Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 146-бабы 4-тармағының 12-тармақшасына, 371-бабының 12-тармағына және 373-бабының 13-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Мыналар:
а) Кодекстің 146-бабы 4-тармағының 12-тармақшасында көзделген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) мемлекеттік органының растауын аумағында жөнелтетін кеден органы орналасқан мүше мемлекеттің орталық кеден органына ұсынуды аумағында межелі белгіленген кеден органы орналасқан мүше мемлекеттің орталық кеден органы жүзеге асырады;
б) Кодекстің 371-бабына сәйкес құжаттардың көшірмелерін және (немесе) мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салуды жіберу және орындау мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары арасындағы да, мүше мемлекеттердің тікелей аумақтық кеден органдары арасындағы да өзара іс-қимыл шеңберінде жүзеге асырылады.
Егер сұрау салуды жіберу қажет мүше мемлекеттің кеден органын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, бір мүше мемлекеттің орталық кеден органы басқа мүше мемлекеттердің орталық кеден органдарына сұрау салуды жіберуді жүзеге асырады;
в) Кодекстің 373-бабына сәйкес кедендік бақылау жүргізу туралы тапсырмаларды жіберуді және орындалуын қамтамасыз етуді мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары жүзеге асырады.
Мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары белгілеген жағдайларда, кедендік бақылау жүргізу туралы тапсырмаларды жіберуді және орындалуын қамтамасыз етуді мүше мемлекеттердің аумақтық кеден органдары жүзеге асыруы мүмкін деп белгіленсін.
2. Осы Шешімді қолдану мақсаттары үшін:
а) мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары деп:
Армения Республикасы үшін – Армения Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік кірістер комитеті;
Беларусь Республикасы үшін – Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті;
Қазақстан Республикасы үшін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;
Қырғыз Республикасы үшін – Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі;
Ресей Федерациясы үшін – Федералдық кеден қызметі түсіндіріледі;
б) мүше мемлекеттердің аумақтық кеден органдары деп:
Армения Республикасы үшін – кедендер, кедендік бекеттер;
Беларусь Республикасы үшін – кедендер;
Қазақстан Республикасы үшін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелері, кедендер;
Қырғыз Республикасы үшін – кедендер;
Ресей Федерациясы үшін – өңірлік кеден басқармалары, кедендер түсіндіріледі.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |