Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8-ескертуіне өзгеріс енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 61 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 45-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8-ескертуінің екінші абзацы (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) ", Красноленинск мұнай-газ конденсаты кен орны, А.Титов атындағы мұнай кен орны" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

О внесении изменения в примечание 8 к единой Товарной номенклатуре внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 7 июня 2016 года № 61. Утратило силу решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 17 августа 2021 года № 100.

      Сноска. Решение утратило силу Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 17.08.2021 № 100 (порядок введения в действие см. п.2).

      В соответствии со статьей 45 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Абзац второй примечания 8 к единой Товарной номенклатуре внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза ( приложение к Решению Совета Евразийской экономической комиссии от 16 июля 2012 г. № 54) дополнить словами ", Красноленинское нефтегазоконденсатное месторождение, нефтяное месторождение им. А. Титова".

      2. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

Председатель Коллегии


Евразийской экономической комиссии

Т. Саркисян