2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағына және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 2 желтоқсандағы № 284 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы шешім қабылдауы тәртібінің 14-тармағының "а" тармақшасына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 21 қарашадағы № 155 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Кеден одағы Комиссиясының "Сыпырып-жинағыш машинаны сыныптау туралы" 2011 жылғы 16 тамыздағы № 749 шешімінің мәтініндегі "КО СЭҚ ТН 8705 90 900 1" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай Тауар номенклатурасының 8705 90 800 5" деген сөздермен ауыстырылсын, "КО СЭҚ ТН түсіндірмелері" деген сөздер "сыртқы экономикалық қызмет Тауар номенклатурасының түсіндірмелері" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес гүл, саңырауқұлақ, көкөніс немесе жидек дақылдарын өсіруге арналып қоса салынған жабдығы бар жылыжай кешендерін сыныптау туралы" 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 910 шешімінде:
а) атауындағы "Кеден одағы" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақ" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) бірінші абзацтағы "КО СЭҚ ТН 9406 00" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай Тауар номенклатурасының 9406" деген сөздермен ауыстырылсын, "КО СЭҚ ТН түсіндірмелері" деген сөздер "сыртқы экономикалық қызмет Тауар номенклатурасының түсіндірмелері" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) екінші абзацтағы "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай Тауар номенклатурасының" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасы бойынша "Полиметиленфенилизоцианатты (полимерлік метилендифенилизоцианатты, "полимерлік МДИ-ді") сыныптау туралы" 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 159 шешімінде:
а) атауындағы "Кеден одағы" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақ" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 1-тармақтағы "3909 30 000 1 кіші қосалқы позициясында" деген сөздер "3909 31 000 0 қосалқы позициясында" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын.