2015 жылғы 16 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына тауарларды әкелудің және олардың айналысының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 желтоқсандағы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" № 165 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 166 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 25 қазандағы "Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тауарларының жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкаларын белгілеу туралы және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 116 шешімінде:
3-тармақтың күші жойылды деп танылсын;
4-тармақта:
бірінші абзацтағы "3-тармақты қоспағанда" деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацтың күші жойылды деп танылсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 25 қазандағы "Құрамында қымбат металдар бар немесе қымбат металдардың қоспасы бар минералдық шикізаттың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкаларын белгілеу туралы және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 117 шешімінде:
3-тармақтың күші жойылды деп танылсын;
4-тармақта:
бірінші абзацтағы "3-тармақты қоспағанда" деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацтың күші жойылды деп танылсын.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 1 қарашадағы "Қымбат бағалы металдардардың қалдықтары мен сынықтарына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажы ставкасының қолданыс мерзімін ұзарту туралы және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 128 шешімінде:
3-тармақтың күші жойылды деп танылсын;
4-тармақта:
бірінші абзацтағы "3-тармақты қоспағанда" деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацтың күші жойылды деп танылсын.