Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 29 мамырдағы "Экспортты дамытуға бағытталған шаралар туралы" № 2 шешімінің 1-тармағын іске асыру мақсатында:
1. Құрамына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдерін енгізуді көздей отырып, экспортты қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі жұмыс тобы құрылсын.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінен осы Өкіммен құрылған жұмыс тобының құрамына енгізу үшін 2016 жылғы 1 қыркүйекке дейін кандидатураларды Еуразиялық экономикалық комиссияға беру сұралсын.
3. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |