Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі жөніндегі консультативтік комитет туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 21 қарашадағы № 158 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 7 және 44-тармағына сәйкес және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 28-бабының ережелерін іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі жөніндегі консультативтік комитет құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі жөніндегі консультативтік комитет туралы ереже бекітілсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 21 қарашадағы
№ 158 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі жөніндегі консультативтік комитет туралы ЕРЕЖЕ

І. Жалпы ережелер

      1. Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі жөніндегі консультативтік комитет (бұдан әрі – Комитет) Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 7 және 44-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының (бұдан әрі – тиісінше Комиссия, Алқа) жанынан құрылады.

      Комитет Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің ішкі нарықтарының (бұдан әрі – тиісінше Одақ, ішкі нарықтар) жұмыс істеу мәселелері жөніндегі Комиссияның консультативтік органы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, басқа да халықаралық шарттар мен Одақ құқығын құрайтын актілерді, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

ІІ. Комитеттің негізгі міндеттері мен функциялары

      3. Комитеттің негізгі міндеттері:

      а) ішкі нарықтардың жұмыс істеуі мәселелері бойынша Комиссияға ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;

      б) ішкі нарықтардың жұмыс істеуі мәселелері бойынша Одақтың мүше мемлекеттерінің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) өкілдерімен консультациялар өткізу болып табылады.

      4. Өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін Комитет мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      а) Комиссияның бейінді консультативтік комитеттері мен департаменттері үшін мынадай мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлейді:

      ішкі нарықтардың жұмыс істеуі мониторингі механизмін құру және жетілдіру;

      ішкі нарықтардың саласындағы кедергілерді, алып қою мен шектеулерді жою мақсатында мүше мемлекеттердің құқық қолдану практикасын жетілдіру және мүше мемлекеттердің заңнамаларын үндестіру;

      б) ішкі нарықтар саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын әзірлеуді жоспарлау жөніндегі ұсыныстарды қарайды және қалыптастырады;

      в) Комиссияға мынадай мәселелер бойынша ұсынымдар дайындайды:

      Одақ шеңберінде ішкі нарықтардың жұмыс істеуіне, сондай-ақ ішкі нарыққа өзара қол жетімділікке тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капитал мен жұмыс күшінің қозғалысына қатысты кедергілердің, алып қоюлар мен шектеулердің болуына байланысты дауларды Одақтың Сотына жүгінгенге дейін мүше мемлекеттердің реттеуіне жәрдем көрсету;

      Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттардың және Одақ органдарының ішкі нарықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуші өзге де актілердің жобаларын әзірлеу;

      Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі мәселесі жөніндегі Комиссия мен мүше мемлекеттердің мемлекеттік атқарушы билік органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл;

      г) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсынымдар дайындайды;

      д) ішкі нарықтардың жұмыс істеуі бойынша мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастығы, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен басқа да тәуелсіз сарапшылармен ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      е) өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.

ІІІ. Комитеттің құрамы

      5. Комитеттің құрамы мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарының уәкілетті өкілдерінен қалыптастырылады.

      6. Комитеттің құрамына мүше мемлекеттердің ұсынысы бойынша мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастығы, ғылыми және қоғамдық ұйымдарының өкілдері, басқа да тәуелсіз сарапшылар енгізіледі.

      7. Мүше мемлекеттер Комитеттің құрамына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарын Комиссияға уақытылы ұсынады.

      8. Комитеттің құрамы Алқа өкімімен бекітіледі.

      9. Құзыретіне ішкі нарықтардың жұмыс істеу мәселелер жататын Алқа мүшесі (бұдан әрі – Комитет төрағасы) Комитеттің отырыстарына төрағалық етеді және Комитеттің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады.

      10. Комитет төрағасы:

      а) Комитеттің қызметіне басшылық етеді және Комитетке жүктелген міндеттерді орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      б) Комитет отырысының күн тәртібін бекітеді, оның өткізілетін күнін, уақыты мен орнын айқындайды;

      в) Комитеттің отырысын жүргізеді;

      г) Комитет отырыстарының хаттамаларын бекітеді;

      д) Комиссия Алқасы мен Кеңесі консультациялар қорытындысы және ішкі нарықтардың жұмыс істеуі мәселелері бойынша Комитет әзірлеген ұсынымдар мен ұсыныстар туралы хабардар етеді;

      е) жұмыс (сарапшылық) топтар туралы ережені және олардың құрамын бекітеді;

      ж) Комитеттің жауапты хатшысын тағайындайды;

      з) Комитеттің құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      11. Құзыретіне Комитет қызметінің бағыттары бойынша мәселелер кіретін Комиссия департаментінің директоры Комитет төрағасының орынбасары болып тағайындалады.

      12. Комитет төрағасының орынбасары Комитет төрағасы болмаған кезде немесе оның тапсыруы бойынша Комитет төрағасының осы Ереженің 10-тармағында көзделген функцияларын орындайды.

      13. Комитеттің жауапты хатшысын құзыретіне Комитет қызметінің бағыттары бойынша мәселелер кіретін Комиссияның лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің арасынан Комитет төрағасы тағайындайды.

      14. Комитеттің жауапты хатшысы:

      а) Комитет төрағасының және Комитет мүшелерінің ұсыныстары бойынша Комитет отырысының күн тәртібінің жобасын әзірлейді және оны Комитет төрағасының бекітуіне ұсынады;

      б) Комитеттің отырысына материалдардың дайындалуына және ұсынылуына бақылауды жүзеге асырады;

      в) Комитет мүшелеріне Комитет отырысының бекітілген күн тәртібі мен оның материалдарын дайындап, жібереді;

      г) Комитеттің кезекті отырысының өткізілетін күнін, уақыты мен орны туралы Комитет мүшелеріне хабарлайды;

      д) Комитет отырысының хаттамасын жүргізеді және оны Комитет төрағасының бекітуіне ұсынады;

      е) Комитет отырысының нәтижелері бойынша дайындалған қорытынды құжаттарды әзірлеуді және оларды Комитет мүшелерінің назарына жеткізуді ұйымдастырады;

      ж) Комитеттің хаттамалық шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады.

      15. Комитет отырысына Комитет төрағасының шақыруы бойынша немесе мүше мемлекеттердің ұсынысы бойынша құзыретіне Комитеттің отырысында қаралатын мәселелер жататын Комиссияның лауазымды адамдары мен қызметкерлері, мүше мемлекеттердің мемлекеттік атқарушы билік органдарының уәкілетті өкілдері, бизнес-қоғамдастығы өкілдері қатыса алады.

      16. Комитет жанында Комитет қызметінің бағыттары бойынша мәселелерді шешуге арналған тұрақты немесе уақытша негізде кіші комитеттер, сарапшылық және жұмыс топтары құрылуы мүмкін.

      17. Кіші комитеттердің, сарапшылық және жұмыс топтарының құрамдары мүше мемлекеттердің мемлекеттік атқарушы билік органдарының өкілдері, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерінің, сондай-ақ құзыретіне Комитет қызметінің бағыттары бойынша мәселелер кіретін мүше мемлекеттердің сарапшылары қатарынан қалыптастырылады.

IV. Комитеттің жұмыс тәртібі

      18. Комитеттің отырысы қажеттігіне қарай өткізіледі.

      19. Комитет мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, Комитет отырысын өткізу туралы шешімді Комитет төрағасы қабылдайды.

      20. Комитет отырысының күн тәртібінің жобасын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды Комитет мүшелері Комитет отырысы өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 15 күнінен кешіктірмей Комитет төрағасына жібереді.

      Комитет отырысының күн тәртібіне енгізуге арналған мәселелерді ұсынған Комитет мүшелері ұсынылған мәселелер бойынша ақпарат пен материалдардың Комитеттің жауапты хатшысына берілуін қамтамасыз етеді.

      21. Комитет төрағасының белгіленген тәртіпте Комитет мүшелерінен Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша материалдар мен ақпаратты сұратуға құқығы бар.

      22. Комитет отырысының күн тәртібіне ұсынылатын материалдар:

      а) қаралатын мәселелер бойынша анықтамаларды;

      б) қарауға ұсынылатын құжаттардың жобаларын (болған кезде);

      в) Комиссияға хаттамалық шешімдер мен ұсынымдардың жобаларын;

      г) қажетті анықтамалық және талдамалық материалдарды қамтиды.

      23. Комитеттің жауапты хатшысы Комитет мүшелеріне Комитет отырысы өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 15 күнінен кешіктірмей, оның ішінде электрондық түрде Комитет отырысының күн тәртібі мен оның материалдарын жібереді.

      24. Комитет отырыстары, әдетте Комиссияның үй-жайларында өткізіледі.

      Комитет отырысы мүше мемлекеттердің мемлекеттік атқарушы билік органдарының ұсыныстары негізінде қабылданатын Комитет төрағасының шешімі бойынша кез келген мүше мемлекетте өткізілуі мүмкін. Бұл жағдайда қабылдайтын мүше мемлекет Комитет отырысын ұйымдастыруға және өткізуге жәрдем көрсетеді.

      Комитет төрағасының шешімі бойынша Комитет отырысы бейне конференция режимінде өткізілуі мүмкін.

      25. Егер мүше мемлекеттердің әрқайсысынан Комитеттің кемінде 1 мүшесінің өкілдік етуі қамтамасыз етілсе, Комитет отырысы заңды деп танылады.

      26. Комитет мүшелері оның отырыстарына жеке өзі қатысады.

      Егер Комитет мүшесінің отырысқа қатысуы мүмкін болмаған жағдайда, оның қаралатын мәселе бойынша өз пікірін Комитет төрағасына жазбаша түрде дер кезінде (Комитет отырысы өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей) ұсынуға және отырысқа қатысу үшін уәкілетті өкілдің кандидатурасын жіберуге құқығы бар.

      27. Егер Комитет мүшелерінің пікірінше аталған мәселе қосымша пысықтауды талап ететін болса, олар мәселені Комитеттің қарауынан алып тастауға ұсыным білдіруі мүмкін.

      28. Комитет отырысында мәселелерді талқылау кезінде Комитет мүшелерінің тең құқықтары болады.

      29. Комитет отырысының нәтижелері хаттамамен ресімделеді, онда Комитет мүшелерінің позициялары тіркеледі.

      Егер Комитет мүшесінің Комитет қарап жатқан мәселе бойынша ерекше пікірі болса, ол жазбаша түрде баяндалады және Комитет отырысының хаттамасына қоса беріледі. Комитет отырысының хаттамасына сондай-ақ қаралып отырған құжаттардың жобалары бойынша ұсыныстар, анықтамалық және талдамалық материалдар мен тиісті негіздемелер қоса берілуі мүмкін.

      Комитет мүшелерінің Комитет отырыстарында берген ұсыныстары мүше мемлекеттердің түпкілікті позициясы ретінде қаралмайды.

      Комитет отырысының хаттамасына Комитеттің жауапты хатшысы қол қояды, Комитет отырысы болған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комитет төрағасы бекітеді.

      Комитеттің жауапты хатшысы Комитет отырысының хаттамасын оны Комитет төрағасы бекіткен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Комитеттің барлық мүшелеріне жібереді.

      Комитет төрағасының шешімі бойынша Комитет отырысының хаттамасы немесе одан үзінді көшірме Комитет отырысына қатысқан шақырылған адамдарға жіберілуі мүмкін.

      Комитет отырыстарының хаттамалары Комитеттің жауапты хатшысында сақталады.

      30. Комитет отырыстарына мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының уәкілетті өкілдерінің қатысуына байланысты шығыстарды оларды жіберетін мүше мемлекеттер көтереді.

      Комитет отырыстарына бизнес-қоғамдастық, ғылыми және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардың қатысуына байланысты шығыстарды аталған адамдар дербес көтереді.

      31. Комитеттің қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді Комиссия жүзеге асырады.

      32. Алқа шешімі Комитеттің қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.

О Консультативном комитете по функционированию внутренних рынков

Решение Коллегии Евразийской Экономической Комиссии от 21 ноября 2016 года № 158

      В соответствии с пунктами 7 и 44 Положения о Евразийской экономической комиссии (приложение № 1 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года) и в целях реализации положений статьи 28 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:
      1. Создать Консультативный комитет по функционированию внутренних рынков.
      2. Утвердить прилагаемое Положение о Консультативном комитете по функционированию внутренних рынков.
      3. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Председатель Коллегии
      Евразийской экономической комиссии         Т. Саркисян

УТВЕРЖДЕНО           
Решением Коллегии       
Евразийской экономической комиссии
от 21 ноября 2016 г. № 158   

ПОЛОЖЕНИЕ
о Консультативном комитете
по функционированию внутренних рынков

I. Общие положения

      1. Консультативный комитет по функционированию внутренних рынков (далее – Комитет) создается при Коллегии Евразийской экономической комиссии (далее соответственно – Коллегия, Комиссия) в соответствии с пунктами 7 и 44 Положения о Евразийской экономической комиссии (приложение № 1 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года).
      Комитет является консультативным органом Комиссии по вопросам функционирования внутренних рынков товаров, услуг, капитала и рабочей силы в рамках Евразийского экономического союза (далее соответственно – внутренние рынки, Союз).
      2. Комитет в своей деятельности руководствуется Договором о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года, другими международными договорами и актами, составляющими право Союза, Регламентом работы Евразийской экономической комиссии, утвержденным Решением Высшего Евразийского экономического совета от 23 декабря 2014 г. № 98, а также настоящим Положением.

II. Основные задачи и функции Комитета

      3. Основными задачами Комитета являются:
      а) подготовка для Комиссии рекомендаций и предложений по вопросам функционирования внутренних рынков;
      б) проведение консультаций с представителями государств – членов Союза (далее – государства-члены) по вопросам функционирования внутренних рынков.
      4. Для реализации возложенных на него задач Комитет осуществляет следующие функции:
      а) подготавливает для профильных консультативных комитетов и департаментов Комиссии предложения по следующим вопросам:
      создание и совершенствование механизма мониторинга функционирования внутренних рынков;
      гармонизация законодательства государств-членов и совершенствование правоприменительной практики государств-членов с целью устранения барьеров, изъятий и ограничений в сфере функционирования внутренних рынков;
      б) рассматривает и формирует предложения по планируемым к разработке научно-исследовательским работам в сфере функционирования внутренних рынков;
      в) подготавливает для Комиссии рекомендации по следующим вопросам:
      оказание содействия государствам-членам в урегулировании до обращения в Суд Союза споров в рамках Союза, связанных с функционированием внутренних рынков, а также наличием барьеров для взаимного доступа на внутренние рынки, изъятий и ограничений в отношении движения товаров, услуг, капитала и рабочей силы;
      разработка проектов международных договоров в рамках Союза и иных актов органов Союза, обеспечивающих функционирование внутренних рынков;
      информационное взаимодействие между Комиссией и органами государственной власти государств-членов по вопросам функционирования внутренних рынков;
      г) подготавливает рекомендации по вопросам, входящим в компетенцию Комитета;
      д) осуществляет сотрудничество с представителями бизнес-сообществ, научных и общественных организаций государств-членов, иными независимыми экспертами по вопросам функционирования внутренних рынков;
      е) осуществляет иные функции в пределах своей компетенции.

III. Состав Комитета

      5. Состав Комитета формируется из уполномоченных представителей органов государственной власти государств-членов.
      6. По предложению государств-членов в состав Комитета включаются представители бизнес-сообществ, научных и общественных организаций государств-членов, иные независимые эксперты.
      7. Государства-члены своевременно представляют в Комиссию предложения по внесению изменений в состав Комитета.
      8. Состав Комитета утверждается распоряжением Коллегии.
      9. Председательствует на заседаниях Комитета и осуществляет общее руководство работой Комитета член Коллегии, к компетенции которого отнесены вопросы функционирования внутренних рынков (далее – председатель Комитета).
      10. Председатель Комитета:
      а) руководит деятельностью Комитета и организует работу по выполнению возложенных на Комитет задач;
      б) утверждает повестку дня заседания Комитета, определяет дату, время и место его проведения;
      в) ведет заседания Комитета;
      г) утверждает протоколы заседаний Комитета;
      д) информирует Коллегию и Совет Комиссии об итогах консультаций и выработанных Комитетом рекомендациях и предложениях по вопросам функционирования внутренних рынков;
      е) утверждает положения о рабочих (экспертных) группах и их составы;
      ж) назначает ответственного секретаря Комитета;
      з) осуществляет иные функции в пределах компетенции Комитета.
      11. Заместителем председателя Комитета назначается директор департамента Комиссии, к компетенции которого отнесены вопросы по направлениям деятельности Комитета.
      12. Заместитель председателя Комитета выполняет функции председателя Комитета, предусмотренные пунктом 10 настоящего Положения, в случае отсутствия председателя Комитета или по его поручению.
      13. Ответственный секретарь Комитета назначается председателем Комитета из числа должностных лиц или сотрудников Комиссии, к компетенции которых отнесены вопросы по направлениям деятельности Комитета.
      14. Ответственный секретарь Комитета:
      а) подготавливает проект повестки дня заседания Комитета по предложениям председателя Комитета и членов Комитета и представляет ее на утверждение председателю Комитета;
      б) осуществляет контроль за подготовкой и представлением материалов к заседанию Комитета;
      в) подготавливает и направляет членам Комитета утвержденную повестку дня заседания Комитета и материалы к ней;
      г) информирует членов Комитета о дате, времени и месте проведения заседания Комитета;
      д) ведет протокол заседания Комитета и представляет его на утверждение председателю Комитета;
      е) организует подготовку и доведение до членов Комитета итоговых документов, подготовленных по результатам заседания Комитета;
      ж) осуществляет контроль за исполнением протокольных решений Комитета.
      15. По приглашению председателя Комитета или по предложению государств-членов в заседании Комитета могут участвовать уполномоченные представители органов государственной власти государств-членов, представители бизнес-сообществ, должностные лица и сотрудники Комиссии, к компетенции которых относятся рассматриваемые на заседании Комитета вопросы.
      16. При Комитете могут создаваться на постоянной или временной основе подкомитеты, экспертные и рабочие группы для решения вопросов по направлениям деятельности Комитета.
      17. Составы подкомитетов, экспертных и рабочих групп формируются из числа уполномоченных представителей органов государственной власти государств-членов, должностных лиц и сотрудников Комиссии, а также экспертов государств-членов, к компетенции которых отнесены вопросы по направлениям деятельности Комитета.

IV. Порядок работы Комитета

      18. Заседания Комитета проводятся по мере необходимости.
      19. Решение о проведении заседания Комитета принимается председателем Комитета с учетом предложений членов Комитета.
      20. Предложения по формированию проекта повестки дня заседания Комитета направляются членами Комитета председателю Комитета не позднее чем за 20 календарных дней до даты проведения заседания Комитета.
      Члены Комитета, предложившие вопросы для включения в повестку дня заседания Комитета, обеспечивают представление ответственному секретарю Комитета информации и материалов по предложенным вопросам.
      21. Председатель Комитета имеет право запрашивать в установленном порядке у членов Комитета материалы и информацию по вопросам, отнесенным к компетенции Комитета.
      22. Материалы к повестке дня заседания Комитета включают в себя:
      а) справки по рассматриваемым вопросам;
      б) проекты предлагаемых к рассмотрению документов (при наличии);
      в) проекты протокольных решений и рекомендаций для Комиссии;
      г) необходимые справочные и аналитические материалы.
      23. Ответственный секретарь Комитета направляет членам Комитета повестку дня заседания Комитета и материалы к ней, в том числе в электронном виде, не позднее чем за 15 календарных дней до даты проведения заседания Комитета.
      24. Заседания Комитета проводятся, как правило, в помещениях Комиссии.
      Заседание Комитета может проводиться в любом из государств-членов по решению председателя Комитета, принимаемому на основе предложений органов государственной власти государств-членов. В этом случае принимающее государство-член оказывает содействие в организации и проведении заседания Комитета.
      По решению председателя Комитета заседание Комитета может проводиться в режиме видеоконференции.
      25. Заседание Комитета признается правомочным, если в нем обеспечивается представительство как минимум 1 члена Комитета от каждого из государств-членов.
      26. Члены Комитета участвуют в его заседаниях лично.
      В случае невозможности присутствия члена Комитета на заседании он имеет право заблаговременно (не позднее 3 рабочих дней до даты проведения заседания Комитета) представить председателю Комитета свою позицию по рассматриваемым вопросам в письменной форме и направить кандидатуру уполномоченного представителя для участия в заседании.
      27. Члены Комитета могут рекомендовать снять вопрос с рассмотрения Комитетом, если, по их мнению, данный вопрос требует дополнительной проработки.
      28. Члены Комитета обладают равными правами при обсуждении вопросов на заседании Комитета.
      29. Результаты заседания Комитета оформляются протоколом, в котором фиксируются позиции членов Комитета.
      В случае если у члена Комитета имеется особое мнение по рассматриваемому Комитетом вопросу, оно излагается в письменной форме и прилагается к протоколу заседания Комитета. К протоколу заседания Комитета также могут прилагаться предложения по проектам рассматриваемых документов, справочные и аналитические материалы и соответствующие обоснования.
      Предложения членов Комитета, представленные ими на заседаниях Комитета, не могут рассматриваться в качестве окончательной позиции государств-членов.
      Протокол заседания Комитета подписывается ответственным секретарем Комитета и утверждается председателем Комитета не позднее 3 рабочих дней с даты заседания Комитета.
      Ответственный секретарь Комитета направляет протокол заседания Комитета всем членам Комитета в течение 3 рабочих дней с даты его утверждения председателем Комитета.
      По решению председателя Комитета протокол заседания Комитета или выписка из него направляется участвовавшим в заседании Комитета приглашенным лицам.
      Протоколы заседаний Комитета хранятся у ответственного секретаря Комитета.
      30. Расходы, связанные с участием в заседаниях Комитета уполномоченных представителей органов государственной власти государств-членов, несут направляющие их государства-члены.
      Расходы, связанные с участием в заседаниях Комитета представителей бизнес-сообществ, научных и общественных организаций, а также независимых экспертов, указанные лица несут самостоятельно.
      31. Организационно-техническое обеспечение деятельности Комитета осуществляется Комиссией.
      32. Основанием для прекращения деятельности Комитета является решение Коллегии.