Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 7 қосымшасы) 7-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің 150-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 35 шешімімен бекітілген Тарифтік емес реттеудің және консультациялар өткізудің бірыңғай шараларын енгізу, қолдану, ұзарту және күшін жою туралы шешімдер жобасын әзірлеу туралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің сыртқы сауда қызметіне қатысушыларды хабардар ету тәртібінің 13-тармағына мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Комиссия мұндай шешімдерді қабылдаудағы кідірістер мүше мемлекеттердің мүдделеріне елеулі залал келтіруіне байланысты Хаттаманың 4-тармағында көзделген және Одақтың ресми сайтында жарияланған үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.7, 2.8 және 2.12-бөлімдеріне енгізілген тауарларға қатысты шаралар туралы шешімдер қабылдау кезінде консультациялар өткізбейді.";
б) үшінші абзацта "осындай" деген сөз "сәйкес" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 7 қосымшасы) көзделген үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.7, 2.8 және 2.12-бөлімдеріне енгізілген тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шараларын қолдану туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдерінің жобаларын Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында алдын ала жариялауды (қоғамдық талқылау) Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітлген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің VІІІ бөліміне сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның тарифтік емес реттеу мәселелері құзыретіне кіретін департаменті қамтамасыз ететіндігі белгіленсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |