Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 94 Шешімімен бекітілген Кеден одағына мүше мемлекеттердің және Бірыңғай эконмоикалық кеңістіктің Келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіптік саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 11-тармағына сәйкес
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 95-бабы 7-тармағының 10-тармақшасының негізінде,
ауыл шаруашылығы өнімінің және азық-түліктің экспорттық әлеуетін дамыту, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) өндірілген ауыл шаруашылығы өнімін және азық-түлікті үшінші елдердің нарығына жылжыту үшін ынтымақтастықты дамыту жағдайларын жасау мақсатында,
ауыл шаруашылығы өнімінің және азық-түліктің әлемдік нарығын дамыту болжамдарын ескере отырып,
мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап ауыл шаруашылығы өнімінің және азық-түліктің экспортын дамытуға бағытталған шараларды әзірлеу және іске асыру кезінде, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті дамыту перспективаларын ақйнвдау кезінде мыналарды:
а) Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланатын және тұрақты негізде өзекті болатын:
мүше мемлекеттерде және жетекші елдерде – ауыл шаруашылығы өнімін және азық-түлікті экспорттаушыларда қолданылатын ауыл шаруашылығы өнімінің және азық-түліктің экспортын қолдау шаралары мен тетіктері туралы жиынтық шолуды;
ет және ет өнімдерін, сүт және сүт өнімдерін, астықты, өсімдіктен алынатын майларды және қантты импорттаушы негізгі елдердің тізбесі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімінің және азық-түліктің әлемдік нарықтарының конъюнктурасын талдау нәтижесінде айқындалған осы елдердегі осындай тауарлардың импортын реттеудің ерекшеліктерін;
б) қосымшаға сәйкес мүше мемлекеттер үшін ортақ жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы өнімін және азық-түлікті өткізу нарықтарының тізбесін ескеруді ұсынады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 30 ұсынымына ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үшін ортақ жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы өнімін және азық-түлікті өткізу нарықтарының тізбесі*
ЕАЭО СЭҚ ТН тобы | Өткізу нарықтары |
---|---|
01 Тірі мал | Қытай, Монғолия, Тәжікстан, Өзбекстан |
02 Ет және азық-түлік ет қосалқы өнімдері | Қытай, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина |
03 Балық және шаян тәріздестер, моллюскалар мен өзге де суда жүзетін омыртқасыздар | Грузия, Дания, Германия, Қытай, Литва, Нидерланд, Польша, АҚШ, Өзбекстан, Украина, Франция, Эстония |
04 Сүтөнімі; құстың жұмыртқасы; табиғи бал; жануарлардан алынатын тамақ өнімдері, басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген | Грузия, Қытай, Молдова, БАӘ, Тәжікстан, Түрікмения, Украина |
05 Жануарлардан алынатын тамақ өнімдері, басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген | Вьетнам, Қытай, Корея Республикасы |
07 Көкөністер және кейбір азық болатын тамыр жемістер және түйнек жемістілер | Ауғаныстан, Германия, Грузия, Литва, Индия, Иран, Молдова, Тәжікстан, Түрікмения, Өзбекстан, Украина |
08 Азық болатын жемістер мен жаңғақтар; цитрусты жемістердің қабығы немесе қауынның қабықтары | Германия, Ирак, Қытай, Литва, Монғолия, Тәжікстан, Өзбекстан, Эстония |
09 Кофе, шай, мате немесе парагвай шайы және дәмдеуіштер | Германия, Грузия, Қытай, Монғолия, Тәжікстан |
10 Астық тұқымдастар | Германия, Грузия, Иран, Италия, Латвия, Литва, Норвегия, БАӘ, Польша, Тәжікстан, Түрікмения, Өзбекстан |
11 Ұнтарту-жарм өнеркәсібінің өнімдері; уыт; крахмалдар; инулин; бидай балауызы | Ауғаныстан, Грузия, Қытай, Тәжікстан, Түрікмения, Өзбекстан |
12 Майлы тұқымдар мен жемістер; өзге де тұқымдар, жемістер мен астық; техникалық мақсаттарға арналған дәрілік өсімдіктер мен өсімдіктер; уыт және жемшөп | Австрия, Ауғаныстан, Бельгия, Германия, Грузия, Иран, Қытай, Латвия, Монғолия, Нидерланд, Польша, Корея Республикасы, Өзбекстан |
15 Жануарлардан және өсімдіктерден алынатын тоңмайлар мен майлар және олардың ыдырау өнімдері; дайын тамақ тоңмайлары; жануарлардан жән еөсімдіктерден алынатын балауыздар | Ауғаныстан, Германия, Қытай, Литва, Норвегия, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина |
16 Еттен, балықтан немесе шаян тәріздестерден, моллюскілерден немесе өзге де суда жүзетін омыртқасыздардандайындалатын дайын өнімдер | Грузия, Қытай, Молдова, Тәжікстан, Түрікмения, Украина |
17 Қант және қанттан жасалған кондитерлік бұйымдар | Германия, Грузия, Қытай, Литва, Монғолия, Тәжікстан, Түрікмения, Өзбекстан, Украина |
18 Какао және одан жасалатын өнімдер | Германия, Грузия, Қытай, Монғолия, Тәжікстан, Түрікмения, Өзбекстан, Украина |
19 Астық дәнінен, ұннан, крахмалдан немесе сүттен жасалған дайын өнімдер; ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар | Германия, Грузия, Қытай, Молдова, Монғолия, Тәжікстан, Түрікмения, Өзбекстан, Украина |
20 Көкөністерді, жемістерді, жаңғақтарды немесе өсімдіктердің өзге де бөліктерін қайта өңдеу өнімдері | Қытай, Монғолия, АҚШ, Тәжікстан, Түрікмения, Өзбекстан, Украина |
21 Әртүрлі тамақ өнімдері | Германия, Грузия, Қытай, Латвия, Молдова, Монғолия, БАӘ, Тәжікстан, Түрікмения, Өзбекстан |
22 Алкогольдік және алкогольсіз сусындар мен сірке суы | Германия, Грузия, Қытай, Латвия, Литва, Молдова, Монғолия, БАӘ, АҚШ, Тәжікстан, Түрікмения, Өзбекстан, Украина, Франция, Чехия |
23 Тамақ өнеркәсібініңқалдықтары мен қоқыстары; жануарларға арналған дайын азық | Германия, Грузия, Дания, Иран, Қытай, Латвия, Монғолия, Норвегия, Польша, Тәжікстан, Өзбекстан, Швеция |
24 Темекі және темекінің өнеркәсіптік алмастырғыштары | Грузия, Ирак, Монғолия, Сирия, Түрікмения, Украина |
* Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлардың сыртқы саудасының 2014 – 2015 жылдарға арналған кедендік статистикасының деректері бойынша.