Кеден одағының Кеден кодексі 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Моторлы көлік құралдарының салондарында температура мен ауа ылғалдығының қажетті параметрлерін ұстап тұру үшін пайдаланылатын, ауа баптау жүйесі құрамында қолдануға арналып қойылған конденсаторлар мен буландырғыштар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8415 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |