2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) ЕАЭО СЭҚ ТН 3212 10 000 0 кодымен сыныпталатын бедерлеуге арналған фольгаға қатысты кедендік әкелу бажының ставкасы 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап қоса алғанда 2019 жылғы 31 тамызға дейінгі аралықта кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) төртінші графадағы ЕАЭО СЭҚ ТН 3212 10 000 0 коды бар позиция ескертпеге "54С" деген сілтемемен толықтырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 54С ескертпесімен толықтырылсын:
"54С Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы 01.09.2017 бастап қоса алғанда 31.08.2019 ж. дейінгі аралықта дейінгі аралықта қолданылады.".
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 113 шешімімен бекітілген Армения Республикасы өтпелі кезең ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарын оларға қатысты қолданатын тауарлар мен ставкалардың тізбесінде:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 3212 10 000 0 коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициямен ауыстырылсын:
"3212 10 000 0 – бедерлеуге арналған фольга 0 0 0** 2** 4** БКТ ставкасы";
б) екінші сілтеме мынадай редакцияда жазылсын:
"**Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап қоса алғанда 2019 жылғы 31 тамызға дейінгі аралықта қолданылады.".
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |