Молдова Республикасы Президентінің Молдова Республикасына Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін беру мәселесі жөніндегі өтінішін назарға ала отырып, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 109-бабына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Молдова Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін алу жөніндегі ниетіне құптау білдірілсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп белгіленген тәртіпте Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесі туралы ережені әзірлесін және оны Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында бекіту үшін ұсынсын.
3. Молдова Республикасына байқаушы мемлекет мәртебесін беру туралы шешім осы Шешімнің 2-тармағында көзделген Ереже бекітілгеннен кейін қабылдансын.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз РесейРеспубликасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан