Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 18-бабына сәйкес
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қосымшаға сәйкес Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік сертификаты жөніндегі талаптардың және оны беру тәртібінің жалпы тәсілдемелерін ескере отырып, нормативтік актілерді әзірлеу кезінде қауіпсіздік сертификатын беру, беруден бас тарту, қолданылу мерзімін ұзарту, қолданылуын тоқтата тұру және қолданылуын тоқтату тәртібін, сондай-ақ қауіпсіздікті басқару жүйесіне қойылатын талаптарды қоса алғанда, қауіпсіздікті басқару жүйесіне аудиттер жүргізу тәртібін айқындауды ұсынады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 29 наурыздағы № 4 ұсынымына ҚОСЫМША |
Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік сертификаты жөніндегі талаптардың және оны беру тәртібінің ЖАЛПЫ ТӘСІЛДЕМЕЛЕРІ
І. Жалпы ережелер
1. Осы құжат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) теміржол көлігіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тасымалдау процесін ұйымдастыру, жүзеге асыру және қамтамасыз ету кезінде адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіруі, тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуді пайдаланушылардың, тасымалдау процесіне қатысушылардың және Одақ аумағындағы үшінші тұлғалардың мүлкіне залал келтіруі мүмкін бұзушылықтардың туындау тәуекелдерін төмендету мақсатында Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттамаға (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 24 қосымша) № 2 қосымшаға № 1 хаттаманың 3 және 7-тармақтарын ескере отырып әзірленген және қауіпсіздік сертификатын беру тәртібін, соның ішінде тасымалдаушының теміржол көлігінде тасымалдау процесінің қауіпсіздігін басқару жүйесін әзірлеуіне және енгізуіне қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Осы құжаттың мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:
"қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудиті" – қауіпсіздікті басқару жүйесін диагностикалаудың және оның белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалаудың жүйелі процесі;
"рәсім" – қызметті немесе процесті жүзеге асырудың белгіленген тәсілі;
"қауіпсіздікті басқару жүйесі" – операцияларды жоспарлау, дайындау және орындау, мониторингтеу, бақылау және талдау процестерін қамтитын және тасымалдау процесінің қауіпсіздігіне қойылатын белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге және адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру, тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуді пайдаланушылардың, тасымалдау процесіне қатысушылардың және үшінші тұлғалардың мүлкіне залал келтіру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған өзара байланысты және өзара әрекеттесетін компоненттердің жиынтығы;
"тасымалдау процесіне қатысушы" – мүше мемлекеттің тасымалдау процесіне қатысатын теміржол көлігі ұйымы.
Осы құжатта пайдаланылатын өзге ұғымдар Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 24 қосымша) айқындалған мәндерде қолданылады.
3. Теміржол көлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі принциптері:
а) қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қолданудың жүйелілігі мен кешенділігі;
б) превентивті шараларының басымдығы;
в) қызметтер көрсетуді пайдаланушылардың, тасымалдау процесіне қатысушылардың, қоғамның және мемлекеттің мүдделер балансын сақтау болып табылады.
4. Қауіпсіздік сертификатын беру, беруден бас тарту, қолданылу мерзімін ұзарту, қолданылуын тоқтата тұру және қолданылуын тоқтату тәртібі, сондай-ақ қауіпсіздікті басқару жүйесіне қойылатын талаптарды қоса алғанда, қауіпсіздікті басқару жүйесіне аудиттер жүргізу тәртібі аумағында инфрақұрылым объектілері орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасымен айқындалады.
ІІ. Қауіпсіздікті басқару жүйесіне қойылатын жалпы талаптар
5. Тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тасымалдаушы белгіленген принциптер мен талаптарға сәйкес қауіпсіздікті басқару жүйесін әзірлейді, құжаттамалық ресімдейді, енгізеді, өзекті күйде ұстайды және үнемі жақсартып отырады.
6. Тасымалдаушы қауіпсіздікті басқару жүйесін енгізу, өзекті күйде ұстау және жақсарту үшін:
а) тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы саясатты іске асырады;
б) тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы саясатты іске асыру үшін қажетті процестерді жоспарлайды, белгілейді және енгізеді;
в) қызметті немесе процесті жүзеге асыру тәртібін сипаттайтын рәсімдерді, соның ішінде тәуекелдерді, сәйкессіздіктерді, түзету әрекеттерін басқару, ішкі аудиттер жүргізу, құжаттаманы және жазбаларды басқару рәсімдерін енгізеді және қолданады;
г) қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша бөлімшелер мен лауазымды адамдардың функцияларын, өкілеттіктерін және жауапкершілігін айқындайды;
д) тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және процесті жүзеге асыру саласындағы саясатты іске асыру үшін қажетті ресурстарды айқындайды және қамтамасыз етеді;
е) осы процестерді басқару және бақылау нәтижелі жүзеге асырылатынына кепілдік беретін критерийлер мен әдістерді белгілейді;
ж) процестердің жүзеге асырылуын мониторингтеуді және талдауды жүргізеді;
з) жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу және процестерді үздіксіз жақсарту үшін қажетті әрекеттерді жүзеге асырады;
и) техникалық ақаулардың алдын алу, олардың себептерін жою және тәуекелдердің алдын алу үшін қажетті әрекеттерді жүзеге асырады;
к) қауіпсіздікті басқару жүйесін үнемі жақсартуға бағытталған шараларды жүзеге асырады;
л) қауіпсіздікті басқару жүйесінің нәтижелілігін қолдау үшін өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.
7. Тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы саясатты іске асыру кезінде теміржол көлігінің қызметтер көрсетуінің қауіпсіздік басымдығы белгіленеді, тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мақсаттарды айқындау үшін негіз қамтамасыз етіледі.
8. Қауіпсіздікті басқару жүйесі:
а) мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерінде және инфрақұрылым операторының тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы актілерінде белгіленген талаптардың сақталуын;
б) тасымалдаушы қызметінің белгіленген талаптарға сәйкестігіне белгіленген кезеңділікпен бағалау жүргізуді;
в) әдістерді, қауіптерді анықтауға жауапты адамдарды айқындауды, тәуекелдерді бағалауды, іс-шаралар жоспарын немесе түзету іс-шараларын әзірлеуді, сондай-ақ оларды іске асыруды қоса алғанда, теміржол көлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы тәуекелдерді басқару және қауіптерді сәйкестендіру жөніндегі шараларды іске асыруды;
г) теміржол көлігінде қауіпсіздікті бұзушылық себептерін талдау мен есепке алуды жүргізуді;
д) белгіленген талаптарды орындау үшін қажетті кадрлардың біліктілігі мен даярлық деңгейінің болуын;
е) теміржол жылжымалы составының, тасымалдаушыға тиесілі және тасымалдау процесіне тартылған инфрақұрылым объектілерінің, сондай-ақ оларды пайдалану шарттарының тасымалдау процесін ұйымдастыру, жүзеге асыру және қамтамасыз ету кезіндегі белгіленген талаптарға сәйкестігін камтамасыз ететін процестер мен рәсімдерді қамтуға тиіс.
9. Тасымалдаушы қауіпсіздікті басқару жүйесінің белгіленген талаптарға сәйкестігіне әсер ететін және бөгде ұйымның орындауына берілген процестерді бақылауды жүзеге асырады.
10. Тасымалдаушы белгіленген кезеңділікпен қауіпсіздікті басқару жүйесіне ішкі аудит жүргізеді.
ІІІ. Қауіпсіздік сертификатын беру тәртібіне қойылатын жалпы талаптар
11. Қауіпсіздікті басқару жүйесін сертификаттауды жүргізу тәртібі:
а) аумағында инфрақұрылым объектілері орналасқан мүше мемлекеттің уәкілетті органына (бұдан әрі – уәкілетті орган) тасымалдаушының белгіленген тәртіппен өтінім беруін;
б) мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан өтінімнің қаралуын;
в) уәкілетті органның, қажет болған кезде, аумағында инфрақұрылым объектілері орналасқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қауіпсіздікті басқару жүйесіне аудит жүргізілуін;
г) уәкілетті органның қауіпсіздік сертификатын беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдауын қамтиды.
12. Қауіпсіздік сертификатын алу мақсатында берілетін барлық құжат орыс тілінде не аумағында инфрақұрылым операторы орналасқан мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде ұсынылады және онда түзетулер немесе толықтырулар болмауға тиіс, ал өзге тілде ұсынылған жағдайда – белгіленген тәртіппен куәландырылған орыс тіліндегі аудармасымен бірге беріледі.
13. Қауіпсіздікті басқару жүйесіне аудит жүргізуге уәкілетті органның шешімі бойынша инфрақұрылым операторының, сондай-ақ тиісті ұйымдардың мамандары тартылуы мүмкін.
14. Сертификаттаудың жалпы мерзімі уәкілетті орган қауіпсіздік сертификатын беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдағанға дейін өтінім берілген күннен бастап 3 айдан аспауға тиіс.
15. Уәкілетті орган қауіпсіздік сертификатын қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімдейді.
16. Уәкілетті орган қауіпсіздік сертификатын қолданылу мерзімін көрсете отырып береді. Қауіпсіздік сертификатының қолданылу мерзімі кемінде 1 жылды құрайды және 5 жылдан аспайды.
17. Қауіпсіздік сертификаты басқа тұлғаға беруге жатпайды.
18. Қауіпсіздік сертификатын беруден мынадай:
а) тасымалдаушы ұсынған құжаттар мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
б) аудит нәтижелері бойынша тасымалдаушының қауіпсіздікті басқару жүйесі мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
в) тасымалдаушы қауіпсіздікті басқару жүйесіне аудит жүргізуден бас тартқан немесе оған кедергі келтірген жағдайларда бас тартылуы мүмкін.
19. Уәкілетті орган қауіпсіздік сертификатын беруден бас тартқан жағдайда, тасымалдаушыға себептерін көрсете отырып қорытынды береді.
Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік сертификаты жөніндегі талаптардың және оны беру тәртібінің жалпы тәсілдемелеріне ҚОСЫМША |
Қауіпсіздік сертификатының НЫСАНЫ ________________________________________________ (уәкілетті органның атауы) Қауіпсіздік сертификаты
№ ____
___________________________________________________________ берілді
Қолданылу мерзімі: _______________________________________________
Заңды тұлғаның мекенжайы:________________________________________
Осы сертификат қауіпсіздікті басқару жүйесінің ________________________________
(Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің атауы)
теміржол көлігі саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетінін
растайды.
Уәкілетті органның басшысы
не ол уәкілеттік берген адам ________________________ ________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О.
Берілген күні 20___ ж. "____" ____________
Ескертпелер: |
1. Осы сертификат ___________________________________ |