Кедендік әкелу баждарының (өзге баждардың, балама әрекеті бар салықтар мен алымдардың) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 5 қосымша) 54-тармағының, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 43-тармағы 4) тармақшасының негізінде, Еуразиялық экономикалық комиссияның 2015 жылы кедендік әкелу баждарының сомаларын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында есепке жатқызу және бөлу туралы ақпаратын назарға ала отырып:
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Кедендік әкелу баждарының (өзге баждардың, балама әрекеті бар салықтар мен алымдардың) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 5 қосымша) іске асырылу мониторингін жүзеге асырсын.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |