Өлшемнің референттік әдістемелері (әдістері) ретінде қабылданатын өлшемнің әдістемелерін (әдістерін) аттестаттау тәртібін бекіту туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 68 шешімі.

      Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласында келісілген саясат жүргізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 10 қосымшасы) 9-тармағының 3-тармақшасын іске асыру мақсатында және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс реглементі № 2 қосымшасының 15-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Өлшемнің референттік әдістемелері (әдістері) ретінде қабылданатын өлшемнің әдістемелерін (әдістерін) аттестаттау тәртібі бекітілсін.

      2. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін өлшем бірліктерін қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың нәтижелерін өзара тану қағидалары күшіне енген күннен бастап, бірақ ерте дегенде осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 7 маусымдағы
№ 68 шешіміне
ҚОСЫМША

Өлшемнің референттік әдістемелері (әдістері) ретінде қабылданатын өлшемнің әдістемелерін (әдістерін) аттестаттау ТӘРТІБІ

      1. Осы Тәртіп Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласында келісілген саясат жүргізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 10 қосымшасы) 9-тармағының 3-тармақшасына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде өлшемнің референттік әдістемелері (әдістері) ретінде қабылданатын өлшемнің әдістемелерін (әдістерін) аттестаттау қағидасын (бұдан әрі сәйкесінше – референттік әдістемені аттестаттау, референттік әдістеме, мүше мемлекеттер, Одақ) белгілейді.

      2. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін өлшемнің бастапқы референттік әдістемесі (әдісі) деп мүше мемлекетте жалғыз заңды тұлғада 1 жабдық жиынтығында аса жоғары нақтылықпен іске асырылатын, белгілі бір, соның ішінде референттік шамалар өлшемінің басқа да әдістемелерін (әдістерін) пайдалана отырып алынған өлшем нәтижелерінің дұрыстығын бағалау үшін қолданылатын, олардың сол тектегі шамалар бірлігіне метрологиялық қадағалап отыруынсыз өлшем нәтижелерін алуға мүмкіндік беретін және мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекетте қолданылатын бастапқы референттік әдістеме (әдіс) ретінде бекітілген өлшемнің әдістемесі (әдісі) түсіндіріледі.

      Осы Тәртіпте пайдаланылатын өзге де ұғымдар Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласында келісілген саясат жүргізу туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы хаттаманың № 10 қосымшасы) белгіленген мәндерде қолданылады.

      3. Референттік әдістемені аттестаттау жаңадан әзірленген өлшем әдістімесіне (әдісіне) немесе Еуразиялық экономикалық комиссия бекіткен өлшем әдістімесін (әдісін) метрологиялық аттестаттау (бұдан әрі сәйкесінше – метрологиялық аттестаттау, Комиссия) тәртібіне сәйкес аттестатталған өлшем әдістемесіне (әдісіне) қатысты жүргізіледі.

      4. Референттік әдістемені аттестаттауды мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекетте шамалар бірліктерін және шамалар шәкілдерін (өлшем шәкілдері) өлшем түріне сәйкес аса жоғары нақтылықпен жаңғыруды, сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) жүргізеді.

      Аттестатталған референттік әдістемені мүше мемлекеттің өлшем бірліктерін қамтамасыз ету бойынша уәкілетті органы (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекітеді.

      Референттік әдістемені аттестаттау мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы мүше мемлекеттің аумағында тіркелген референтті әдістемені әзірлеуші болып табылатын кез келген заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкер ретінде жеке тұлғаның немесе референттік әдістемені әзірлеуге тапсырыс берген тұлғаның (бұдан әрі – өтініш берушілер) өтініші бойынша жүргізіледі.

      5. Референттік әдістемені аттестаттау барысында теориялық және (немесе) эксперименттік зерттеулер жүргізіледі және референттік әдістеменің өлшемдерге қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкестілігін және оны осы тектегі шамалар өлшемінің басқа да әдістемелерінің (әдістерінің) көмегімен алынған өлшенген мәндердің дұрыстығын бағалау үшін, сондай-ақ өлшем құралдарын калибрлеу немесе стандартты үлгілердің сипаттамаларын анықтау үшін пайдалану мүмкіндігін растау жүзеге асырылады.

      Уәкілетті ұйым эксперименттік зерттеу шеңберінде зертханааралық салыстыруды жүргізу үшін өтініш берушіні және (немесе) мүше мемлекеттердің басқа да ұйымдарын тартуы мүмкін.

      6. Референттік әдістемеге теориялық және (немесе) эксперименттік зерттеулер жүргізу кезінде мыналар жүзеге асырылады:

      а) сәйкестілікті растау мақсатында алынған өлшем нәтижелерінің нақтылық көрсеткіштерін анықтау:

      референттік әдістеме – оның мақсатты тағайындалуы (өлшем объектілерінің қасиеттеріне және өлшенетін шаманың сипаттамасына сәйкестілік);

      өлшеуді орындау шарттары – референттік әдістемені қолдану бойынша талаптарға;

      өлшем нәтижелерінің нақтылығы көрсеткіштері – референттік әдістемені әзірлеуге техникалық тапсырмада немесе референттік әдістемені әзірлеу бойынша бастапқы талаптарды қамтитын өзге де құжатта (бұдан әрі – техникалық тапсырма) белгіленген өлшемдерге қойылатын метрологиялық талаптарға;

      референттік әдістемені іске асыру үшін пайдаланылатын шамалар бірліктерінің эталондар, стандартты үлгілер және бекітілген типтердің өлшем құралдары – мемлекеттік бастапқы шамалар бірліктерінің эталондарына немесе бастапқы референттік әдістемелерге (әдістерге), ал олар болмаған жағдайда – ұлттық шамалар бірліктерінің эталондарына немесе басқа мемлекеттердің өлшемдерінің бастапқы референттік әдістемелеріне (әдістеріне)қойылатын өлшемдердің алынған нәтижелерін қадағалап отыруды қамтамасыз ету талаптарына;

      өлшем нәтижелерінің жазбалары – Халықаралық бірліктер жүйесінің (БЖ) шамалары бірліктерінің атауларына және (немесе) белгілеріне және олардың Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 34 шешімімен бекітілген Халықаралық бірліктер жүйесіне (БЖ) ара-қатынасын қоса алғанда Одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу кезінде қолданылатын шама бірліктерінің жүйеден тыс тізбесіне;

      алынған өлшем нәтижелерін ұсыну нысандары – өлшемдерге қойылатын метрологиялық талаптарға;

      б) референттік әдістеменің нақтылығы көрсеткіштерінің оны осы тектегі шамалар өлшемінің басқа да әдістемелерінің (әдістерінің) көмегімен алынған өлшем нәтижелерінің дұрыстығын бағалау үшін, өлшем құралдарын калибрлеу немесе стандартты үлгілердің сипаттамаларын анықтау үшін қолдану мақсатында сәйкестілігін бағалау;

      в) осы тектегі шамалар өлшемінің басқа да әдістемелерін (әдістерін) қолдана отырып алынған өлшем нәтижелерінің дұрыстығын бағалауға арналған референттік әдістемені қолдану рәсімдерін эксперименттік сынап көру;

      г) өлшемнің алынған нәтижелерін, соның ішінде осы тектегі (бар болған жағдайда) шамалар өлшемінің бастапқы референттік әдістемесін (әдісін) қолдана отырып алынған өлшем нәтижелерінің дұрыстығын бағалауды пайдалана отырып метрологиялық қадағалап отыруды құжатпен растау;

      д) зертханааралық салыстыруларды немесе осы тектегі шамалар өлшемінің басқа референттік әдістемесімен (әдісімен) салыстыруды жүргізу;

      е) алынған өлшем нәтижесінің белгісіздік бюджетін немесе дәлсіздігі құрылымын ұсыну;

      ж) алынған өлшем нәтижелерінің нақтылық көрсеткіштерін бақылаудың құжатталған рәсімдерін эксперименттік сынап көру.

      7. Референттік әдістеменің өлшемге қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкестілігін растау кезінде уәкілетті ұйым мыналардың дұрыстығын (негізділігін) бағалауды жүргізеді:

      а) таңдау:

      әдісті;

      өлшем құралдарын;

      стандартты үлгілерді;

      қосалқы және басқа техникалық құралдарды;

      б) сынамаларды іріктеу және дайындау, өлшеуге дайындық және осы өлшемдерді орындау кезінде операциялардың бірізділігін және мазмұнын белгілеу;

      в) өлшемнің аралық нәтижелерін өңдеу және өлшемнің қорытынды нәтижелерін есептеу;

      г) өлшем модельдері;

      д) сынамаларды іріктеу және дайындау сатысын (әдістерін) қоса алғанда эксперименттік зерттеу баңдарламалары мен көлемі;

      е) орындалған теориялық зерттеулер;

      ж) өлшемді жүргізу талаптарын таңдау және бағалау;

      з) бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, өлшем нәтижелерін өңдеу тәсілдері мен құралдарын таңдау;

      и) өлшемның нақтылығы көрсеткіштерін таңдау және олардың мәндерін белгілеу;

      к) өлшемнің нақтылығы көрсеткіштерін аттестаттау нәтижесінде белгіленген қамтамасыз ету рәсімдерін (соның ішінде мемлекеттік шамалар бірліктерінің бастапқы эталондарына өлшем нәтижелерін қадағалап отыруды қамтамасыз ету әдістерін, сондай-ақ нақтылық көрсеткіштерін бақылау тәсілдерін) таңдау және қабылданған шешімдердің сенімділігі (қажет болған жағдайда).

      8. Референттік әдістемені осы тектегі шамалардың басқа да өлшем әдістемелерінің (әдістерінің) көмегімен алынған өлшенген мәндердің дұрыстығын бағалау үшін, қлшем құралдарын калибрлеу үшін немесе стандартты үлгілердің сипаттамаларын анықтау үшін пайдалану мүмкіндігін растау кезінде уәкілетті ұйым осы Тәртіптің 6-тармағының "б" – "ж" тармақшаларына сәйкес теориялық және (немесе) эксперименттік зерттеулердің материалдарының болуын тексеруді жүргізеді.

      9. Референттік әдістемені аттестаттауды жүргізу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:

      а) өтініш (референттік әдістеменің атауын, өтініш беруші туралы мәліметтерді көрсете отырып, сондай-ақ Комиссия бекітетін өлшем бірліктерін қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың нәтижелерін өзара тану қағидаларына сәйкес аттестаттау бойынша жұмыстарды тану қажеттілігін көрсете отырып);

      б) техникалық тапсырма;

      в) техникалық тапсырмада көзделген көлемдегі құжаттама;

      г) референттік әдістеме баяндалған құжаттың жобасы (құжат);

      д) осы Тәртіптің 6-тармағының "а" тармақшасына сәйкес жүргізілетін рефереттік әдістеменің теориялық және (немесе) эксперименттік зерттеулер бағдарламасы мен осы Тәртіптің 6-тармағының "б" – "ж" тармақшалары талаптарының орындалуын растайтын нәтижелері (эксперименттік зерттеулердің хаттамалары, дәлсіздіктерді немесе белгісіздіктерді эксперименттік немесе есептік бағалау нәтижелері, сондай-ақ нақтылық көрсеткіштерін бағалау бойынша зертханааралық және (немесе) зертханаішілік эксперименттердің (егер мұндай эксперименттер техникалық тапсырмада көзделген болса) бағдарламасы мен нәтижелері).

      10. Уәкілетті ұйым жаңадан әзірленген референттік әдістеме үшін осы Тәртіптің 7 және 8-тармақтарына сәйкес немесе оның шешімі бойынша – метрологиялық аттестаттаудан өткен әдістеме үшін осы Тәртіптік 8-тармағына сәйкес жұмыстарды жүзеге асырады.

      11. Егер референттік әдістемені аттестаттау жаңа әзірленген өлшем әдістемесіне (әдісіне) қатысты жүргізілетін жағдайда, осы Тәртіптің 6-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген жұмыстарды орындаудың оң нәтижелері кезінде уәкілетті ұйым әдістемені уәкілетті орган бекіткеннен кейін өтініш берушіге тапсырылатын Комиссиямен бекітілетін өлшем әдістемесін (әдісін) метрологиялық аттестаттау тәртібіне қосымшада көзделген нысан бойынша өлшем әдістемесін (әдісін) метрологиялық аттестаттау туралы куәлікті рәсімдейді.

      12. Уәкілетті ұйым референттік әдістеменің аттестаттауды жүргізу аяқталғаннан кейін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      а) референттік әдістеме баяндалған құжат;

      б) референттік әдістеменің өлшемге қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкестілігі туралы қорытынды;

      в) уәкілетті ұйымның басшысы бекіткен және теориялық және (немесе) эксперименттік зерттеулердің нәтижелерін қамтитын есеп (референттік әдістеменің осы Тәртіптің 7 және 8-тармақтарының ережелеріне сәйкестілігін растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып);

      г) өлшем әдістемесін (әдісін) метрологиялық аттестаттау туралы куәліктің көшірмесі (оған қатысты бұрын метрологиялық аттестаттау жүргізілген референттік әдістеме үшін).

      13. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сенімділігін тексеруді жүргізеді, референттік әдістемені бекіту туралы немесе оны бекітуден бас тарту туралы шешім қабылдайды, Комиссия бекітетін өлшем бірліктерін қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың нәтижелерін өзара тану қағидаларына сәйкес жұмыстарды орындайды және бұл туралы уәкілетті ұйымды және өтініш берушіні жазбаша түрде хабардар етуді жүзеге асырады.

      14. Бекітілген референттік әдістеме туралы мәліметтерді уәкілетті орган мүше мемлекеттің өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық қорына осы мемлекеттік заңнамасында белгіленген тәртіпте тапсырады.

      15. Референттік әдістемеге өзгерістер енгізуді әзірлеуші жүзеге асырады. Мұндай жағдайда референттік әдістемені (енгізілген өзгерістерімен бірге) аттестаттау және осы Тәртіпке сәйкес бекіту жүргізіледі.

Об утверждении Порядка аттестации методики (метода) измерений, принимаемой в качестве референтной методики (метода) измерений

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 7 июня 2016 года № 68

      В целях реализации подпункта 3 пункта 9 Протокола о проведении согласованной политики в области обеспечения единства измерений (приложение № 10 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года) и в соответствии с пунктом 15 приложения № 2 к Регламенту работы Евразийской экономической комиссии, утвержденному Решением Высшего Евразийского экономического совета от 23 декабря 2014 г. № 98, Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:
      1. Утвердить прилагаемый Порядок аттестации методики (метода) измерений, принимаемой в качестве референтной методики (метода) измерений.
      2. Настоящее Решение вступает в силу с даты вступления в силу утверждаемых Евразийской экономической комиссией правил взаимного признания результатов работ по обеспечению единства измерений, но не ранее 30 календарных дней с даты официального опубликования настоящего Решения.

      Председатель Коллегии
      Евразийской экономической комиссии         Т. Саркисян

УТВЕРЖДЕН           
Решением Коллегии       
Евразийской экономической комиссии
от 7 июня 2016 г. № 68    

ПОРЯДОК
аттестации методики (метода) измерений, принимаемой в качестве
референтной методики (метода) измерений

