Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 109-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағында болат құбырлардың кейбір түрлерін өндірушілердің экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар туралы" 2011 жылғы 22 маусымдағы № 702 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданылуы 2021 жылғы 1 маусымды қоса алғандағы аралыққа ұзартылсын, мына өндірушілердің атауларының өзгерісі ескерілсін:
"ИНТЕРПАЙП Нижнеднепровский трубопрокатный завод" ашық акционерлік қоғамы ("ИНТЕРПАЙП НТЗ" ААҚ) (ескі атауы) – ИНТЕРПАЙП трубопрокатный завод" жария ақционерлік қоғамы ("ИНТЕРПАЙП НТЗ") (жаңа атауы);
"ИНТЕРПАЙП Новомосковский трубный завод" ашық акционерлік қоғамы ("ИНТЕРПАЙП НМТЗ" ААҚ) (ескі атауы) – "ИНТЕРПАЙП Новомосковский трубный завод" жария ақционерлік қоғамы ("ИНТЕРПАЙП НМТЗ" ЖАҚ) (жаңа атауы).
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласында уәкілеттік берілген мемлекеттік органдары:
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы № 702 шешімінде көзделген демпингке қарсы баждардың алынуын қамтамасыз етсін;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 133 шешіміне сәйкес алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен төленген (алынған) демпингке қарсы баждардың сомаларын демпингке қарсы баждарға есептеуді жүзеге асыруды және олар төленген (алынған) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына есепке жатқызуды қамтамасыз етсін.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы № 702 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараны қолдануды ұзарту туралы" 2015 жылғы 6 қазандағы № 133 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |