Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында келісілген саясат жүргізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 10 қосымша) 3-тармағының 3-тармақшасын және 9-тармағының 4-тармақшасын іске асыру мақсатында және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 17-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ақпараттық қорларында қамтылған өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мәліметтерді өзара беру тәртібі бекітілсін.
2. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың нәтижелерін өзара тану қағидалары күшіне енген күнінен бастап, бірақ осы Шешіммен бекітілген Тәртіптің 5-тармағының "в" тармақшасын қоспағанда, осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Осы Шешіммен бекітілген Тәртіптің 5-тармағының "в" тармақшасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ақпараттық қорларында қамтылған өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мәліметтермен алмасудың жалпы процесін қамтамасыз ететін Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру кезінде Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін ақпараттық өзара іс-қимылды реттеуші техникалық құжаттар күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 161 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ақпараттық қорларында қамтылған өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мәліметтерді өзара беру ТӘРТІБІ
1. Осы Тәртіп өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында келісілген саясат жүргізу туралы Хаттаманың 3-тармағының 3-тармақшасына және 9-тармағының 4-тармақшасына сәйкес әзірленді (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 10 қосымша) және осы Тәртіп шеңберінде өлшем бірлігімен қамтамасыз ету саласында ұсынылатын тізбесін қамтиды және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер) ақпараттық қорларында қамтылған өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мәліметтерді өзара беру тәсілін айқындайды.
2. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін мүше мемлекеттердің ақпараттық қорларында қамтылған өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында ақпараттың электрондық деректер базасынан және құжаттар электронды түрде екендігін білдіретін "мәліметтер" ұғымы пайдаланылады.
3. Осы Тәртіптің 12-тармағында көзделген мәліметтерді өзара беруді ұйымдастыруды өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары (бұдан әрі – мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары) жүзеге асырады.
4. Мәліметтерді ұсынуды мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мәліметтерді беруге уәкілетті ұйымдар (бұдан әрі – уәкілетті ұйымдар) жүзеге асырады.
5. Мәліметтерді беру мынадай тәсілдермен:
а) қағаз тасығышта жазбаша нысанда;
б) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі (бұдан әрі – Интернет желісі) ақпараттық порталдардың құралдарын пайдалана отырып, электронды түрде жүзеге асырылады. Көрсетілген ақпараттық порталдардың электрондық мекенжайлары туралы ақпарат Интернет желісіндегі Одақтың ресми сайтында орналастырылады;
в) Одақтың тиісті жалпы процесін іске асыру шеңберіндегі интеграцияланған ақпараттық жүйенің құралдарын пайдалана отырып, электронды түрде жүзеге асырылады. Жалпы процесті іске асырудағы талаптарды Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) айқындайды.
6. Мәліметтерді ұсыну мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының, Комиссияның, уәкілетті ұйымдардың, заңды тұлғаның, жеке тұлғаның, жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалардың (бұдан әрі – өтініш берушілер) сұрауы бойынша жүзеге асырылады. Сұрау мәліметті ұсыну әдісіне байланысты қалыптастырылады және:
а) дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға және жеке тұлға үшін – өтініш беруші туралы мәліметте: өтініш берушінің атауын немесе тегін, аты және әкесінің атын (болған кезде);
б) дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға және жеке тұлға үшін – басшының не басшының өкілетті өкілінің қолтаңбасын немесе өтініш берушінің қолтаңбасын;
в) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, Комиссия, уәкілетті ұйымдар, заңды тұлға үшін – орналасқан жерінің мекенжайын (заңды тұлғаның мекенжайын) немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға және жеке тұлға үшін – тұрғылықты жерін, сондай-ақ электрондық поштасының мекенжайын;
г) сұраудың мәні мен мақсатын;
д) сұрауды жіберген күнін қамтиды.
7. Осы Тәртіптің 6-тармағында көретілген мәліметті беру сұрауды алған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде, осы Тәртіптің 5-тармағының "в" тармақшасына сәйкес мәліметтерді беру көрсетілген сұрауды алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
8. Егер сұратылған мәліметтер мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес таралуы шектелген мәліметтерге (қол жетімділілігі) жатқызылған болса мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мұндай мәліметтерді өзі мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес беруді ұйымдастырады. Таралуы шектелген (қолжетімдігі) мәліметтердің тізбесі мүше мемлекеттің уәкілетті органының Интернет желісіндегі ақпараттық порталында өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес жарияланады.
9. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары толық және нақты мәліметтерді беруді қамтамасыз етеді.
10. Комиссия Одақтың құқығымен көзделген өкілеттікті жүзеге асыру мақсатында мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарынан мәліметтерді сұратуға құқылы.
11. Мүше мемлекеттер өзара консультациялар жүргізу арқылы мәліметтерді өзара ұсыну процесінде туындаған даулы мәселелерді реттеуді жүзеге асырады.
12. Ұсынылатын мәліметтерге:
а) мүше мемлекеттің өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық құжаттардың деректемелері және нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды ресми жариялау көздері;
б) мүше мемлекеттердің өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық шарттарының деректемелері және ресми жариялау көздері;
в) шама бірлігінің эталондары және шама шәкілдері туралы мәліметтер:
шама бірлігі эталонының (бұдан әрі – эталон) және шама шәкілінің атауы;
салыстырып-тексеру (иерархиялық) схемасы бойынша эталонның мәртебесі, разряды (бар болса);
эталонның метрологиялық сипаттамалары;
эталонның тіркеу нөмірі (бар болса);
эталонды бекіткен жыл (бар болса);
эталонды сақтау және қолдану орны (эталонды ұстаушы туралы мәліметтер: дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін заңды тұлғаның атауы немесе тегі, аты-жөні және әкесінің аты (бар болса), дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін тұрған жерінің мекенжайы (заңды тұлғаның мекенжайы) немесе тұрғылықты жері, телефон және факс нөмірі, сондай-ақ электрондық поштасының мекенжайы (бар болса));
эталонды метрологиялық бақылап отыру туралы мәліметтер;
г) оның ішінде, бекітілген өлшеу құралдарының типі туралы және өлшеу құралдарының типін бекіту жөнінде берілген сертификаттар туралы, Комиссия бекітетін өлшеу құралдарының типін бекіту тәртібінде және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс нәтижелерін өзара тану қағидаларында көзделген мәліметтер:
өлшеу құралдары типінің атауы;
өлшеу құралдарының типін бекіту жөнінде берілген сертификаттың тіркеу нөмірі және оның берілген күні;
өлшеу құралдарының типін бекіту жөнінде берілген сертификаттың қолданылу мерзімі;
өлшеу құралдарын шығарушы туралы мәліметтер: дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін заңды тұлғаның атауы немесе тегі, аты-жөні және әкесінің аты (бар болса), дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін тұрған жерінің мекенжайы (заңды тұлғаның мекенжайы) немесе тұрғылықты жері;
өлшеу құралдарын тексеру арасындағы интервал;
өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес әзірленген және бекітілген өлшеу құралдарын салыстырып-тексеру әдістемесі немесе өлшеу құралдарын салыстырып-тексеру әдістемесін айқындайтын мемлекетаралық стандарт;
мүше мемлекеттердің бекітілген өлшеу құралының типін тану туралы мәліметтер;
өлшеу құралының типін бекіту туралы сертификат көшірмесі немесе оның түпнұсқасы (бар болса);
өлшеу құралдарының типін сипаттаудың көшірмесі;
д) оның ішінде, бекітілген стандартты үлгінің типі туралы және стандартты үлгілердің типін бекіту жөнінде берілген сертификаттар туралы, Комиссия бекітетін стандартты үлгілерінің типін бекіту тәртібінде және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс нәтижелерін өзара тану қағидаларында көзделген мәліметтер:
стандартты үлгі типінің атауы;
стандартты үлгі типін бекіту жөніндегі сертификаттың тіркеу нөмірі және оның берілген күні;
стандартты үлгі типін бекіту жөніндегі сертификаттың қолданылу мерзімі;
стандартты үлгіні дайындау жөнінде мәліметтер: дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін заңды тұлғаның атауы немесе тегі, аты-жөні және әкесінің аты (бар болса), дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін тұрған жерінің мекенжайы (заңды тұлғаның мекенжайы) немесе тұрғылықты жері;
мүше мемлекеттердің бекітілген стандартты үлгі типін тану туралы мәліметтер;
стандартты үлгі типін бекіту туралы сертификат көшірмесі немесе оның төлнұсқасы (бар болса);
стандартты үлгінің типін сипаттау көшірмесі;
е) бекітілген типтердің, оның ішінде Комиссия бекітетін салыстырып-тексеруді ұйымдастыру тәртібінде және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс нәтижелерін өзара тану қағидаларында көзделген бекітілген өлшеу құралдарын салыстырып-тексеру нәтижелері туралы мәліметтер:
өлшеу құралы типінің атауы;
өлшеу құралдарының зауыттық нөмірі;
өлшеу құралына салыстырып-тексеру жүргізген ұйымның толық атауы;
өлшеу құралына салыстырып-тексеру жүргізген ұйымның өкілеттігін растайтын құжаттың атауы мен нөмірі;
тексеру белгісінің таңбасы (салыстырып-тексеру клеймосының бедері) немесе жапсырма түріндегі салыстырып-тексеру белгісінің нөмірі;
өлшеу құралын салыстырып-тексеру туралы куәліктің нөмірі және қолданылу мерзімі;
өлшеу құралына сәйкес салыстырып-тексеру жүзеге асырылған өлшеу құралын салыстырып-тексеру әдістемесін белгілеу, атауы немесе нормативтік құжаттың атауы;
мүше мемлекеттердің бекітілген өлшеу құралдарының типін тексеруді тану туралы мәліметтер;
ж) оның ішінде, өлшемелердің референтті әдістемелері (әдістері) ретінде қабылданатын өлшемелер әдістемелерін (әдістерін) қоса алғанда өлшемелерді аттестациялау әдістемелері (әдістері) туралы және Комиссия бекітетін өлшемелердің референтті әдістемелері (әдістері) ретінде қабылданатын өлшемелер әдістемелерін (әдістерін), өлшемелердің метрологиялық аттестациялау әдістемелері (әдістері) тәртібінде немесе өлшемелердің аттестациялаған әдістемелері (әдістері) тәртібінде және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс нәтижелерін өзара тану қағидаларында көзделген мәліметтер:
Осы Тәртіптің 8-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, өлшем әдістемесін (әдісін) (бұдан әрі - әдістеме), әдістеме мәтінін регламенттеуші құжаттың атауы мен белгілеменімі;
өлшенетін шаманың және шама шәкілінің (өлшеу шамасы немесе өлшем бірлігі) атауы;
өлшем диапазоны;
өлшем дәлдігі көрсеткіштері;
әдістемелер аттестациясын жүргізу қорытындысы бойынша берілген куәліктің нөмірі және берілген күні;
әдістемені әзірлеушілері (иелері) туралы мәліметтер: дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін заңды тұлғаның атауы немесе тегі, аты-жөні және әкесінің аты (бар болса), дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін тұрған жерінің мекенжайы (заңды тұлғаның мекенжайы) немесе тұрғылықты жері;
әдістеме аттестациясын жүргізген ұйымның атауы, тұрған жерінің мекенжайы;
әдістеме аттестациясын жүргізген ұйымның өкілеттігін растайтын құжаттың атауы мен нөмірі;
референтті әдістеме ретінде әдістемені бекіткен ұйымның атауы;
мүше мемлекеттердің әдістемені аттестациялау нәтижелерін тану туралы мәліметтері;
әдістеме аттестациясын жүргізу қорытындылары бойынша берілген куәліктің көшірмесі және (немесе) оның төлнұсқасы (бар болса);
з) заттар мен материалдардың физикалық константалары және қасиеттерi туралы стандартты анықтамалық деректер кестесі (бұдан әрі тиісінше - кесте, деректер) (бар болса) туралы мәліметтер;
кестенің атауы және тіркеу нөмірі;
параметрлер интервалын, кемшілігін және қолдану саласын қоса алғанда, деректердің қысқаша сипаттамасы;
кестені әзірлеуші - ұйым туралы мәліметтер: заңды тұлғаның атауы, тұрған жерінің мекенжайы (заңды тұлғаның мекенжайы), телефон және факс нөмірі, сондай-ақ электрондық поштасының мекенжайы (бар болса);
кестені әзірлеуші ұйымның Интернет желісіндегі ақпараттық порталында кестенің орналастырылғаны туралы немесе оның жарияланғаны туралы ақпарат.