      1. Настоящий Порядок разработан в соответствии с подпунктом 3 пункта 9 Протокола о проведении согласованной политики в области обеспечения единства измерений (приложение № 10 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года) и определяет правила аттестации методики (метода) измерений, принимаемой в качестве референтной методики (метода) измерений в государствах – членах Евразийского экономического союза (далее соответственно – аттестация референтной методики, референтная методика, государства-члены, Союз).
      2. Для целей настоящего Порядка под первичной референтной методикой (методом) измерений понимается методика (метод) измерений, которая реализуется с наивысшей точностью в государстве-члене у единственного юридического лица на 1 комплекте оборудования, применяется для оценки правильности результатов измерений, полученных с использованием других методик (методов) измерений одних и тех же величин, в том числе референтных, позволяет получать результаты измерений без их метрологической прослеживаемости к единицам величин того же рода и утверждена в соответствии с законодательством государства-члена в качестве первичной референтной методики (метода), применяемой в государстве-члене.
      Иные понятия, используемые в настоящем Порядке, применяются в значениях, определенных Протоколом о проведении согласованной политики в области обеспечения единства измерений (приложение № 10 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года).
      3. Аттестация референтной методики проводится в отношении вновь разработанной методики (метода) измерений или методики (метода) измерений, аттестованной в соответствии с порядком метрологической аттестации методики (метода) измерений, утверждаемым Евразийской экономической комиссией (далее соответственно – метрологическая аттестация, Комиссия).
      4. Аттестация референтной методики проводится организацией, осуществляющей в соответствии с законодательством государства-члена воспроизведение, хранение и передачу единиц величин и шкал величин (шкал измерений) с наивысшей точностью в государстве-члене в соответствующем виде измерений (далее – уполномоченная организация).
      Аттестованная референтная методика утверждается уполномоченным органом по обеспечению единства измерений государства-члена (далее – уполномоченный орган).
      Аттестация референтной методики проводится по заявлению любого зарегистрированного в соответствии с законодательством государства-члена на территории этого государства-члена юридического лица или физического лица в качестве индивидуального предпринимателя, являющихся разработчиками референтной методики, или лица, по заказу которого референтная методика разработана (далее – заявители).
      5. В ходе аттестации референтной методики проводятся теоретические и (или) экспериментальные исследования и осуществляется подтверждение соответствия референтной методики метрологическим требованиям к измерениям и возможности ее использования для оценки правильности измеренных значений, полученных с помощью других методик (методов) измерений величины того же рода, а также для калибровки средств измерений или определения характеристик стандартных образцов.
      Уполномоченная организация может привлекать заявителя и (или) другие организации государств-членов для проведения межлабораторных сличений в рамках экспериментальных исследований.
      6. При проведении теоретических и (или) экспериментальных исследований референтной методики осуществляются:
      а) установление показателей точности получаемых результатов измерений в целях подтверждения соответствия:
      референтной методики – ее целевому назначению (соответствие свойствам объекта измерений и характеру измеряемых величин);
      условий выполнения измерений – требованиям по применению референтной методики;
      показателей точности результатов измерений – метрологическим требованиям к измерениям, установленным в техническом задании на разработку референтной методики или в ином документе, содержащем исходные требования по разработке референтной методики (далее – техническое задание);
      используемых для реализации референтной методики эталонов единиц величин, стандартных образцов и средств измерений утвержденных типов – условиям обеспечения прослеживаемости получаемых результатов измерений к государственным первичным эталонам единиц величин или первичным референтным методикам (методам), а в случае их отсутствия – к национальным эталонам единиц величин или первичным референтным методикам (методам) измерений других государств;
      записей результатов измерений – наименованиям и (или) обозначениям единиц величин Международной системы единиц (СИ) и перечню внесистемных единиц величин, применяемых при разработке технических регламентов Союза, включая их соотношения с Международной системой единиц (СИ), утвержденному Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 21 апреля 2015 г. № 34;
      форм представления полученных результатов измерений – метрологическим требованиям к измерениям;
      б) оценка соответствия показателей точности референтной методики целям ее применения для оценки правильности результатов измерений, полученных с применением других методик (методов) измерений величин того же рода, для калибровки средств измерений или для определения характеристик стандартных образцов;
      в) экспериментальное опробование процедуры применения референтной методики для оценки правильности результатов измерений, полученных с применением других методик (методов) измерений величин того же рода;
      г) документальное подтверждение метрологической прослеживаемости полученных результатов измерений, в том числе с использованием оценки правильности результатов измерений, полученных с применением первичной референтной методики (метода) измерений величины того же рода (при ее наличии);
      д) проведение межлабораторных сличений или сличения с другой референтной методикой (методом) измерений величины того же рода;
      е) представление бюджета неопределенности или структуры погрешности полученного результата измерений;
      ж) экспериментальное опробование документированной процедуры контроля показателей точности полученных результатов измерений.
      7. При подтверждении соответствия референтной методики метрологическим требованиям к измерениям уполномоченной организацией проводится оценивание правильности (обоснованности):
      а) выбора:
      метода;
      средств измерений;
      стандартных образцов;
      вспомогательных и других технических средств;
      б) установления последовательности и содержания операций при отборе и подготовке проб, подготовке к измерениям и выполнении этих измерений;
      в) обработки промежуточных результатов измерений и вычислений окончательных результатов измерений;
      г) модели измерений;
      д) программы и объема экспериментальных исследований, включая стадии (методы) отбора и подготовки проб;
      е) выполненных теоретических исследований;
      ж) выбора и оценки условий проведения измерений;
      з) выбора способов и средств обработки результатов измерений, включая программное обеспечение;
      и) выбора показателей точности измерений и установления их значений;
      к) выбора процедур обеспечения установленных в результате аттестации показателей точности измерений (в том числе методов обеспечения прослеживаемости результата измерений к государственным первичным эталонам единиц величин, а также способов контроля показателей точности) и достоверности принимаемых решений (при необходимости).
      8. При подтверждении возможности использования референтной методики для оценки правильности измеренных значений, полученных с помощью других методик (методов) измерений величин того же рода, для калибровки средств измерений или для определения характеристик стандартных образцов уполномоченной организацией проводится проверка наличия материалов теоретических и (или) экспериментальных исследований в соответствии с подпунктами «б» – «ж» пункта 6 настоящего Порядка.
      9. Для проведения аттестации референтной методики заявителем представляются в уполномоченную организацию следующие документы:
      а) заявка (с указанием наименования референтной методики, сведений о заявителе, а также с указанием необходимости признания работ по аттестации в соответствии с правилами взаимного признания результатов работ по обеспечению единства измерений, утверждаемыми Комиссией);
      б) техническое задание;
      в) документация в объеме, предусмотренном техническим заданием;
      г) проект документа (документ) с изложением референтной методики;
      д) программа и результаты проводимых в соответствии с подпунктом «а» пункта 6 настоящего Порядка теоретических и (или) экспериментальных исследований референтной методики (протоколы экспериментальных исследований, результаты экспериментального или расчетного оценивания погрешностей или неопределенностей, а также программа и результаты межлабораторного и (или) внутрилабораторного экспериментов по оценке показателей точности (если такие эксперименты предусмотрены техническим заданием)), подтверждающие выполнение требований подпунктов «б» – «ж» пункта 6 настоящего Порядка.
      10. Уполномоченной организацией осуществляются работы в соответствии с пунктами 7 и 8 настоящего Порядка для вновь разработанной референтной методики или по ее решению – в соответствии с пунктом 8 настоящего Порядка для методики, прошедшей метрологическую аттестацию.
      11. В случае если аттестация референтной методики проводится в отношении вновь разработанной методики (метода) измерений, при положительных результатах выполнения работ, указанных в подпункте «а» пункта 6 настоящего Порядка, уполномоченной организацией оформляется свидетельство о метрологической аттестации методики (метода) измерений по форме, предусмотренной приложением к порядку метрологической аттестации методики (метода) измерений, утверждаемому Комиссией, которое выдается заявителю после утверждения методики уполномоченным органом.
      12. Уполномоченной организацией по окончании проведения аттестации референтной методики в уполномоченный орган представляются следующие документы:
      а) документ с изложением референтной методики;
      б) заключение о соответствии референтной методики метрологическим требованиям к измерениям;
      в) отчет, утвержденный руководителем уполномоченной организации и содержащий результаты теоретических и (или) экспериментальных исследований (с приложением документов, подтверждающих соответствие референтной методики положениям пунктов 7 и 8 настоящего Порядка);
      г) копия свидетельства о метрологической аттестации методики (метода) измерений (для референтной методики, в отношении которой ранее была проведена метрологическая аттестация).
      13. Уполномоченным органом проводится проверка полноты и достоверности представленных документов, принимается решение об утверждении референтной методики или об отказе в ее утверждении, выполняются работы в соответствии с правилами взаимного признания результатов работ по обеспечению единства измерений, утверждаемыми Комиссией, и осуществляется информирование об этом уполномоченной организации и заявителя в письменной форме.
      14. Сведения об утвержденной референтной методике передаются уполномоченным органом в информационный фонд в области обеспечения единства измерений государства-члена в порядке, установленном законодательством этого государства.
      15. Внесение изменений в референтную методику осуществляется разработчиком. В этом случае проводится аттестация и утверждение референтной методики (с внесенными изменениями) в соответствии с настоящим Порядком.