Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 13-тармақшасына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне №1 қосымшаның 130-тармағына сәйкес:
1.Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық комиссияның 2016 – 2017 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары бекітілсін және бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері хабардар етілсін.
2.Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия | |
Алқасының Төрағасы | Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 77 өкімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық комиссияның 2016 – 2017 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары
ҒЗЖ тақырыбы, шифры | Орындау мерзімі |
I. Өтпелі ғылыми-зерттеу жұмыстары | ||
Макроэкономикалық саясат департаменті | ||
1. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің интеграциялық әлеуеті бар экономика салаларын айқындау әдістемесін әзірлеу" ҒЗЖ |
2015 – 2016 жылдар | |
Макроэкономикалық саясат департаменті бойынша барлығы (1 ҒЗЖ) | ||
Қаржы саясаты департаменті | ||
1. "ЕАЭО қаржы нарығының бірыңғай глоссарийі" ҒЗЖ | 2015 – 2016 жылдар | |
2. "ЕАЭО елдерінде бағалы қағаздар мен басқа қыржылық құралдарды шығаруды өзара тану" ҒЗЖ |
2015 – 2016 жылдар | |
3. "ЕАЭО қаржы нарықтарында ақпаратты ашудың біріктірілген жүйесі, оның ішінде оның форматтары мен беру арналарына қойылатын талаптарды бірдейлестіру" ҒЗЖ |
2015 – 2016 жылдар | |
4. "ЕАЭО кеңістігінде ортақ қайта сақтандыру механизмін қалыптастыру" ҒЗЖ | 2015 – 2016 жылдар | |
5. "ЕАЭО интеграциясының даму перспективаларын ескере отырып, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің ақша-кредиттік және валюталық тетіктерін қалыптастыру" ҒЗЖ |
2015 – 2016 жылдар | |
6. "ЕАЭО тәуелсіз, мемлекеттіктен жоғары рейтингтік агенттіктер институтын қалыптастыру" ҒЗЖ |
2015 – 2016 жылдар | |
Қаржы саясаты департаменті бойынша барлығы (6 ҒЗЖ) | ||
Сауда саясаты департаменті | ||
1. "Еуразиялық экономикалық одақтың Иран Ислам Республикасымен сауда-экономикалық қатынастарының жай-күйін жалпы талдау және оларды дамыту бойынша ұсынымдар дайындау" ҒЗЖ |
2015 – 2016 жылдар | |
2. "Еуразиялық экономикалық одақтың Корея Республикасымен сауда-экономикалық қатынастарын одан әрі дамыту тәсілдерін айқындау" ҒЗЖ |
2015 – 2016 жылдар | |
Сауда саясаты департаменті бойынша барлығы (2 ҒЗЖ) | ||
Энергетика департаменті | ||
1. "Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикасы нарығын қалыптастыру бағдарламасын әзірлеу" ҒЗЖ |
2015 – 2016 жылдар | |
Энергетика департаменті бойынша барлығы (1 ҒЗЖ) | ||
Монополияға қарсы реттеу департаменті | ||
1. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің рудалар мен металл концентраттарының трансшекаралық тауар нарығындағы бәсекелестігінің жай-күйін зерттеу, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің рудалар мен металл концентраттарының трансшекаралық тауар нарығын дамытудың алдағы тенденциялары мен болжамдары" ҒЗЖ |
2015 – 2016 жылдар | |
Монополияға қарсы реттеу департаменті бойынша барлығы (1 ҒЗЖ) | ||
Өтпелі жұмыстар бойынша ЖИЫНЫ (11 ҒЗЖ) | ||
II. Жаңадан басталатын ғылыми-зерттеу жұмыстары | ||
Протокол және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаменті | ||
1. "Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің және шет елдердің жария саладағы сараптамалық қоғамдастығымен және жалпы жұртшылықпен Еуразиялық экономикалық комиссияның өзара іс-қимылының тиімді коммуникативтік модельдерін әзірлеу" ҒЗЖ |
2016 – 2017 жылдар | |
2. "Еуразиялық экономикалық комиссияның стратегиялары мен жоспарлары шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың бизнес-қоғамдастығына арналған интеграция басымдықтарын талдау және әзірлеу" ҒЗЖ |
2016 жыл | |
Протокол және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаменті бойынша барлығы | ||
Интеграцияны дамыту департаменті | ||
1. "Еуразиялық экономикалық одақ пен Жібек Жолының Экономикалық белдеуінің жаһандық жаңа экономикалық серіктестіктермен және әлемдік экономикалық жүйеде болып жатқан өзгерістермен байланыста интеграциялық және инфрақұрылымдық дамуының негізгі бағыттарын үйлестірудің мүмкіндіктері мен перспективаларын кешенді талдау" ҒЗЖ |
2016 жыл | |
2. "Экономикалық байланыстардың жаһандық жаңа архитектурасын қалыптастыру және еуразиялық экономикалық интеграцияға арналған жаңа тәуекелдер мен міндеттер жағдайында Трансатлантикалық сауда-инвестициялық және Транстынықмұхиттық сауда серіктестіктерін құрудың алғышарттары мен механизмдерін зерттеу, оларды дамытудың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талдау" ҒЗЖ |
2016 – 2017 жылдар | |
Интеграцияны дамыту департаменті бойынша барлығы (2 ҒЗЖ) | ||
Ақпараттық технологиялар департаменті | ||
1. "Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық ресурстарын тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу" ҒЗЖ |
2016 жыл | |
2. "Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық кеңістігін қалыптастырудың жалпы тәсілдері бойынша ұсыныстар әзірлеу" ҒЗЖ |
2016 жыл | |
Ақпараттық технологиялар департаменті бойынша барлығы (2 ҒЗЖ) | ||
Макроэкономикалық саясат департаменті | ||
1. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының жай-күйі мен дамуына интеграциялық әсерін, еркін сауда аймақтарын құрудың ықпалын кешенді талдау (CGE и МОБ жалпы тепе-теңдік модельдері негізінде)" ҒЗЖ |
2016 – 2017 жылдар | |
2. "Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық әлеуетін іске асыру және мүше мемлекеттер мен тұтастай Одақтың экономикалық дамуына интеграциялық фактордың үлесін бағалау үшін мониторинг жүйесін жетілдіру" ҒЗЖ |
2016 – 2017 жылдар | |
Макроэкономикалық саясат департаменті бойынша барлығы (2 ҒЗЖ) | ||
Статистика департаменті | ||
1. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер халқының өмір сүру деңгейінің статистикалық көрсеткіштерін қалыптастыру әдіснамаларындағы айырмашылықтарды зерттеу және оларды бірдейлендіру бойынша ұсынымдар" ҒЗЖ |
2016 – 2017 жылдар | |
2. "Қаржы статистикасы саласында статистикалық стандарттарды енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу" ҒЗЖ |
2016 – 2017 жылдар | |
Статистика департаменті бойынша барлығы (2 ҒЗЖ) | ||
Сауда саясаты департаменті | ||
1. "Иран Ислам Республикасында тауарлар импорты мен тарнзитін реттеудің ерекшеліктері: үшінші елдермен саудадағы тарифтік емес, әкімшілік және аралас кедергілерді талдау" ҒЗЖ | 2016 жыл | |
2. "Еуразиялық экономикалық одақпен (ЕАЭО) серіктес елдердің сауда келісімдерін жасасу туралы келіссөздер бойынша саудалық реттеу жүйесін зерттеу және ЕАЭО сауда-экономикалық әлеуетін сауда келісімдерін жасасу шеңберінде дамыту үшін кедергілерді жою бойынша ұсыныстар әзірлеу" ҒЗЖ | 2016 жыл | |
3. "Преференциялық сауда келісімдері шеңберінде тауарлардың шыққан жерін дербес декларациялау институтын енгізу перспективаларына экономикалық талдауд\ жүргізу" ҒЗЖ | 2016 – 2017 жылдар | |
4. Қытай Халық Республикасымен саудада преференциялық режимге көшудің, оның ішінде бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім жасасу бойынша келіссөздер процесін сүйемелдеу кезіндегі пайдасы мен тәуекелдерін зерделеу" ҒЗЖ | 2016 – 2017 жылдар | |
Сауда саясаты департаменті бойынша барлығы (4 ҒЗЖ) | ||
Ішкі нарықты қорғау департаменті | ||
1. "Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтем шараларын қолдану туралы хаттаманың VII бөліміне сәйкес арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтем тергеулері шеңберінде "қоғамдық мүддені" есепке алу әдіснамасын әзірлеу" ҒЗЖ |
2016 жыл | |
2. "Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтем шараларын қолдану туралы хаттаманың 45-тармағына сәйкес демпингке қарсы тергеулер шеңберінде "экспорттаушы үшінші елдің нарығында айрықша жағдайдың" болуын анықтау әдіснамасын әзірлеу" ҒЗЖ |
2016 жыл | |
3. "Екіжақты қорғау шаралары мен триггерлік қорғау шаралары туралы ережелерді өңірлік | ||
Ішкі нарықты қорғау департаменті бойынша барлығы (3 ҒЗЖ) | ||
Кедендік заңнама және құқық қолдану практикасы департаменті | ||
1. "Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі "бір терезе" ұлттық механизмінің эталондық моделінің демонстрациялық макеті функционалының, архитектурасының сипаттамасын, сондай-ақ оның интерактивті таныстырылымын әзірлеу" ҒЗЖ | 2016 – 2017 жылдар | |
Кедендік заңнама және құқық қолдану практикасы департаменті бойынша барлығы (1 ҒЗЖ) | ||
Энергетика департаменті | ||
1. "Еуразиялық экономикалық одақтың, оның ішінде екіжақты еркін шарттар бойынша ортақ электр энергетикасы нарығындағы, бір тәулік бұрынғысауда-саттықты қоса алғанда орталықтандырылған сауда-саттықтағы өзара сауда, нақты сальдо-артық токтың жоспардағы мәндерден сағаттық ауытқуларын реттеу механизмдері мен қағидаларын әзірлеу" ҒЗЖ |
2016 – 2017 жылдар | |
2. "Электр энергетикасы саласындағы табиғи монополия субъектілері көрсететін қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай қағидаларын, мемлекетаралық электр тарату желілерінің өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидаларын әзірлеу" ҒЗЖ |
2016 – 2017 жылдар | |
3. "Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру бағдарламасын әзірлеу" ҒЗЖ | 2016 – 2017 жылдар | |
4. "Еуразиялық экономикалық одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру бағдарламасын әзірлеу" ҒЗЖ | 2016 – 2017 жылдар | |
Энергетика департаменті бойынша барлығы (4 ҒЗЖ) | ||
Монополияға қарсы реттеу департаменті | ||
1. "Цифрлық экономика және электрондық коммерция саласындағы трансшекаралық нарықтарды талдау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу" ҒЗЖ |
2016 – 2017 жылдар | |
2. "Әкімшілік, экономикалық және өзге де кедергілер нәтижесінде трансшекаралық нарықтарда бәсекені шектеуден болатын салдарларды бағалаудың әдістемелік ұсынымдарын әзірлеу" ҒЗЖ | 2016 – 2017 жылдар | |
3. "Үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың тауар нарықтарында қолдануға ұсынылатын арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтеу шарасының әсерін бағалау жөніндегі әдістемелік тәсілдерді әзірлеу" ҒЗЖ |
2016 – 2017 жылдар | |
Монополияға қарсы реттеу департаменті бойынша барлығы (3 ҒЗЖ) | ||
Бәсекелестік саясаты және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаменті | ||
1. "Еуразиялық экономикалық одақтың және Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу саласындағы шарттық-құқықтық базасын салыстырмалы-құқықтық талдау" ҒЗЖ |
2016 – 2017 жылдар | |
2. "Еуразиялық экономикалық одақтағы бәсекелес құқық" оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу" ҒЗЖ | 2016 – 2017 жылдар | |
Бәсекелестік саясаты және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаменті бойынша барлығы (2 ҒЗЖ) | ||
Ішкі нарықтардың жұмыс істеу департаменті | ||
1. "Кедергілерді, алып қоюлар мен шектеулерді анықтау, сондай-ақ кедергілердің, алып қоюлар мен шектеулердің ЕАЭО ішкі нарықтарына, оның ішінде кәсіпорындардың тауар айналымының серпіні мен транзакциялық шығындары бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ішкі нарықтарына әсер етуін сандық бағалау мақсатында ішкі нарықтар сегменттерін институционалдық талдау әдіснамасын әзірлеу және әзірленген әдіснама негізінде ЕАЭО ішкі нарығының бір сегментін пилоттық зерттеуді жүргізу" ҒЗЖ |
2016 жыл | |
Ішкі нарықтардың жұмыс істеу департаменті бойынша барлығы (1 ҒЗЖ) | ||
Жаңадан басталатын жұмыстар бойынша барлығы (38 ҒЗЖ) | ||
Еуразиялық экономикалық комиссия бойынша ЖИЫНЫ (49 ҒЗЖ) |