырысы өткізілетін күннен күнтізбелік 20 күн бұрын Комитет төрағасына жібереді.

      13. Комитет отырысының күн тәртібі мәселелеріне қатысты материалдар:

      а) хаттамалық шешімдердің жобаларымен бірге қаралатын мәселелер бойынша анықтамаларды;

      б) қарауға ұсынылатын құжаттардың жобаларын (болған кезде);

      в) мәселелерді қарау кезінде маңызы бар өзге де құжаттар мен материалдарды қамтиды.

      14. Комитет отырысының бекітілген күн тәртібі және Комитет отырысының күн тәртібіне қатысты материалдар Комитет мүшелеріне электрондық түрде Комитет отырысы өтетін күннен күнтізбелік 15 күн бұрын жіберіледі.

      15. Комитет отырыстары, әдетте, Комиссияның үй-жайларында өткізіледі.

      Уәкілетті органның ұсынысы және Комитет төрағасының шешімі бойынша Комитет отырысы мүше мемлекеттердің кез келгенінде өткізілуі мүмкін. Бұл жағдайда қабылдаушы уәкілетті орган Комитет отырысын ұйымдастыруға және өткізуге жәрдем жасайды.

      Комитет төрағасының шешімі бойынша Комитет отырысы бейнеконференция режимінде өткізілуі мүмкін.

      16. Комитет отырысы, егер әрбір мүше мемлекеттен кемінде 1 Комитет мүшесінің өкілдік етуі қамтамасыз етілсе, заңды деп танылады.

      Комитет мүшелері Комитет отырыстарына жеке өздері қатысады. Комитет отырыстарына қатысу мүмкін болмаған жағдайда Комитет мүшесі Комитет төрағасына қаралатын мәселелер бойынша өз пікірін алдын ала жазбаша түрде беруге және (немесе) Комитет отырысына қатысу үшін өз өкілін жіберуге құқылы.

      Комитет мүшелерінің Комитет отырысында мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтары бар.

      17. Комитет төрағасының шақыруымен Комитет отырысына Комиссияның лауазымды адамдары мен қызметкерлері, сондай-ақ өзге де адамдар қатыса алады.

      18. Комитет отырысының нәтижелері хаттамамен ресімделеді.

      Комитет мүшесінде Комитет отырысында қаралатын мәселе бойынша ерекше пікірі болса, ол жазбаша түрде жазылады және Комитет отырысының хаттамасына қоса беріледі.

      19. Комитет отырысының хаттамасын Комитет төрағасы Комитет отырысы өткізілген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей бекітеді.

      Комитет отырысы хаттамасының көшірмелері мүше мемлекеттердің үкіметтеріне, сондай-ақ Комитет мүшелеріне Комитет төрағасы бекіткен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      Комитет отырысының хаттамасы немесе оның үзінді көшірмесі Комитет төрағасының шешімі бойынша Комитет отырысына қатысқан шақырылған адамдарға жіберілуі мүмкін.

      Комитет отырыстарының хаттамалары жауапты департаментте сақталады.

      20. Комитет қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді Комиссия жүзеге асырады.

      Комитет отырыстарына уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен байланысты шығыстарды оларды жіберген мүше мемлекеттер көтереді. Бизнес-қоғамдастық, ғылыми және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, өзге де тәуелсіз сарапшылардың Комитет отырыстарына қатысуымен байланысты шығыстарды аталған адамдар өздері көтереді.

О Положении о Консультативном комитете по статистике

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 17 мая 2016 года № 47

      Примечание РЦПИ!
      Решение вступило в силу 18.06.2016 - сайт Евразийского экономического союза.

      В соответствии с пунктами 7 и 44 Положения о Евразийской экономической комиссии (приложение № 1 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года) Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:
      1. Утвердить прилагаемое Положение о Консультативном комитете по статистике.
      2. Признать утратившими силу:
      пункт 2 Решения Коллегии Евразийской экономической комиссии от 16 августа 2012 г. № 129 «О Консультативном комитете по статистике»;
      Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 27 августа 2013 г. № 177 «О Консультативном комитете по статистике».
      3. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Председатель Коллегии
      Евразийской экономической комиссии         Т. Саркисян

УТВЕРЖДЕНО       
Решением Коллегии Евразийской
экономической комиссии   
от 17 мая 2016 г. № 47  

ПОЛОЖЕНИЕ
о Консультативном комитете по статистике

I. Общие положения

      1. Консультативный комитет по статистике (далее – Комитет) создается при Коллегии Евразийской экономической комиссии (далее соответственно – Коллегия, Комиссия) в соответствии с пунктами 7 и 44 Положения о Евразийской экономической комиссии (приложение № 1 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года (далее – Договор)).
      Комитет является консультативным органом Комиссии по вопросам формирования и распространения официальной статистической информации Евразийского экономического союза (далее соответственно – вопросы в сфере статистики, Союз) в соответствии со статьей 24 Договора и Протоколом о порядке формирования и распространения официальной статистической информации Евразийского экономического союза (приложение № 4 к Договору).
      2. Комитет в своей деятельности руководствуется Договором, другими международными договорами и актами, составляющими право Союза, Регламентом работы Евразийской экономической комиссии, утвержденным Решением Высшего Евразийского экономического совета от 23 декабря 2014 г. № 98, а также настоящим Положением.

II. Основные задачи Комитета

      3. Основными задачами Комитета являются:
      а) подготовка рекомендаций для Комиссии по следующим вопросам в сфере статистики, согласно Договору отнесенным
к компетенции Комиссии:
      утверждение программ развития интеграции в сфере статистики;
      утверждение перечня статистических показателей официальной статистической информации, предоставляемой Комиссии государственными органами государств – членов Союза, включая национальные (центральные) банки, на которые возложены функции формирования официальной статистической информации государств – членов Союза (далее соответственно – уполномоченные органы, государства-члены);
      утверждение форматов предоставления Комиссии официальной статистической информации уполномоченными органами;
      утверждение методологии ведения уполномоченными органами статистики внешней и взаимной торговли товарами;
      утверждение методологии формирования официальной статистической информации Союза, составляемой на основе предоставляемой Комиссии официальной статистической информации государств-членов;
      утверждение программ статистических работ Комиссии;
      принятие рекомендаций по применению уполномоченными органами единых, сопоставимых на международном уровне стандартов, включая классификации и методологию;
      б) проведение консультаций с уполномоченными органами по следующим вопросам:
      сбор, накопление, систематизация, анализ и распространение официальной статистической информации Союза, предоставление указанной информации по запросам уполномоченных органов, а также координация информационного и методологического взаимодействия в сфере статистики в рамках Протокола о порядке формирования и распространения официальной статистической информации Евразийского экономического союза (приложение № 4 к Договору);
      вопросы в сфере статистики, определенные Советом Комиссии для проведения обязательных консультаций в рамках Комитета перед принятием соответствующих решений Совета Комиссии или Коллегии;
      в) рассмотрение предложений по темам научно-исследовательских работ в сфере статистики для включения в план научно-исследовательских работ Комиссии на очередной год.

III. Состав Комитета

      4. Состав Комитета формируется из руководителей (заместителей руководителей) уполномоченных органов. Уполномоченные органы, для которых статистика не является основным видом деятельности, могут быть представлены в составе Комитета руководителями структурных подразделений.
      Для формирования состава Комитета Коллегия запрашивает у государств-членов предложения по кандидатурам представителей уполномоченных органов.
      По предложениям государств-членов в состав Комитета могут включаться представители бизнес-сообщества, научных и общественных организаций, иные независимые эксперты.
      Государства-члены своевременно информируют Коллегию о необходимости замены представителей уполномоченных органов в Комитете, а также представляют предложения по внесению изменений в его состав.
      Состав Комитета утверждается распоряжением Коллегии.
      5. Председательствует на заседаниях Комитета и осуществляет общее руководство работой Комитета член Коллегии, к компетенции которого отнесены вопросы в сфере статистики (далее – председатель Комитета).
      6. Председатель Комитета:
      а) руководит деятельностью Комитета и организует работу по выполнению возложенных на Комитет задач;
      б) утверждает повестку дня заседания Комитета, определяет дату, время и место его проведения;
      в) ведет заседания Комитета;
      г) утверждает протоколы заседаний Комитета;
      д) назначает заместителя председателя Комитета;
      е) утверждает составы подкомитетов, экспертных и рабочих групп, создаваемых при Комитете;
      ж) представляет Комитет на заседаниях Коллегии и Совета Комиссии, а также во взаимоотношениях с иными органами и организациями.
      7. Заместителем председателя Комитета назначается директор департамента Комиссии, к компетенции которого отнесены вопросы в сфере статистики (далее – ответственный департамент).
      8. Заместитель председателя Комитета:
      а) выполняет функции председателя Комитета, предусмотренные пунктом 6 настоящего Положения, в случае отсутствия председателя Комитета или по его поручению;
      б) поручает исполнение функций ответственного секретаря Комитета должностному лицу или сотруднику ответственного департамента;
      в) дает поручения должностным лицам и сотрудникам ответственного департамента по формированию составов подкомитетов, экспертных и рабочих групп;
      г) координирует работу подкомитетов, экспертных и рабочих групп, созданных при Комитете.
      9. Ответственный секретарь Комитета:
      а) подготавливает проект повестки дня заседания Комитета по предложениям председателя Комитета, его заместителя и членов Комитета;
      б) осуществляет контроль за подготовкой материалов к вопросам повестки дня заседания Комитета и их рассылку членам Комитета;
      в) ведет протокол заседания Комитета;
      г) организует подготовку протокола заседания Комитета и доводит его до сведения членов Комитета.
      10. При Комитете могут создаваться подкомитеты, экспертные и рабочие группы, которые формируются из числа представителей уполномоченных органов, должностных лиц и сотрудников Комиссии.
      По согласованию с уполномоченными органами в состав подкомитетов, экспертных и рабочих групп могут включаться независимые эксперты.

IV. Порядок работы Комитета

      11. Заседания Комитета проводятся по мере необходимости, но не реже 2 раз в год.
      Решение о проведении заседания Комитета принимается председателем Комитета.
      12. Предложения по формированию проекта повестки дня заседания Комитета направляются членами Комитета председателю Комитета не позднее чем за 20 календарных дней до даты проведения заседания Комитета.
      13. Материалы к вопросам повестки дня заседания Комитета включают в себя:
      а) справки по рассматриваемым вопросам с проектами протокольных решений;
      б) проекты предлагаемых к рассмотрению документов (при наличии);
      в) иные документы и материалы, которые имеют значение при рассмотрении вопросов.
      14. Утвержденная повестка дня заседания Комитета и материалы к вопросам повестки дня заседания Комитета рассылаются членам Комитета в электронном виде не позднее чем за 15 календарных дней до даты проведения заседания Комитета.
      15. Заседания Комитета проводятся, как правило, в помещениях Комиссии.
      По предложению уполномоченного органа и решению председателя Комитета заседание Комитета может проводиться в любом из государств-членов. В этом случае принимающий уполномоченный орган оказывает содействие в организации и проведении заседания Комитета.
      По решению председателя Комитета заседание Комитета может проводиться в режиме видеоконференции.
      16. Заседание Комитета признается правомочным, если обеспечивается представительство как минимум 1 члена Комитета от каждого из государств-членов.
      Члены Комитета участвуют в заседаниях Комитета лично. В случае невозможности присутствия на заседании Комитета член Комитета вправе заблаговременно представить председателю Комитета свое мнение по рассматриваемым вопросам в письменном виде и (или) направить своего представителя для участия в заседании Комитета.
      Члены Комитета обладают равными правами при обсуждении вопросов на заседании Комитета.
      17. По приглашению председателя Комитета в заседании Комитета могут участвовать должностные лица и сотрудники Комиссии, а также иные лица.
      18. Результаты заседания Комитета оформляются протоколом.
      В случае если у члена Комитета имеется особое мнение по рассматриваемому на заседании Комитета вопросу, оно излагается в письменном виде и прилагается к протоколу заседания Комитета.
      19. Протокол заседания Комитета утверждается председателем Комитета не позднее 5 рабочих дней с даты проведения заседания Комитета.
      Копии протокола заседания Комитета направляются в правительства государств-членов, а также членам Комитета не позднее 3 рабочих дней с даты его утверждения председателем Комитета.
      По решению председателя Комитета протокол заседания Комитета или выписка из него может направляться участвовавшим в заседании Комитета приглашенным лицам.
      Протоколы заседаний Комитета хранятся в ответственном департаменте.
      20. Организационно-техническое обеспечение деятельности Комитета осуществляется Комиссией.
      Расходы, связанные с участием в заседаниях Комитета представителей уполномоченных органов, несут направляющие их государства-члены. Расходы, связанные с участием в заседаниях Комитета представителей бизнес-сообщества, научных и общественных организаций, иных независимых экспертов, указанные лица несут самостоятельно.