Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 44-тармағын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 5 шілдедегі "Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу, бағалық реттеу және мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар жөніндегі консультативтік комитет туралы" № 200 шешімінің 3-тармағының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |