2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне №2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Мыналар:
а) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 51 шешімімен өзгерістер енгізілген, өнімнің Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 797 шешімімен қабылданған Кеден одағының "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінде (КО ТР 007/2011) (бұдан әрі – техникалық регламент) белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 51 шешімі күшіне енетін күнге дейін берілген немесе қабылданған құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады;
б) осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттар бар болған жағдайда, техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді өндіруге және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына айналымға шығаруға осындай құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жол беріледі;
в) техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын, осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданысы кезеңінде айналымға шығарылған өнімнің айналымына осындай өнімнің жарамдылық мерзімі (қызмет мерзімі) ішінде жол беріледі деп белгіленсін.
2. Кеден одағының "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 007/2011) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 51 шешімімен енгізілген өзгерістердің күшіне енген күнінен бастап 12 ай ішінде 3 жастан асқан балалар мен жасөспірімдерге арналған тіс щеткаларын, токтың химиялық көздерінен қоректенетін электр тіс щеткаларын, қызыл иекке арналған массажерлерді және басқа да осыған ұқсас бұйымдарды сәйкестікті міндетті бағалау туралы құжаттарсыз және Еуразиялық экономикалық одақтың нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбаламай өндіруге және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына айналымға шығаруға жол беріледі.
Көрсетілген өнімнің айналымына осы өнімнің жарамдылық мерзімі (қызмет мерзімі) ішінде жол беріледі.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 51 шешімі күшіне енгеннен кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |