2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабы 2-тармағына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 3-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламентін әзірлеу, қабылдау, өзгерістер енгізу және күшін жою тәртібі туралы ереженің 6-тармағын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Мынадай:
а) Еуразиялық экономикалық одақтың "Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 038/2016) техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімдерге қатысты (бұдан әрі тиісінше – өнім, техникалық регламент) техникалық регламент күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Одақ) құқығына кіретін актілермен немесе Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) заңнамасымен белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттар олардың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ 2019 жылғы 18 қазаннан кешіктірілмегенше жарамды;
Техникалық регламент күшіне енген күннен бастап өнімнің бұрын Одақ құқығына кіретін актілермен немесе мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды беруге немесе қабылдауға жол берілмейді;
б) 2019 жылғы 18 қазанға дейін мүше мемлекеттердің аумақтарында техникалық регламент күшіне енген күнге дейін Одақ құқығына кіретін актілермен немесе мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін міндетті бағалауға жатпайтын өнімдерді өнімнің сәйкестігін міндетті бағалау туралы құжаттарсыз және ұлттық сәйкестік белгісімен (нарықтағы айналым белгісімен) таңбалаусыз өндіруге және айналымға шығаруға жол беріледі;
в) 2019 жылғы 18 қазанға дейін мүше мемлекеттердің аумақтарында бұрын Одақ құқығына кіретін актілермен немесе мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген міндетті талаптарға сәйкес техникалық регламент күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған көрсетілген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттар болған жағдайда өнімдерді өндіруге және айналымға шығаруға жол беріледі;
Өнім мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ұлттық сәйкестік белгісімен (нарықтағы айналым белгісімен) таңбаланады. Мұндай өнімді Одақ нарығында өнімнің бірыңғай айналым белгісімен таңбалауға жол берілмейді;
г) осы тармақтың "б" және "в" тармақшаларында көрсетілген өнімнің айналымына осы өнімнің (тағайындалған ресурстың) пайдалану құжаттарымен белгіленген қызмет етуінің тағайындалған мерзімі ішінде жол беріледі. Осы өнімді пайдалану құжаттарымен белгіленген қызмет етуінің тағайындалған мерзімі (тағайындалған ресурсы) өткеннен кейін тағайындалуы бойынша пайдалануға техникалық регламенттің 84 – 90 тармақтарымен белгіленген тәртіпте қалған ресурсқа бағалау жүргізілгеннен кейін жол беріледі деп белгіленсін.
2. Ресей Федерациясы Үкіметінен:
а) зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер қағидалары мен әдістерін, соның ішінде техникалық регламент талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестілігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) бойынша бағдарлама жобасын;
б) оларға қатысты кедендік декларация тапсыру техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігі туралы құжатты ұсынумен ілесе жүргізілетін өнімдер тізбесінің жобасын мүше мемлекеттермен бірлесе отырып әзірлеуді және техникалық регламент күшіне енген күнге дейін Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынуды қамтамасыз ету сұралсын.
3. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің Еуразиялық экономикалық одақтың "Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентін қабылдау туралы шешімі күшіне енген күннен бастап, бірақ ерте дегенде осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |