Кеден одағының Кеден кодексі 215-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 14 қазандағы "Кеден одағының тауарларын кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыру шарттары туралы" № 413 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) атауындағы "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 1-тармақта:
мәтін бойынша "Кеден одағының", "кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
"КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН, шикі мұнайды қоспағанда (ЕАЭО СЭҚ ТН 2709 00 900 коды)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"әкетілетін" деген сөз алдынан "Ресей Федерациясының аумағынан" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |