2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 19 шешімімен белгіленген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) ЕАЭО СЭҚ ТН 1803 10 000 0 және 1804 00 000 0 кодтарымен сыныпталатын майсызданбаған какао-пастаға және какао-майына, какао-майға қатысты кедендік құнның 0 пайызы мөлшеріндегі кедендік әкелу баждары ставкаларының қолданылу мерзімі 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылсын.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 1803 10 000 0 және 1804 00 000 0 кодтарындағы позицияларда Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі ескертуіне "4С)" сілтемесі "49С)" сілтемесімен ауыстырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертулер мынадай мазмұндағы 49С ескертумен толықтырылсын:
"49С) Кедендік құнының 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы 01.01.2018 – 31.12.2019 аралығында қолданылады.".
3. Осы Шешім 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |